О проведении охоты на дрофу-красотку Қолданыста
Басқа 0
Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2012 жылғы 1 қыркүйек – 15 қараша кезеңінде өз ителгілерімен жек дуадақтарға ителгімен саятшылық құруға:
Тармақша 1
1) шейх Халифа Бин Заед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Оңтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар Арыс және Қарақтау мемлекеттік қорық аймақтары аумағында 27 (жиырма жеті) дарақ жек дуадақ және Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы республикалық маңызы бар Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорық аймағы аумағында 44 (қырық төрт) дарақ жек дуадақ;
Тармақша 2
2) шейх Сурур Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 11 (он бір) дарақ жек дуадақ;
Тармақша 3
3) шейх Сеиф Бин Мұхаммед Әл Нахаянға (Біріккен Араб Әмірліктері) Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аймағының аумағында 10 (он) дарақ жек дуадақ;
Тармақша 4
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Тани (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында 9 (тоғыз) дарақ жек дуадақ және Алматы және Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағында 19 (он тоғыз) дарақ жек дуадақ аулауға рұқсат берілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген адамдарға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін.
Тармақ 3
3. Жек дуадақты аулау ақысының ставкасы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін жыртқыш қыран кұстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов