Об организации движения автотранспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования республиканского значения Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі заңының 18-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (З.С. Сағынов):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылардың назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы мәліметті жеткізуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында енгізілетін шектеулерге сәйкес тиісті уақытша жол белгілерін орнатуды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының өтуіне бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
_____________ К. Қасымов
2012 жылғы 16 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
_____________ В. Божко
2012 жылғы __ _________
Басқа 1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 7 маусымдағы
№ 315 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдарында автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру (бұдан әрі – қозғалысты ұйымдастыру) «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттарын, тізбесін, олардың атаулары мен индекстерін, оның ішінде қорғаныстық мақсатта пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 315 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11402 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Халықаралық және республикалық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, олардың атаулары мен индекстері, оның ішінде қорғаныстық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.
Қозғалысты ұйымдастыру кезінде, қозғалысты ұйымдастырудың 1-қосымшасында көрсетілген, уақытша қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында шектеу енгізіледі.
Қозғалысты ұйымдастырудың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскелерінде, жаз мезгілінің күндізгі уақытында ауа температурасы 250С жоғары болған кезде жеке білікке түсетін жүктемесі 9 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.
Жаз мезгілінде:
Тармақша 1
1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
Тармақша 3
3) тез бұзылатын азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
Тармақша 4
4) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
Тармақша 5
5) өте қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
Тармақша 6
6) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
Тармақша 7
7) қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын авто көлік құралдарына шектеулер таратылмайды.
Тармақ 2
2. Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастырудың 3-қосымшасында көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.
Басқа 1.1. Жазғы кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Қазақстан Республикасының жалпы
пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдары
бойынша автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
1-қосымша
Жазғы кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері
Тиісті жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
Тармақша 1
1) Ақмола облысы
Тармақша 2
2) Ақтөбе облысы
Тармақша 3
3) Шығыс Қазақстан облысы
Тармақша 4
4) Батыс Қазақстан облысы
Тармақша 5
5) Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы)
Тармақша 6
6) Қостанай облысы
Тармақша 7
7) Павлодар облысы
Тармақша 8
8) Солтүстік Қазақстан облысы
Тиісті жылдың 1 маусымынан 31тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
Тармақша 1
1) Алматы облысы
Тармақша 2
2) Атырау облысы
Тармақша 3
3) Жамбыл облысы
Тармақша 4
4) Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы)
Тармақша 5
5) Қызылорда облысы
Тармақша 6
6) Маңғыстау облысы
Тармақша 7
7) Түркістан облысы
Басқа 1.2. Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскесі
Қазақстан Республикасының жалпы
пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдары
бойынша автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
2-қосымша
Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының шағылтасты мастикалық асфальт-бетон жамылғысымен төселген учаскесі
Р/с №
Автомобиль жолының индексі
Автомобиль жолының атауы
Жалпы ұзақтығы,
км
Учаскенің басы,
км
Учаскенің соңы, км
1
2
3
4
5
6
1
А-1
Нұр-Сұлтан- Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы
128
68
196
Басқа 1.3. Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы
Қазақстан Республикасының жалпы
пайдаланымдағы республикалық
маңызы бар автомобиль жолдары
бойынша автокөлік құралдарының
қозғалысын ұйымдастыруға
3-қосымша
Қозғалысты уақытша шектеу кезеңінде Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүруге рұқсат етілген автокөлік құралдарының білік салмағының ең көп сомасы
Жеке біліктің жүктемесі, тонна
Білік арасындағы арақашықтық, м
Жүк, арнайы және мамандандырылған автомобильдердің, тіркемелер және жартылай тіркемелердің білік салмағының ең үлкен жиынтығы, тонна
Қосалқы білік
Үштік білік
үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме
8
1 метрге дейін
10
14,4
4,8
1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін
12,0
16,8
5,6
1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін
13,2
19,2
6,4
1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін
14,4
21,6
7,2
Ескертпе: автокөлік құралдарының жалпы рұқсат етілетін массасы «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11009 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, автокөлік құралдарының рұқсат етілетін жалпы массасынан 20%-ға төмендету арқылы айқындалады.