О проблемах развития культуры и искусства в Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысында мәдениет пен өнердің даму проблемалары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 30.05.2005 № 3С-12-26 шешімімен.
Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Д.Н. Мұсабековтың «Ақмола облысында мәдениет пен өнердің даму проблемалары туралы» баяндамасын тыңдап, облыстық мәслихат атқарушы және өкілді органдардың мәдениет пен өнерді дамытуда олардың халықты рухани тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру рөлін көтеру жөнінде белгілі жұмыс жүргізетіндерін атап өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауы осы рухани жүйенің проблемаларын шешуге көңіл аударуды күшейтуді ынталандырушы болып табылады.
Облыс әкімі бекіткен мәдениет пен өнерді дамытудың облыстық бағдарламасы жасалынып, жүзеге асырылуда.
2000 жылғы қаңтардың 1-іне облыстың аумағында 436 мәдениет мекемелерінің жұмыс істеуі, оның жоғары мәдени мүмкіндігінің куәсі болып табылады. Осы жылдың басынан бастап Жұмабаев атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасы, тарихи-өлкетану музейі, мемлекеттік филармония, «Көкшетау» мәдениет сарайы, орыс драма театры облыстық мәртебе алды.
Көкшетау қаласында Абылай ханға ескерткіш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Бигелдиновтың тас мүсіні орнатылып, Атбасар қаласында И. Есенберлиннің музейі ашылды.
Кітапханалардың, мәдениет мекемелерінің жүйесін кеңейтуге, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға нақты шаралар қолданылып, халық шығармашылығына көмек көрсетіліп отыр.
Солай десек те, талдау көрсеткендей, жергілікті жерлерде мәдениет пен өнерді дамыту проблемаларын шешу әдістемесінде бұрынғыдай ескіше ойлау таптаурыны, «ескі қалдық принципі» сақталып, құрылым басқармалары басшыларының осы мәселелерге ынтасы болмай отыр.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі, облыстык мәдениет сарайы, облыстық филармония ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу керек. Көркем өнерпаздар ұжымы мен концерттік-көріністілік ұжымдарды музыка, жарық-дыбыс аспаптырымен, сахна костюмдерімен, көлікпен, пәтерлермен қамтамасыз ету қажет. Облыстық орыс драма театры осы уақытқа дейін өз ғимаратынсыз, «Көкшетау» мәдениет сарайында қысылып отыр. Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры қаланың шетінде орналасқан, оған баратын автобустар қозғалысы бір қалыпқа келтірілмеген.
Дегенмен облыс аумағында көптеген сәулет және археология объектілерінің, тарихи және мәдени ескерткіштердің болуына қарамастан, облыста көне ескерткіштерді қорғау жөнінде инспекция жоқ.
Осы маңызды әлеуметтік жүйеге байланысты қаржы саясатын қайта қарау қажет. Мәдениетті жеткіліксіз қаржыландыру мәдениет қызметкерлері жалақысының көлемін қысқартуға, соның салдарынан кадрлардың кетіп қалуына әкеп соғып, музей және кітап қорларын толықтыру, тиімділік шегінде мерзімді басылымға жазылуға, көлік құралдарын сатып алу мәселелерін шешуге мүмкіндік бермейді.
Жергілікті атқарушы органдардың жекелеген басшылары мәдениет мекемелерінің мұң-мұқтажына селқос қарап, олардың адам өміріндегі қызметін жете бағаламайды.
Өткен қыста көптеген мәдениет объектілері жылусыз қалды. Мәселен, Шортанды ауданында осы уақытқа дейін бір қатар селолық мәдениет үйлерін жылыту мәселесі шешілмеген, Елизаветинская, Баскөл, Қаратөбе кітапханалары жылусыз қалған.
Еңбекшілдер ауданы клуб мекемелерінің материалдық базасы қараусыз қалған, онда 70-жылғы жиһаздар мен аспаптар тұр. Уәлиханов селолық мәдениет үйі жылытылмайды. Сандықтау ауданында Ново-Никольский, Веселовский, Васильевский, Калинин селолық кітапханалары жылусыз қалған.
Облыстың Ерейментау, Астрахан, Целиноград, Зеренді, Сандықтау, Егіндікөл, Ақкөл аудандарының бір-екіден клуб мекемелері, ал Зеренді, Астрахан аудандарының бір-бірден кітапханалары бар. Целиноград ауданының Заря, Софиевка, Новоишимка, Мәншүк селоларының клубтары істен шығу жағдайында қалып отыр. Егіндікөл ауданының орталық кітапхана жүйесі 1972 жылдан жөндеуден өтпеген. Абай, Бауман, Қорғалжын, Жолан, Ұзынкөл клубтары жөндеуді талап етеді.
Қорғалжын, Ерейментау, Егіндікөл аудандық мәдениет бөлімдерінде тіпті телефондар жоқ.
Барлық осы кемшіліктер қалалар мен аудандардың әлеуметтік дамуына, тұрғындар арасында тиімді мәдени бұқаралық жұмысты ұйымдастыру ісіне, мәдениет пен өнер жүйесінде кадр мәселелерін шешуге бүтіндей теріс әсер етеді.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар әкімдеріне, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшыларына осы маңызды істе мәдениетті қолдау жылы өзгерісті болу үшін мәдениет пен өнерді дамыту проблемаларын шешуге байыппен көңіл бөлу ұсынылсын.
Меншіктің түрлеріне байланыссыз барлық деңгейдегі бірінші басшылардың мәдениет пен өнерді дамытудың жағдайына, өздерінің қарауындағы ұжымдардағы мәдени-бұқаралық объектілерді қолдауға жауапкершіліктерін күшейту жөнінде нақты шаралар белгіленсін. Осы мәселе бойынша жасалған бағдарламалар мен шараларды жүзеге асыруға жіті бақылау жасау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихат депутаттарының барынша мәдениетті қолдау, жебеушілік пен демеушілікті дамыту, облыс таланттары жөнінде қамқорлық жасау туралы үндеуі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.):
- облыс орталығындағы мәдениет пен өнер мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізу және олардың материалдық базасын нығайту, кітаптар сатып алу, облыс кітапханаларын мерзімді басылымдарға жазылдыру үшін облыстық мәдениет басқармасын қаржыландыруға қосымша қаражат қарастырсын;
- бекітілген шығыс сметасына сәйкес мәдениет мекемелерін қаржыландыруды толық және дер кезінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет басқармасы (Мұсабеков Д.Н.), облыс аудандарының және Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдері:
- бөлінген бюджеттік қаржыны тиімді, мақсатқа сай пайдалануды бақылауды қамтамасыз етсін;
- тарих,мәдениет, сәулет ескерткшітерін қорғау туралы облыстық инспекцияның ашылуына, облыстың кітапхана қорын іріктеп жинақтауға шара қолдансын;
- мәдениет пен өнер мекемелерінің қосымша жүйесін ашып, қажетті штат бірліктерін бөліп, қолда бар кино қондырғылардың жұмысын қалпына келтіріп, істен шығуға жақын клубтар мен кітапханаларға күрделі жөндеу жүргізуді шешіп, мәдениет объектілерін қысқы жағдайда жұмыс істеруге дайындасын;
- мәдениет пен өнер мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту туралы нақты шара қолдансын;
- жергілікті жерлерде мәдени-спорттық кешендердің қажеттілігін зерттеп, қажет болған жағдайда оларды ұйымдастыру жөнінде тиісті жұмысты жүргізсін.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар, облыстық мәдениет басқармасы мәдениет пен өнер мекемелерінде мамандарды дайындау және тағайындау жұмыстарын жақсартып, олардың еңбегі мен тұрмыс жағдайын жақсарту туралы мәселелерді шешуге немқұрайды қарауға жол бермесін.
Мәдени мекемелердегі қызметкерлерді оқытуды ұйымдастырудың, адамдардағы патриоттық сезімді, ұлттық рухты, салауатты өмір салтын жүргізуде жинақталған тәжірибені зерттеп, таратудың айқын жүйесін тәртіпке келтірсін.
Дарынды жастарың кәсіби өсуіне жағдай жасап, барынша жастардың қабілеттілігін айқындап, оларға қолдау жасап, көркемөнерпаз, халық шығармашылығының барлық түрлеріне әрқашан көңіл аударсын. Театрларда, клубтар мен мұражайларда шараларды мемлекеттік тілде, сол сияқты облыста тұратын диаспоралардың тілдерінде өткізуді кеңінен қолдансын.
Тармақ 6
6. Аудандық, қалалық мәслихаттарға Қазақстан Республикасы Президентінің «2000-жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы» Жарлығының орындалу барысы туралы сессияларда қарау, жергілікті жерлерде аудандық, қалалық мәдениетті қолдау қорларын ашу және ақшадай қаражат жинау мүмкіндігін зерттеу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық телерадиокомпания, облыстық газеттердің редакциясы, облыстық мәдениет басқармасы мәдениет пен өнердің даму проблемаларын, оларды жүзеге асыруда жинақталған тәжірибені баяндап отырсын. Мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлерінің - біздің жерлестеріміздің шығармашығын насихаттасын. Мүмкіндігінше олардың еңбектері басылып шығарылсын. Мәңгі есте қалдыру мақсатында қазақстандық мәдениетке қомақты үлес қосқан көрнекті жерлестеріміздің есімі елді мекендерге, жалпы білім беретін мектептерге, өнер мекемелеріне берілсін.
Тармақ 8
8. Шешімнің орындалуына бақылау жасау жастар істері, халықтың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, туризм, спорт, ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.