Об установлении перечня финансовых инструментов, разрешенных к приобретению только за счет средств квалифицированных инвесторов Қолданыста
Басқа 0
Тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке тұлғалар болып табылатын білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының мынадай тізбесі белгіленсін:
Тармақша 1
1) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған және қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын, қор биржасында айналысқа түсетін бағалы қағаздар тізімдеріне енгізілмеген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының бағалы қағаздары және (немесе) өзге де қаржы құралдары;
Тармақша 2
2) тәуекелді инвестициялау инвестициялық қорлардың акциялары және (немесе) пайлары;
Тармақша 3
3) туынды бағалы қағаздар және (немесе) өзге де туынды қаржы құралдары;
Тармақша 4
4) жеке орналастыруға жататын облигациялар;
Тармақша 5
5) өтеу мерзімі жоқ облигациялар;
Тармақша 6
6) инвестициялық облигациялар;
Тармақша 7
7) шығару шарттарында қаржы құралдары тек білікті инвесторларға арналған және (немесе) бөлшек инвесторларға арналмаған деп көзделген қаржы құралдары.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1-тармағының 3) және 5) тармақшаларының талаптары инвестициялық қордың инвестицияларына қолданылмайды.
Тармақ 2-1
2-1. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге де қаржы құралдары ұстаушылардың жеке шоттарына мұраға алу тәртібімен аударылатын, сондай-ақ сот актілері негізінде берілетін атқару парақтарын орындау кезіндегі жағдайларды қоспағанда, номиналды ұстаушы және (немесе) орталық депозитарий жеке тұлғалар болып табылатын тек қана білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге де қаржы құралдарын білікті инвесторлар болып табылмайтын ұстаушылардың жеке шоттарына аудармайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 79 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7471 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2012 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Туынды қаржы құралдарының базалық активтері
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 228 қаулысына
1-қосымша
Туынды қаржы құралдарының базалық активтері
Басқа 2. Халықаралық қор биржалары таныған сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 27 шілдедегі
№ 228 қаулысына
2-қосымша
Халықаралық қор биржалары таныған сауда-саттықты ұйымдастырушылар тізімі