О государственном учреждении «Северо-Казахстанский комитет по управлению коммунальной собственностью и приватизации» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 20.01.2005 № 4 шешімімен «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.04.99ж. № 405 Қаулысын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі № 994 Қаулысының негізінде коммуналдық меншікті басқару процесін қамтамасыз ету мақсаттарында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 1998 жылғы 12 ақпандағы № 39 шешімімен құрылған «Мүліктік жалдау орталығы» мемлекеттік мекемесі облыстық Әділет басқармасында «Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитеті» (ілгеріде-Комитет) мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелсін.
Тармақ 2.1
2.1. Қосымшаға сәйкес Комитет туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Комитет аппаратының сандық құрамының лимиті 26 адам деп белгіленсін, 1 бірлік жеңіл қызметтік көлік ұстау рұқсат етілсін. Комитеттің кұрылымы мен штаты 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін. Комитеттің лауазымды тұлғаларына мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтар таралаатындығы аталсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы департаментіне (Омаров Ж.И.) 2000 жылдың 1 қаңтарынан Комитеті облыстық бюджет есебінен қаржыландыру көзделсін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті коммуналдық меншікті басқару жөніндегі құжаттарды, құқықты және міндеттерді тапсыру актісі бойынша тапсырсын, ал Комитет оны қабылдасын.
Тармақ 6
6. Комитеттің құрылуына байланысты облыс әкімінің ұйымдық-инспекторлық бөлімі (Корабельников А.А.) белгіленген тәртіпте облысты басқару сызбасына сәйкес өзгерістер енгізсін.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына жалпы бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф .Вербнякке жүктелсін.
Басқа 8
1 қосымша Облыс әкімінің 1999 жылғы 29.12.99 ж. № 257 шешімімен БЕКІТІЛДІ «Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитеті» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1.1
1.1. «Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитеті» мемлекеттік мекемесі (ілгеріде - Комитет) Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы мемлекеттік коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік жүргізу жөніндегі өкілеттікттікті жүзеге асырушылар, коммуналдық меншіктерді сатушы ретіндегі оның мүдделерін қорғайтын бірден-бір өкілі мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Комитет өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына заңды және заңға бағынатын нормативтік қүқықтық актілерге, соның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 1.3
1.3. Комитет мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды түлға болып табылады, банкте есеп шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар бланкілер мен мөрлері болады.
Тармақ 1.4
1.4. Комитет «Солтустік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті» мемлекеттік мекемелерінің коммуналдық меншіктерді басқару мәселелерінде және «Мүліктік жалдау орталығының» тапсыру актісіне сәйкеб коммунналдық меншікті жалға беру мәселелерінде» мүліктік және баска құқықтар мен міндеттердің иеленушісі болып табылады.
Тармақ 1.5
1.5. Комитет құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып табылады.
Тармақ 1.6
1.6. Комитеттің толық атауы: «Коммуналдық меншікті-баскару және жешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитеті».
Тармақ 1.7
1.7. Комитеттін заңды мекен жайы: 642015 Қазақстан Республикасы, Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 38.
Тарау 2. 2. Максаттары, міндеттері және комитеттің өкілеттігі.
2. Максаттары, міндеттері және комитеттің өкілеттігі.
Тармақ 2.1
2.1. Комитет қызметінің негізгі мақсаты коммуналды меншіктерді барынша тиімді пайдалану болып табылады.
Тармақ 2.2
2.2. Көрсетілген мақсатка жету үшін комитет төмендегі міндеттерді шешеді:
Тармақша 2.2.1
2.2.1. Коммуналды мүлікті ұтымды басқару;
Тармақша 2.2.2
2.2.2. Коммуналдық меншікті экономикалық жағынан негізделген жеке бәсекелестік ортаға беру.
Тармақ 2.3
2.3. Мыналар комитеттің негізгі қызмет түрлері болып табылады:
Тармақша 2.3.1
2.3.1. Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы Қазақстан Республикасының меншік қатынастарын реттеу, саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 2.3.2
2.3.2. Коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және билік жүргізу жөніндегі өкілеттікті жүзеге асыру;
Тармақша 2.3.3
2.3.3. Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы меншік және оның мүліктік құқын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекет мүддесін корғау (өкілдік ету);
Тармақша 2.3.4
2.3.4. мемлекеттік комуналдық меншіктің нысандар түзілімін жүргізу;
Тармақша 2.3.5
2.3.5. мемлекеттік коммуналдық меншікті пайдалануға бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2.3.6
2.3.6. мемлекеттік коммуналдық меншікті басқару жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне әдістемелік басшылық пен сала аралық үйлестірулерді жүзеге асыру;
Тармақша 2.3.7
2.3.7. шаруашылык жүргізуші серіктестіктердің мемлекеттік үлестерін, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік пакеттерін басқару, олардың басқару органдарында мемлекеттің мүдделерін қорғау (өкілдік ету);
Тармақша 2.3.8
2.3.8. қажет болған жағдайда тәуелсіз сараптамашылар мен консультанттарды тарта отырып, жекешелендірілетін нысандарға сатуға дейін дайындық жүргізу, осы шаралар бойынша ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 2.3.9
2.3.9. коммуналдык меншіктегі нысандарды жылжыйтын және жылжымайтын мүлікті жалға беру құқында, осы процедуралармен байланысты барлық іс-шараларды өткізу, сенімділік және сыртқы басқаруға сату жөніндегі тендрлер, конкурстар мемлекеттік коммуналдық меншік нысандарын, соның ішінде акциялардың мемлекеттік пакеттерін және шаруашылық жүргізуші серіктестіктердегі қатысушылардың үлесін сатуды ұйымдастыру;
Тармақша 2.3.10
2.3.10. шаруашылык жүргізуші субъектілерімен жалға және косалқы мүліктік жалдауға, жалға беру жөніндегі келісім шарттарды, коммуналдық меншік нысандарын сенімділік және сыртқы басқаруға сату-сатып алу келісім-шарттарын жасау, тіркеу және кайта тіркеу;
Тармақша 2.3.11
2.3.11. мемлекеттік меншікті басқару және жекешелендіру туралы заңдылықтардың сакталуына бақылауды жүзеге асыру, оны пайдалануды талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу, заңды және баска нормативтік құқыктық актілерді дайындауға қатысу;
Тармақша 2.3.12
2.3.12. коммунналдык меншіктің мемлекеттік тұрғындық емес қорын түгендеу, олардын ведомстволық қарауларына қарамастан баланс ұстаушы түзілім құру және жүргізу;қолданылып жүрген заңдармен және облыс әкімінің нормативтік құқықтық актілерімен көзделген басқа да міндедтерін жүзеге асыру;
Тармақша 2.3.13
2.3.13. жалға беру төлемі ставкасын әзірлеу, мүліктік жалдауға берілетін коммуналдық меншікті бағалау.
Тармақша 2.3.14
2.3.14. коммуналдык меншік нысанын жекешелендіруден, жалға алынған мүлік үшін жалдық төлемнен түскен қаржыны есепке алу;
Тармақша 2.3.15
2.3.15. жалға алынған козғалмалы және қозгалмайтын мүліктердің нысаналы пайдаланылуын, сондай-ақ мүліктік жалдау келісім-шартының баска да шарттарының орындалуын бақылау;
Тармақша 2.3.16
2.3.16. жалға алу, мүліктік жалдау лизинг, концессия, сату-сатып алу, сенімділік және сыртқы басқаруға беру келісім-шартының шарттарын бұзатын жалға алушыларға айыптық санкциялар, соның ішінде сот тәртібімен ұсыну;
Тармақша 2.3.17
2.3.17. қолданылып жүрген заңдылықтарда және облыс әкімінін нормативтік-құқыктық актілерімен көзделген баска да міндеттерді жүзеге асыру;
Тармақша 2.3.18
2.3.18. өз күзіреті аясындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен өзара байланыс пен ынтымақтастықты ұйымдастыру;
Тармақ 2.4
2.4. Оған жүктелген міндеттер мен қызметтерді атқару үшін Комитет өз құзіреті аясында мыналарға құқылы
Тармақша 2.4.1
2.4.1. қолданылып жүрген заддарға сәйкес коммуналдык меншік нысандарын, соның ішінде шаруашылық жүргізуші серіктестердегі мемлекеттік акция пакеттері мен шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекетке қатысты үлесін сату жөніндегі саудалар өткізу;
Тармақша 2.4.2
2.4.2. банкроттықтын алдын алу, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші серіктестіктер мен мемлекеттін қатысуымен акционерлік қоғамдардың санатциялау және құрылымсыздандыру;
Тармақша 2.4.3
2.4.3. коммуналдық меншіктегі мемлекеттік нысандарды жекешелендірудің нақтылы түрлері мен әдіістері айқындалсын. коммуналдақ меншік нысандарын соның ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін және шаруашылык серіктестіктеріндегі мемлекетке қатысты үлесін кепілдікке, жалдауға, концессияға, лизингке, жалға, сыртқы және сенімділік баскаруға сату және беру барысындағы өзара міндеттердің шарттары мен сипаттарын айкындауға және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2.4.5
2.4.5. облыс әкіміне коммуналдық меншік нысандарын, сонын ішінде мемлекеттің катысуымен шаруашылык серіктестігін құру, қайта ұймдастыру және жою мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2.4.6
2.4.6. облыс әкімінің бекітілген сметасына қарай мемлекеттік коммуналдық нысандарды сатудан алынған каржының бір бөлігі жекешелендірілетін нысандарды сатар алдындағы дайындык шығындарын қаржыландыру, сауда, тендер, конкурстар ұйымдастыру және өткізу, жекешелендірүден кейінгі бақылауды жүргізу, қайта ұйымдастыру санациялау, заңды және жеке тұлғаларды сараптамашы жоне консультанттар ретінде келісім-шарт негізінде тарту үшін пайдаланылсын;
Тармақша 2.4.7
2.4.7. жергілікті атқарушы органдардан, заңды тұлғалардан мемлекеттің қатысуымен қажетті қаржылық және де басқа құжаттарды, сондай-ак коммуналдық меншікі і пайдалануға байланысты мәселелер жөніндеі ақпараттарды тегін негізде сұратуға және алуға;
Тармақша 2.4.8
2.4.8. комитеттін құзіретіне енетін мәселелер бойыншу заңдардың орындалуына бақылау мен тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 2.4.9
2.4.9. мемлекеттік тұрғындык емес қордын үй-жайларын пайдалану жөнінде тексерістер жүргізу;
Тармақша 2.4.10
2.4.10. мүліктік жалдаудың, сату-сатып алудын, сенімділік және сырткы басқарудың келісім шартын, сондай-ақ мемлекеттік турғындык емес кордың үй-жайларын мүліктік жалдауға берудің ережелерін бұзуға кінәлі лауазымды тұлғалар мен азаматтарды белгіленген заңды тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізу.
Тарау 3. 3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру.
3. Комитеттің қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 3
3. Комитетті облыс әкімі тағайындаған бастық басқарады. Комитет басқармасының облыс әкімімен келісе отырып, тағайындайтын орынбасары болады.
Тармақ 3.2
3.2. Комитет бастығы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершілік ұстайды.
Тармақ 3.3
3.3. Осы мақсаттар үшін бастык мыналарды жүзеге асырады:
Тармақша 3.3.1
3.3.1. сенімхатсыз Комитет атынан әрекет етеді, барлық ұйымдарда Комитет мүддесін қорғайды:
Тармақша 3.3.2
3.3.2. заңдарда белгіленген жағдайларда және аяда келісім шарттар жасайды, сенімхаттар береді, банктік есеп-шоттар ашады;
Тармақша 3.3.3
3.3.3. өзінің орынбасары мен Комитеттің тұрғындық бөлімшелері басшыларынын міндеттерін және олардын жауапкершілік дәрежелерін айқындайды;
Тармақша 3.3.4
3.3.4. Комитет қызметкерлерін облыс әкімімен бекітілген штаттык кестеге сәйкес қызметке тағайындайды және одан босатады;
Тармақша 3.3.5
3.3.5. Комитет қызметкерлеріне тәртіптік жаза береді;
Тармақша 3.3.6
3.3.6. өз құзіреті аясында Комитет қызметкерлері үшін орындау міндетті болып табылатын нормативтік құкықтық актілер шығарады;
Тармақша 3.3.7
3.3.7. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 3.3.8
3.3.8. өз құзіреті аясында мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қолданылып жүрген заңдарга сәйкес Комитет атынан сойлейді;
Тармақша 3.3.9
3.3.9. Онын құзіретіне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 3.4
3.4. Оның құзіретіне жатқызылған және белгіленген тәртіпте қабылданған мәселелер бойынша комитеттің шешімі барлық ұйымдар мен лауазымды тұлғалар үшін атқару міндетті болып табылады.
Тармақ 3.5
3.5. Комитет қабылдайтын шешімдер қаулылармен және бұйрықтармен ресімделеді.
Тарау 4. 4. Мүлікті құру және Комитетті қаржыландыру тәртібі.
4. Мүлікті құру және Комитетті қаржыландыру тәртібі.
Тармақ 4.1
4.1. Комитеттің мүлкі мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылады және оған оперативтік басқару құқында тиесілі болады.
Тармақ 4.2
4.2. Комитет аппаратын ұстау шығындарын қаржыландыру облыстық бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 4.3
4.3. Қызметкерлер саны мен Комитетті ұстау шығындарының сметасы Комитет бастығынын ұсынуымен облыс әкімімен бекітіледі.
Тармақ 4.4
4.4. Комитет бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп ұсынады.
Тармақ 4.5
4.5. Комитеттің-қаржылык шаруашылық кызметін тексеру және ревизиялау заңды тәртіпте белгіленген уәкілетті органдармен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Комитеттің жауапкершілігі.
5. Комитеттің жауапкершілігі.
Тармақ 5.1
5.1. Комитет өзінін міндеттемелері бойынша оның билігіндегі ақшамен жауап береді.
Тармақ 5.2
5.2. Келісім-шарт міндеттемелері бойынша Комиттеттің жауапкершілігі заңдарға сәйкес комитетті ұстауш бекітілген смета шеңберінде болады.
Тармақ 5.3
5.3. Комитетпен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазакстан Республикасының заңдарымен айқындалған тәртіпте тіркелуге жатады.
Тарау 6. 6. Комитетті жою
6. Комитетті жою
Тармақ 6.1
6.1. Комитетті қайта ұйымдастыру немесе жою Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 78
Облыс әкімінің 1999 жылғы 29 желтоқсан № 257 шешіміне 2 косымша Коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан комитетінің құрылымы мен штаттық кестесі Бөлімдер мен лауазымдардың атауы Саны Бастық 1 Бастықтың орынбасары 1 Хатшы-машинист 1 Барлығы 3 1.Коммуналдық меншіктерді үлесі бар заңды тұлғалар мен жұмыс жөніндегі бөлім Бөлім бастығы 1 Бас маман 3 Жетекші маман 2 Барлығы 6 2.Коммуналдық меншікті жекешелендіру және әлеуметтік салалар нысандары мен жылжымайтын мүлікті пайдалануды бақылау жөніндегі бөлім Бөлім бастығы 1 Бас маман 3 Жетекші маман 2 Барлығы 6 3.Заң қызметі, ақшалай қаржыны бақылау және бөлу бөлімі Бөлім бастығы 1 Бас маман 1 Жетекші маман 1 Бас маман-аудармашы 1 Бас маман-заңгер 1 Барлығы 5 4.Мемүлікті жалға беру жөніндегі бөлім Бөлім бастығы 1 Бас маман 2 Жетекші маман 2 Барлығы 5 Жүргізуші 1 Бардығы 26