Об изменении границы (черты) Турар Рыскуловского районного центра села Кулан Қолданыста
Басқа 0
Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылының әкімшілік шекарасына (шегіне) «Жамбыл облысы әкімдігінің білім беру басқармасының Құлан ауылшаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны» аумағында орналасқан жалпы көлемі 81,0 гектар жер және Құлан ауылының солтүстік жағында орналасқан мемлекеттік жер қорынан жалпы көлемі 31,0 гектар жер қосылып, Құлан ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ш. Жайлыбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.