О статусе столицы Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 21.07.2007 № 296 Заңымен. Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының құқықтық мәртебесін, жұмыс істеуінің ұйымдық-саяси және экономикалық негіздерін айқындайды.
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының астанасы - мемлекеттің әкімшілік-саяси орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының, Бас Прокуратурасының және орталық атқарушы органдарының орналасқан жері.
Тармақ 3
3. Жекелеген орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы астанасынан тыс жерлерде орналасуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондары және Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекет астанасындағы Резиденциясында сақталады.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесін құқықтық реттеу
2-бап. Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесін құқықтық реттеу Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесін құқықтық реттеу және оның жұмыс істеуі Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жүзеге асырылады.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасы астанасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттіктері
3-бап. Қазақстан Республикасы астанасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Астанада жергілікті мемлекеттік басқаруды Қазақстан Республикасы астанасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы астанасының әкімін қызметке Премьер- Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы астанасының өкілді органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) қаланың Қазақстан Республикасының астанасы міндеттерін жүзеге асыруын ескере отырып, астананың бюджетін, оның атқарылуы туралы есептерді, аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын бекітеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымына сәйкес бекiтедi.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктерімен қатар Қазақстан Республикасы астанасының атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар мен ғимараттар салуға арнап жер учаскелерін береді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес ұйымдар мен жеке тұлғалардың мұқтаждары үшін үйлер, құрылыстар мен ғимараттар салуға арнап жер учаскелерін береді;
Тармақша 2-1
2-1) мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жердi алып қою (сатып алу) туралы шешімдер қабылдайды, бұл орайда жер учаскелерінің меншік иелері немесе мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар учаскелердi алдағы кездегi алып қоюдан (сатып алудан) кемiнде үш ай бұрын бұл жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жазбаша хабардар етiлуге тиiс;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктеріне коммуналдық меншіктегі үйлерді, құрылыстар мен ғимараттарды береді;
Тармақша 4
4) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалары мен жергілікті бюджетті әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының астанасында жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шараларды өткізу үшін қажетті жағдайлар жасайды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы астанасының экологиялық қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады және оны қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының астанасын басқару схемасын әзірлеп, оны жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады;
Тармақша 7-1
7-1) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген коммуналдық мүлік тізбесін бекітеді, республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы астанасының аумағында тіркелген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді, пайдалануды және оларға билік етуді жүзеге асырады;
Тармақша 7-2
7-2) Астана қаласының коммуналдық меншігін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асырады;
Тармақша 7-3
7-3) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына әкелінген тауарлар мен жабдықтардың құрылыс процесінде пайдаланылған фактісін растайтын құжаттарды салық органының сұрау салуы бойынша бір ай мерзімде береді;
Тармақша 7-4
7-4) "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы құрылыс процесіне қатысатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін жүргізеді;
Тармақша 7-5
7-5) шаруашылық жүргізуші субъектілермен "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметті жүзеге асыру жөнінде шарттар жасасады.
Тармақша 8
8) алып тастау
Тармақ 5
5. Астананың өкілді және атқарушы органдары бірлескен шешімімен Қазақстан Республикасының Үкіметіне астананың әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы ұсыныстар енгізеді. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2001.07.10. N 227-II Заңымен. ЕСКЕРТУ. 3-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2001.07.10. N 228-II Заңымен. Ескерту. 3-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.21. N 312 Заңымен , өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
Бап 3-1. 3-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою (сатып алу) ерекшелiктерi
3-1-бап. Жер учаскелерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою (сатып алу) ерекшелiктерi
Тармақ 1
1. Жер пайдалану құқығын сатып алған меншiк иелерi мен мемлекеттiк емес жер пайдаланушылардан мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою алдағы кезде жер учаскелерiн сатып алуға дейiн үш айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оларды мiндеттi түрде хабардар ете отырып сатып алу тәртiбiмен жүзеге асырылады. Меншiк иелерi немесе жер пайдаланушылар осындай хабар алған күннен үш ай өтпей тұрып жер учаскесiн сатып алуға меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiнiң жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн сатып алу туралы шешiммен келiспесе не сатып алынатын жер учаскесiнiң бағасы немесе сатып алудың басқа да шарттары жөнiнде олармен келiсiмге қол жетпесе, астананың атқарушы органы үш ай өткеннен кейiн жер учаскесiн сатып алу туралы сотқа талап қоюға құқылы.
Тармақ 2
2. Сатып алынатын жер учаскесінің бағасын анықтаған кезде оған жер учаскесiнiң немесе оған құқықтардың және онда тұрған жылжымайтын мүлiктiң нарықтық құны, сондай-ақ жер учаскесiнен айырылуына байланысты меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға келтiрiлген залалдар, олардың үшiншi тұлғалар алдындағы мiндеттемелерiн мерзiмiнен бұрын тоқтатуға байланысты шегетiн залалдарын қоса алғанда, барлық залалдар қосылады.
Тармақ 3
3. Уақытша жер пайдалануға берiлген жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алып қою, егер жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынбаған болса, сатып алынбай жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға толық көлемiнде залалдардың орны толтырылады, сондай-ақ олардың тiлегi бойынша басқа жер учаскесінің берiлуi мүмкiн. 📌 ЕСКЕРТУ. 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2001.07.10. N 227-II Заңымен. Ескерту. 3-1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.29. N 512 Заңымен .
Бап 4. 4-бап. Қазақстан Республикасының астанасындағы жергілікті өзін-өзі басқару
4-бап. Қазақстан Республикасының астанасындағы жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасы астанасының аумағында жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ сайланбалы және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 5. 5-бап. Қазақстан Республикасы астанасының рәміздері
5-бап. Қазақстан Республикасы астанасының рәміздері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы астанасының өз рәміздері болады.
Тармақ 2
2. Рәміздердің сипаттамасы мен оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы астанасының экономикалық негізі
6-бап. Қазақстан Республикасы астанасының экономикалық негізі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы астанасының өз міндеттерін жүзеге асыруы үшін экономикалық негізді оның коммуналдық меншігі құрайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының астанасында немесе оның жекелеген аумақтарында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнайы экономикалық режимдер енгізілуі мүмкін.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасы астанасының бюджеті
7-бап. Қазақстан Республикасы астанасының бюджеті Астананың бюджеті Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құралады.
Бап 8. 8-бап. Халықаралық байланыстар
8-бап. Халықаралық байланыстар Астананың өкілді және атқарушы органдары өз өкілеттіктері шегінде халықаралық қатынастарды жүзеге асыруға қатысады.