Об изъятии земельного участка и предоставлении права временного землепользования Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскесін алу және уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. «Жер уралы» 1995 жылғы 22 желтоқсандағы және «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдаланушылар туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес:
Тармақ 1
1. Сатып алу арқылы ҚР IIМ Түзету қызметi бас басқармасы УЛ 154/4 мекемесiнiң пайдаланатын жерлерiнен жалпы көлемi 10,0 гектар, оның iшiнде табиғи жайылымдар 8,0 га, тал-шiлiктер 2,0 га жер учаскесi алынсын.
Тармақ 2
2. Алынған жер учаскесi жалға алу құқығымен 5 жылдық мерзiмге «Құрылыс құм» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне құм карьерiн пайдалану үшiн берiлсiн.
Тармақ 3
3. «Құрылыс құм» ЖШС: - ауыл шаруашылығы айналымынан жердiң алынуына байланысты ҚР IIМ Түзету қызметi бас басқармасы УЛ 154/4 мекемесiне ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығыны мен зиянын белгiленген тәртіп бойынша өтесiн; - келiсiм-шартқа сәйкес Целиноград ауданы әкiмiнен жалға алу құқығын сатып алсын.
Тармақ 4
4. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi Ақмола облыстық комитетi жер есепке алу құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн.