О состоянии и мерах по благоустройству областного центра города Уральска Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 02.07.2004 № 9-4 шешімімен. "Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы" Орал қаласының әкімі В.Қ. Мұқатаевтың хабарламасын тыңдай және талқылай отырып, сессия облыс орталығының объектілері мен құрамдас бөлігін тиісті жағдайға келтіру жөнінде оң шаралардың жүзеге асып жатқандығын атып көрсетеді. Ғимараттардың қасбетін жаңғырту жұмысы басталды, "Таза қала" бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама шеңберінде қаланың тарихи бөлігіндегі үйлердің қасбеттерін жаңғырту және бүлінуі мүмкін үйлер бөлігін жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлініс белбеулеріндегі, көгал алаңдардағы, көл жағасындағы тұзбен қаныққан топырақ іріктеп, оны құнарлы топырақпен толықтыру жүргізілуде, мұның өзі қаланың экологиялық жағдайын сауықтырады. Арық жүйесін қалпына келтіруде. Қаланың инженерлік коммуникациясына жөндеу жұмысы жүргізілген жерлерде асфальт бетон төсемдерін қалпына келтіру жүзеге асырылуда. Қаланың санитарлық жағдайын қолдау және қаланы көркейту, сондай-ақ инженерлік коммуникацияны сақтап және пайдалану жағдайларын тиісті дәрежеде ұстай тұру мақсатында қалалық мәслихат Орал қаласы аумағын көркейту, санитарлық тазалау және жиыстыруды ұйымдастыру, кернеуі 1000 В - дейінгі электр жүйелерін қорғау жөніндегі міндетті ережелерді, Орал қаласы аумағындағы қалалық жолдар мен жол құрылыстарын пайдалану ережелерін, Орал қаласын жайландыру, мал мен құс ұстау ережелерін қабылдады. Қала шегінде қоқыс шығарып тастауды жою және олардың пайда болуына жол бермеу шаралары қабылданды. Қатқыл тұрмыстың қалдықтары жинауды тәртіпке келтіру жолында қоқыс контейнерлерін бетондық алаңшалар салынуда, қаланың орталық көшелері бойына 1000-нан астам эстетикалық көріністі аудармалы қоқыс урналары орналастырылған. Автожолдарды жамап жөндеу, жәрмеңкелер аумағы мен олардың орын тепкен жерлерін ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттардың, құрылыстардың, қоршаулардың, жарнамалық қалқандардың сыртқы көрінісіне қатаң талап қойылуда. "Қаланы безендіру" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Сонымен бірге, қаланың гүлбақтары мен саябақтары, көгал белбеулері күтімсіз қалған. Жол төсемдерін қалпына келтірудің жұмысы қарқынсыз. Көшені жарықтандыру жұмысы мардымсыз. Тарихи ғимараттардың қасбеттерін жөндеу үшін соңғы он жылда бірінші рет қалалық бюджеттен қаржы бөлінуіне қарамастан, несиелік қор тәмамдалды, ал жұмыс жүргізу барысында жұмыс көлемі алғашқы бағалаудан едеуір көп болып шықты. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құрал объектілеріндегі жұмыс баяу қарқынмен жүргізілуде. Қала әкімшілігі жүргізіп жатқан кешенді таяу жылдарға есептеген ауқымды жұмыстың бастамасы ғана. Қаланың оң өзгерістері мен шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруды бюджеттен қаржыландырудың жеткіліксіз және қалалық коммуналдық қызметтерді техникалық жабдықталуының төмен деңгейде болы көп кедергі келтіруде. Жоғарыда атап көрсетілгендерді негізге алып "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы" Заңының 40, 41 баптарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Облыс орталығы Орал қаласын көркейту жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы" Орал қаласы әкімінің хабарламасы қатерге алынсын. Облыс орталығын көркейту және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі қала әкімшілігі қабылдаған бағдарлама мен шаралар қабылдансын.
Тармақ 2
2. Орал қаласының әкімшілігі (В.Қ. Мұқатаев) қаланы көркейту жұмысын одан әрі жалғастыратын болсын және бұл жолда:
Тармақ 2.1
2.1. Қала әкімінің шешімімен бекітілген тізбеге сәйкес қаланың тарихи бөлігінде орналасқан үйлердің қасбеттерін жөндеу және ғимараттарды қайта жаңғырту жұмысын аятайтын болсын.
Тармақ 2.2
2.2. Қаланың көгал белбеулерін, саябақтар мен гүлбақтарды қалпына келтіру шаралары алынсын.
Тармақ 2.3
2.3. Автомобиль жолдарының, жаяу өткелдердің, жол өткелдерінің, тротуарлардың жол төсегіш сапасын арттырып, жеделдете жүргізсін.
Тармақ 2.4
2.4. Қалалық мәслихатпен бірлесі отырып, қаланы көркейту жұмысын одан әрі жүргізу үшін қосымша қаржыландыру көздерін іздестіріп, несиелік қаржы көлемін көбейтуге күш салынатын болсын.
Тармақ 3
3. Баланстарында қарасты инженерлік коммуникациялары бар кәсіпорындардың басшылары бір айлық мерзімді уақыттың ішінде өздері бұзған жолдар мен тротуарлардың төсемдерін қалпына келтірсін, бүлінген көгал аймақтарын қайта өңдеуден өткізсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкіміне облыс орталығының санитарлық жағдайын және автокөлікжолдарды жөндеуді қамтамасыз ететін қаланың коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарын техникалық қайта жабдықтауға қаражат бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық ішкі істер басқармасына (Т.Ш. Рақымжанов), облыстық санитарлық-эпидемиялық қызмет (А.И. Бирюков), облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Р.Х. Сүйірбаев) жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, қала объектілерінің бақылауды күшейтсін. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.