Об установлении размеров возмещения расходов, связанных с подготовкой к перевозке тела, перевозкой тела, погребением, изготовлением и установкой надгробного памятника, сотрудникам специальных государственных органов, погибшим при прохождении службы или умершим в результате увечья (ранения, травмы, контузии), заболевания Қолданыста
Басқа 0
Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы заңының 81-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе мертігу (жаралану, жарақат алу, контузия), ауруы салдарынан қайтыс болған арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мәйіттерін жеткізуді әзірлеуге, мәйіттерін жеткізуге, жерлеуге, құлпытас дайындауға және оны орнатуға байланысты шығыстар сексен есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.