О присвоении наименований улицам населенных пунктов, относящихся к Кемпирсайскому сельскому округу Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кемпірсай ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және тұрғындардың пікірін ескере отырып, Кемпірсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Кемпірсай ауылдық округіне қарасты елді мекендер - Жосалы ауылы, Кемпірсай ауылы, Қарабұтақ селосы көшелеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес атау берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды ауылдық округ әкім аппаратының бас маманы А. Байкеноваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жосалы ауылы
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Кемпірсай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 2 шешіміне қосымша Жосалы ауылы № 1 көшеге – Еңбекшілер атауы; № 2 көшеге - Тың жер атауы; № 3 көшеге - Самал атауы; № 4 көшеге - Жаңа қоныс атауы; № 5 көшеге - Жағалау атауы; № 6 көшеге - Жасыл атауы; № 7 көшеге - Бұлақ атауы; № 8 көшеге - Бауырластар атауы; № 9 көшеге - Мектеп атауы; № 10 көшеге - Тәуелсіздік атауы. Кемпірсай ауылы № 1 көшеге - Орталық атауы. Қарабұтақ ауылы № 1 көшеге - Амангелді Иманов атауы; № 2 көшеге - Ыбырай Алтынсарин атауы; № 3 көшеге - Жоныс Үкібаев атауы; № 4 көшеге - Юрий Гагарин атауы.