Об утверждении Положения о примерном порядке оплаты труда безработных граждан, занятых общественными работами Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ережені бекіту жөнінде 📌 Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 19.07.2001 № 38 шешімімен Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінін №1242 4 желтоксан 1998 жылғы қаулысына, сондай-ақ қоғамдық жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматардың еңбек ақыларын төлеуге біріңғай тәртібін әзірлеу максатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Қоғамдык жұмыстармен қамтылған жұмыссыз азаматтарга төленетін еңбекақы төлеу тәртібінің үлгісі туралы Ереже бекітілсін (қоса беріледі).
Тармақ 2
2. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне (Балтабаева Ғ.Қ.) оны жүзеге асыру жөнінде және ұйымдастыру әдістемелік жұмыстарын жүргізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Петропавл қаласы мен аудандар әкіміне: - жоғарыда көрсетілген Ереженің орындалуына жағдай жасалсын; - әр түрлі халық тобын жұмыспен қамсыздандыру мақсатында ұымдастыруды ынталы пайдалану, жыл сайын қоғамдық ұйымдастыруға бағытталған ауданның (қаланың) еңбек рыногіндегі сұранысты ескере отырып; - ауданда (қалада) еңбекақы төленетін қоғамдық жұмыстар туралы ен ұйымдарды газет, теледидар арқылы кең хабарлауды қамтамасыз ету; - аймақтық, мақсатты бағдарламаны дайындағанда кабылданатын халықтың тартымды тобына қарай қоғамдық жұмыстың дамуын, оны ұйымдастыру нысандарының болжамын еске алып, оның дер уақытында қаржыландырудың бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыз азаматтарға төленетін еңбекақы үлгісі туралы Ереже облыстық «Солтүстік Қазақстан» мен «Северный Казахстан» газеттерінде жариялансын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ф.Ф.Сутуловқа жүктелсін.
Басқа 6
Облыс әкімінің № 131 шешімімен бекітілген "30"маусым 2000 ж. Қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыз азаматтарға еңбекақы төлеудің үлгілік тәртібі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы "Қоғамдык жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы» №1242 қаулысына сәйкес жасалған.
Тармақ 2
2. Тәртіп кәсіпорындармен және жұмыссыздармен негізгі жағдайларды және есеп айырысу жүйесін көздейді.
Тармақ 3
3. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар деп әдетте бәріне қолайлы, арнаулы кәсіптік даярлықты талап етпейтін жұмыссыз халықты орындайтын уақытша еңбек қызметін атайды.
Тармақ 4
4. Халықты қоғамдық жұмыстармен қамту мен қамтамасыз ету жүйесіне мынандай міндеттер шешу жүктелген: - әртүрлі себептер бойынша жұмыстан және еңбек табысынан жалақысынан айырылған азаматтарға уақытша жұмыс беру; - алғаш рет жұмыс іздеген адамдарды, зейнеткерлік жас алдындағы азаматтарды, әртүрлі себептер бойынша ұзақ уақыт жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлығынан айырылған азаматтардың басқа санаттарын жұмыспен қамту; - еңбекке қабілетті жасқа жеткен, бірақ еңбек рыногы талап ететін кәсіптік даярлығы жоқ жастарды еңбек қызметіне тарту.
Тармақ 5
5. Ақылы жұмыстардың түрлері:
Тармақша 1
1) қалалардың, елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағын тазартқанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтар ұйымдарына көмектесу;
Тармақша 2
2) жолдардың құрылысы мен жөндеуі, су, газ, канализация құбырларын және басқа коммуникацияларды салу, сондай-ақ осы жұмыстар үшін қажетті қосалқы материалдарды (құрылыс тасын, қиыршық тасты, плиталарды, құмды және т.б.) дайындау;
Тармақша 3
3) суландыру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) тұрғын үйлердің, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысына, қалпына келтіруге және күрделі жөндеуіне қатысу;
Тармақша 5
5) тарихи-сәулет ескерткіштерін, кешендерін және қорықтық аймақтарды қалпына келтіру;
Тармақша 6
6) аймақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және көркейту, орман паркі шаруашылығын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау және дамыту);
Тармақша 7
7) мәдени мақсаттағы ауқымды шараларды (спорт жарыстары, фестивальдер, балалар спорт алаңдарының құрылысы және т.б.) ұйымдастыруға көмектесу;
Тармақша 8
8) республикалық және аймақтытық науқандарды (қоғамдык пікірді сауалдамалау, халық санағы) өткізуге қатысу;
Тармақша 9
9) науқандық қысқа мерзімді алаңшалар мен мал төлдерін өсіру жөніндегі, малды бордақылау жөніндегі жазғы лагерьлер, малды жаю және күзету, мал шаруашылығына жемазық дайындау және қамтамасыз ету, косалқы шаруашылықтары бар коммуналдық меншік ұйымдарында суда жүзетін құстарды өсіру жөніндегі пунктер;
Тармақша 10
10) жол жиектеріндегі шөптерді шабу (жол қоры);
Тармақша 11
11) облыстық қаржы департаментімен келісім бойынша жұмыстың басқа түрлері. Басқарудың жергілікті органдарының қажеттілігіне байланысты коғамдық жұмыстардың түрлері кеңейтілуі және толықтырылуы мүмкін.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібі.
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тәртібі.
Тармақ 6
6. Осы ереженің негізінде жергілікті жерлердегі қоғамдық жұмыстарды, жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдар ұиымдастырады.
Тармақ 7
7. Коммуналдық меншік кәсіпорындары мен мекемелерінде қоғамдық жұмыстар Қазақстан Республикасының енбек заңдылықтарына сәйкес келісім негізінде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер болмаған жағдайда қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру селолык әкімдердің әкімдеріне жүктеледі. Басқа ұйымдарда қоғамдық жұмыстар қаржыландыру болған жағдайда келісімге сәйкес жұмыс берушілердің қаржысы есебінен ұйымдастырылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Жұмыссыз халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар мынандай шараларды жүзеге асырады: - атқарушы органдармен келісім бойынша нақты кәсіпорындар, сол сияқты қоғамдық жұмыстардың қажетті түрлері анықталады, оның негізінде жыл сайынғы шаралар жасалады; - жасалған шараларға сәйкес, қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың қажетті көлемі мен сомасы анықталады; - жұмыссыздарды олардың ерікті келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді; - қоғамдық жұмыстарға жібергенде жұмыссыздарды еңбекті ұйымдастыру, тәртібі және ақы төлеу жағдайы жөнінде хабардар етеді; - қоғамдық жұмыстарды өткізу жөнінде үш жақты келісім-шарт жасайды, оған мыналар қатысады: жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі өкілетті орган; жұмыссыз; жекеленген коммуналды кәсіпорын, неболмаса селолық округтың әкімі. - жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберу жиілігіне шек қойылмайды. Жұмыссыздар қоғамдық жұмыстарға олардың тілектеріне сәйкес және еңбек заңдылықтарына сәйкес осы жұмыстарды ұйымдастыратын, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдардың мүмкіндігіне орай жіберілуі мүмкін, олардың ұзақтығы жұмыс берушінің келісімімен реттеледі.
Тармақ 9
9. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын адамдар жұмыссыз деп есептелмейді және оған қатысу уақытында есептен шығарылады, жұмыстар біткен соң олар жұмыс іздеу мәселелері жөніндегі жұмыспен қамтудың өкілетті органдарына қайтадан тіркелуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Азаматқа тұрақты (қолайлы) жұмыс табылған жағдайда коғамдық жұмыстарды атқаруға жеке еңбек келісім-шарты жеке еңбек келісім-шартын бұзу туралы қызметкердің өтініш берген күнінен бастап бұзылады. Кәсіпорын әкімшілігі үш күн мерзім ішінде бұл туралы келісім-шартты бұзудың негіздемесін көрсетумен жұмысты қамту жөніндегі өкілетті органды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 11
11. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты мәселелері, жұмыс күні мен жұмыс аптасын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда жұмыс уақытына қысқарту енгізу еңбек туралы зандылықтарға сәйкес жеке еңбек келісім-шартты жасағанда шешіледі.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарға еңбекақы төлеу.
3. Қоғамдық жұмыстарға еңбекақы төлеу.
Тармақ 12
12. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу жеке еңбек келісім-шартына сәйкес орындалған жұмыс көлемі үшін үш ай сайын жүргізіледі. Жұмыс беруші жұмыс уақытын, қызметкердің нақты атқарған және орындалған жұмыс көлемін есептеуді жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 13
13. Жұмыссыздарға орындалған жұмыс көлемі үшін ай сайын төленетін ақшаның мөлшері жеке еңбек келісім-шартына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар мен қоғамдық жұмыстарды өткізетін ұйымның әкімшілігі белгілейді және келісім-шартта жазылады.
Тармақ 14
14. Бюджеттік қаржыны аудару ұйымдардың, кәсіпорыңдардың есеп айырысу шотына, ал ондай болмаган жағдайда Халықтық банктегі жұмыссыздың жеке шотына жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан азаматтардың жалақысынан заңдық тәртіппен міндетті зейнетақылық жарналар ұсталады. Тйісті ұсталымдардан кейін жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеудің айлық мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" заңымен тиісті жылға белгіленген ең төменгі жалақынан кем болмауы тиіс.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көздері мен тәртібі.
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландырудың көздері мен тәртібі.
Тармақ 16
16. Қоғамдық жұмыстарды қаржылаңдыру тиісті қаржы жылына бекітілген аудандар мен Петропавл қаласының жергілікті бюджеттерінің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажет қаржылық ресурстар экономикалық және әлеуметтік дамыудың жасалған шаралары, сондай-ақ жұмыспен қамтудың аумақтық бағдарламасы негізінде көзделеді.
Тармақ 18
18. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуге жергілікті бюджеттерден қаржы бөлу жұмыстарды ұйымдастыруға жасалған шараларға, басқа да шығындарға сәйкес жүргізіледі, кепілдіктер мен өтемақыларды өткізу және беру еңбек заңдылықтарына сәйкес олар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Ақы төленетін коғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын жекеленген коммуналды кәсіпорындар (ондай болмаған жағдайда селолық оругтердің әкімдері) әр айдың 5-і күніне дейін жергілікті өкілетті органдарға белгіленген заңдық тәртіпте жұмыс уақытын есептеу табельдерін және атқарылған жұмыстардың актілерін тапсырады.
Тармақ 20
20. Аудандық (калалық) өкілетті органдар ақы төленетін қоғамдық жұмыстар жүргізілетін кәсіпорындардың (селолық округтердің әкімдерінің) есептерін тексереді, қаржыландыруға қажетті ақшаның көлемін анықтайды және әр айдың 10-ы күніне дейін қаржы органдарына қаржыландыруға тапсырыс жібереді. Желтоқсан айына қаржыландыруға өтінішті қаржы органдарына үстіміздегі жылдың 27 желтоқсанынан кеш қылмай ұсыну керек.
Тармақ 21
21. Қаржы органдары жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар тапсырыстар негізінде тиісті жылға жергілікті бюджеттердің шығындары сметасына сәйкес 258 30 31 "Қоғамдық жұмыстар" бағдарламасы бойынша қаржыландыруды ашады.
Тармақ 22
22. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) өкілетті органдар ағымдағы шотқа қаржы түскен соң екі күн ішінде ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кәсіпорындардың шоттарына немесе жұмыссыздардың жеке шоттарына қаржы аударады.
Тарау 5. 5. Қоғамдық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасау.
5. Қоғамдық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға бақылау жасау.
Тармақ 23
23. Аудандық (қалалық) өкілетті органдар облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне белгіленген үлгі бойынша ай сайын есептер тапсырады.
Тармақ 24
24. Қоғамдык жұмыстарды орындау кезінде кәсіпорыңдар мен азаматтардың белгілі мерзімге жасалған жеке еңбек келісім-шарттарын, сондай-ақ қолданылып жүрген еңбек заңдылықтары мен Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын сақтауға бақылау жасауды жергілікті жерлерде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органдар заңдарымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Атқарылған жұмыстар көлеміне жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеуді есептеудің және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға бөлінген қаржының мақсатты пайдалануының дұрыстығына бақылау жасауды аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау бөлімдері, олардың жоғары тұрған органдары және қаржы басқармалары жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Жұмыспен қамту мәселелері жөніңдегі өкілетті органдар статистикалық есептіліктің бекітілген үлгісі бойынша қоғамдық жұмысқа жіберілген азаматтардың және олардаң жұмыс істеуінің есебін жүргізеді.