Вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы Кеден кадрларының біліктілігін даярлау жүйесін жетілдіру және бірыңғай білім беру іс-шараларын енгізу үшін жағдай жасау мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Атырау қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесіне қосу арқылы қайта құру.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласындағы Оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесіне атын өзгерту.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып штат санының лимиттерінде: 9-бөлімінде: « Аста­на қа­ла­сын­да­ғы Оқу-әді­сте­ме­лік ор­та­лы­ғы 25 » деген жол мына редакцияда жазылсын: « Оқу-әді­сте­ме­лік ор­та­лы­ғы 35 »; « Аты­рау қа­ла­сын­да­ғы Оқу-әді­сте­ме­лік ор­та­лы­ғы 10 » деген жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205 б.) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелері тізбесінде: 3 бөлімінде: 22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «22. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы»; 23-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетіне белгіленген заңнама тәртібіне сәйкес, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.