Об изменении границ и образовании отдельных сельских округов Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.02.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жекелеген селолық округтердің шекараларын өзгерту және оларды құру туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және мәслихаттар мен аудандар әкімдерінің бірлескен ұсынымдары негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ: - облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін: Атбасар ауданы бойынша.
Тармақ 1
1. Шұңқыркөл селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Ново-Мариновское селосының шегінде орталығы Ново-Мариновское селосы болып Ново-Мариновский селолық округі және Шұңқыркөл, Қайрақты селоларының шегінде орталығы Шұңқыркөл селосы болып Шұңқыркөл селолық округі құрылсын.
Тармақ 2
2. Сочи селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Сочи селосының шегінде орталығы Сочи селосы болып Сочи селолық округі және Сепе селосы шегінде орталығы Сепе селосы болып Сепе селолық округі құрылсын.
Тармақ 3
3. Борисов селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Борисовка селосының шегінде орталығы Борисовка селосы болып Борисов селолық округі және Садовое, Пригородное, Смирновка селоларының шегінде орталығы Садовое селосы болып Садовый селолық округі құрылсын.
Тармақ 4
4. Ново-Александровка селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Ново-Александровка селосының шегінде орталығы Ново-Александровка селосы болып және Адыр станциясының шегінде орталығы Адыр станциясы болып Адыр селолық округі құрылсын.
Тармақ 5
5. Покровский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Покровка селосының шегінде орталығы Покровка селосы болып Покровский селолық округі және Полтавка, Титовка селоларының шегінде орталығы Полтавка селосы болып Полтавка селолық округі құрылсын. Шортанды ауданы бойынша.
Тармақ 1
1. Андреев селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Андреевка, Октябрьское, Новоременка селоларының шегінде орталығы Андреевка селосы болып, Петровка, Белое озеро, Новокавказское селоларының, Қара адыр станциясының шегінде орталығы Петровка селосы болып Петровский селолық округі және Пригородное, Камышенка, Баскөл селоларының шегінде орталығы Пригородный селосы болып Пригородный селолық округі құрылсын.
Тармақ 2
2. Новокубанский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Новокубанка, Алтайское селоларының шегінде орталығы Новокубанка селосы болып Новокубанский селолық округі және Раевка, Гуляй-Поле, Егемен, Новографский селоларының шегінде орталығы Раевка селосы болып Раевский селолық округі құрылсын.
Тармақ 3
3. Казциковский селолық округінің шекарасы өзгертіліп, Бектау, Конкрынка, Барышевка, Қаражар, селоларының шегінде орталығы Бектау селосы болып Казциковский селолық округі, Новоселовка, Ошақ, Первомайское, Новопервомайское, Қаратөбе, Зерновое селоларының шегінде орталығы Новоселовка селосы болып Новоселовский селолық округі құрылсын.