Об изменении в административно-территориальном устройстве города Павлодара Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11-бабының 3) тармақшасына, "Жаңаауыл ауылдық округін есептік мәліметтерден шығару және тарату туралы" Павлодар қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 318/8 және Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы № 140/7 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі "Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы" № 110/4 қаулысына сәйкес, Павлодарское селосы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Павлодар қаласының әкімшілік-аумақтық құрылымына келесі өзгерістер енгізілсін: аумағын Павлодар облысы Павлодар қаласының құрамына қосу арқылы Жаңаауыл ауылдық округі таратылсын және есептік деректерден шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.