О передаче бесхозных орудий лова и плавсредств природопользователям Күшін жойған
Басқа 0
Иесіз балық аулау құрал-жабдықтары мен жүзу құралдарын табиғатты пайдаланушыларға беру туралы
Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 жылғы № 248 қаулысымен.
Балық тұншығу қауіптілігі бар облыс су айдындарынан балық аулауды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға жәрдем көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 сәуірдегі 414 санды "Қазақстан Республикасының су айдындарындағы балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Ереже туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Солтүстік-Каспий биоресурстарды қорғау туралы аймақтық мекемесі (Сулейменов Қ.) балық қорларына қылмыстық қол сұғу құралдары болып есептелмейтін тәркіленген және иесіз балық аулау құрал-жабдықтары мен жузу құралдарын биоресурстарды өндірумен айналысатын ұйымдарға сатуды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Атырау қаласы мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) балық қорғау органдарына тәркіленген және иесіз балық аулау құралдары мен жузу құралдарын аудан аумағындағы балық тұншығу қауіптілігі бар су айдындарынан балық аулайтын кәсіпорындарға сатуға жәрдем көрсетсін.
Тармақша 2
2) балық қорғау органдарымен бірлесіп, тәркіленген және иесіз балық аулау құралдарының қолданыстағы балық қорғау заңдылықтарына сәйкес келмеген жағдайда, балық дайындаушылардың сатып алған балық аулау құралдарын қайта жасалуын бақыласын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Мақашевқа жуктелсiн.