Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Ащысай Каратурыкского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7)-тармақшасына және Еңбекшіқазақ ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2012 жылғы 07 маусымдағы N 38 ұсынысы негізінде, Қаратұрық селолық округ әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылына ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринарлық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратұрық селолық округ әкімінің орынбасары Сокуров Бауыржан Жұмақанұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.