Құжат мәтініне өту

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық · № 346 · қабылданған 20.07.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-67078/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Бұйрық ·№ 346 ·20.07.2012
15.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Бұйрық ·№ 346 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346
Қабылданған күні
20.07.2012
Көрсетілген редакция
15.03.2013 AI67078_5.kaz
Соңғы өзгеріс
15.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1200007836
ЭКБ идентификаторы
67078
Редакция идентификаторы
AI67078_5
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:46

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 29.12.2012 № 584 бұйрығымен.

2 2. «Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiнде:
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жоспарлы кезеңге арналған жылжымалы негiзде жыл сайын әзiрленедi.
Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижені ғана көрсетеді.»;
61-тармақта:
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
6) «Бюджеттiк бағдарламаның түрi» деген жолында:
«6) «мемлекеттiк басқару деңгейiне байланысты» деген жолында мемлекеттiк басқару деңгейiне қарай мыналарға;
республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн республикалық облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң құрамында бекiтiлетiн облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн аудандық (қалалық);
республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында бекiтiлетiн қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң бюджеттiк бағдарламалары болып бөлiнедi;
«мазмұнына байланысты» деген жолында бағдарлама мазмұнына байланысты бюджеттiк бағдарламаның түрi;
мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан шығатын мемлекеттiк қызметтердi көрсету;
трансферттер мен бюджеттiк субсидиялар беру;
бюджет кредиттерiн беру;
бюджеттiк инвестицияларды жүзеге асыру;
күрделi шығыстарды жүзеге асыру;
мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау көрсетiледi;
нысаналы салым салу;
«iске асыру тәсiлiне қарай» деген жолында жеке не бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламалар көрсетiледi;
«ағымдағы/даму» деген жолы бойынша ағымдағы бюджеттiк бағдарлама не даму бюджеттiк бағдарламасы көрсетiледi.»;
10), 11), 12) және 13) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) «Тiкелей нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда бюджеттік бағдарламаның қойылған мақсатына қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламаны іске асыру нәтижелерін көрсететін сандық не сапалық көрсеткіштер көрсетіледі;
11) «Түпкiлiктi нәтиже көрсеткiштерi» деген жолда халықтың өмiрiнiң деңгейi мен сапасының нысаналы жағдайының (жағдайының өзгеруiнiң), әлеуметтiк саланың, экономиканың, қоғамдық қауiпсiздiк пен бюджеттiк бағдарламаны iске асырудың тiкелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негiзделген басқа мемлекеттiк басқарудың салаларының (аяларының) көрсеткiштерi келтiрiледi. Осы жол мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша толтырылмайды;
12) «Сапа көрсеткiштерi» деген жолда бюджеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің оны алушылардың үміттеріне және мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес келу деңгейін көрсететін көрсеткіштер көрсетіледі. Осы жол мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша толтырылмайды;
13) «Тиiмдiлiк көрсеткiштерi» деген жолда бюджет қаражатының бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып, ең үздiк тiкелей нәтижеге қол жеткiзу деңгейiн немесе бюджет қаражатының аз көлемiн пайдалана отырып, тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi көрсететiн көрсеткiштер келтiрiледi. Осы жол мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша толтырылмайды;»;
63-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихат аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының жобалары тиісті жергілікті бюджет бекітілгеннен кейін пысықталады және ағымдағы қаржы жылының 30 желтоқсанына дейін тиісті мәслихат хатшысы бекітеді.»;
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 20 шілдедегі № 346
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының
Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын
жасау ережесiне 5-қосымша
нысан
Стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
__________________________________________________
бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
______________________________________________
бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы
_____________________ жылдарға арналған
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның нор­ма­тив­тiк құқық­тық негiзi
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның си­патта­ма­сы (негiз­де­ме­сі)
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның түрi
мем­ле­кет­тiк бас­қа­ру дең­гей­iне бай­ла­ны­сты
маз­мұ­ны­на бай­ла­ны­сты
iс­ке асы­ру тәс­iлiне қа­рай
ағым­да­ғы/да­му
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның мақ­са­ты
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­ның мiн­дет­терi
Бағ­дар­ла­ма­ны iс­ке асы­ру жө­нін­де­гі iс-ша­ра­лар
жос­пар­лы ке­зең­де іс­ке асы­ру мер­зі­мі
1
2
3
4
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма көр­сет­кi­ш­терiнiң ата­уы
өл­шем бiр­лi­гi
есеп­тi жыл
ағым­да­ғы жыл жос­па­ры
жос­пар­лы ке­зең
1
2
3
4
5
6
7
Тi­ке­лей нәти­же көр­сет­кi­ш­терi
Түп­кiлiк­тi нәти­же көр­сет­кi­ш­терi
Са­па көр­сет­кi­ш­терi
Тиiм­дiлiк көр­сет­кi­ш­терi
Бюд­жет­тiк қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мi
мың.
тең­ге
осы жолдары мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарлама бойынша толтырылмайды.

Қолданыстағы