Об утверждении формы проверочного листа в сфере частного предпринимательства в области телерадиовещания Күшін жойған
Басқа 0
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының нысанын бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсiпкерлiктiң тексеру парағының ұсынған нысаны бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiнен соң оның ресми түрде жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң ақпарат және мұрағат комитетi төрағасына жүктелсiн (Б.С. Калианбеков).
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
министрінің м.а.
_______________ Д. Мыңбай
2012 жылғы 29 маусым
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және сауда
____________ М. Әбілқасымова
2012 жылғы «___» ________
Басқа 8. Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрiнiң
2012 жылғы 29 маусымдағы № 90
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрiнiң м.а.
2012 жылғы 17 шілдедегі № 222
бiрлескен бұйрығымен
бекiтiлген
Нысан
Телерадио хабарларын тарату саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ________________________
_________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _________________________________
(№, күні)
Тексеру субъектісінің атауы _____________________________________
_________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі, Бизнес сәйкестендіру нөмірі __________
Тұрған жерінің мекен – жайы _____________________________________
Т/т№
Талаптар
Қойылатын талаптарға сәйкес келеді (+)
Талаптарға сәйкес келмейді (-)
Тексеру субъектілерге қойылатын жалпы талаптар
1.
Ақпараттың келесі түрлерін жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау:
1.1
өзін өзіне қол жұмсауды насихаттайтын;
1.2
қатыгездік пен зорлықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектiк-топтық және рулық артықшылдықты насихаттайтын;
1.3
Конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, насихаттайтын;
1.4
экстремизмді немесе терроризмді насихаттайтын;
1.5
ұлтаралық және конфессияаралық алауыздықты қоздыратын;
2.
Порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық сипаттағы кино және бейне өнімді жария ететін теле-, радиобағдарламалар, теле-, радиоарналар жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау
3.
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына сәйкес «Е 18» деп белгіленетін фильмдерді жергілікті уақыт бойынша 6.00 дан бастап 22.00–қа дейін таратпау
4.
Егер де өзге телерадио хабарларын тарату операторлары мен құқық иегері болып табылатын теле-радиокомпания арасында жасалған шартта көзделмеген болса теле-, радиоарнаның, теле-, радиобағдарламаның мазмұнына өзгертулерді енгізбей қайта көрсету
5.
Кабельді телерадио хабарларын тарату операторларымен және теле-радиокомпаниямен міндетті теле-, радиоарналарды өзара есептесу негізінде көрсету
6.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы «Жарнама туралы» Заңына сәйкес келетін жарнаманы тарату
7.
Көлемi кадр алаңының он бес пайызынан аспайтын, қосымша ақпаратты тарату
Телерадио хабарларын тарату операторлары үшін талаптар
8.
Телерадио хабарларын тарату операторларымен міндетті теле-, радиоарналардың таратылуы
9.
Теле-, радиоарнаның, телерадио бағдарламаларды таратуға телерадио хабарларын тарату операторы мен құқық иегері болып табылатын теле-, радиокомпания арасында жасалған шарттың болуы
10.
Мүдделі органда есепке қойылған шетелдiк теле-, радиоарналарды тарату
Теле-, радиокомпаниялар үшін талаптар
11.
Қазақ тіліндегі теле-, радиобағдарламалардың жұма сайынғы көлемін және уақыт аралығын сақтау/немесе қазақ тіліндегі негізгі дыбыстық сүйемелдеу ретінде дыбыстық сүйемелдеудің көп арналық берілуін пайдалану
12.
Жаңалықтар сипатындағы кем дегенде бiр телебағдарлама сурдоаудармамен немесе субтитрлер түрiндегi аудармамен тарату
13.
Теле-, радиоарна меншiк иесiнiң кiретiн есiгi бөлек үй-жайлар мен орындарға немесе оны жалға алуға, оның iшiнде:
телерадио хабарларын таратудың жұмыс iстеуi үшiн қажеттi техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнайы үй-жайларды (студиялық, аппараттық, қосымша);
шығармашылық персоналына (редакциялық) арналған үй-жайларды;
әкiмшiлiк-басқару персоналына арналған үй-жайларды жалға алуға мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттардың болуы
14.
Отандық теле-, радиоарналардың апта сайынғы хабар тарату көлемiнде шетелдiк теле-, радиоарналардың теле-, радиобағдарламаларын тарату теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемiнiң жиырма пайызынан аспауы
15.
Алты ай iшiнде трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды таспаға басу және сақтау
Тексеруді жүргізген ___________ __________________________ ______
(лауазымы) (Аты, Тегі, Әкесінің аты - (қолы)
бар болса (бұдан әрі – А.Т.Ә.)
М.О.
талаптардың бұзылғандығы айқындалған жағдайда....құрастырған
күні мен нөмірі көрсетіледі от («__» __________ 20__ жылғы № _____)
Тексерудің қорытындыларымен таныстым (келісемін/келіспеймін)
__________________ ______________
(А.Т.Ә.) (қолы)
«___» ________________ 20__ жыл
Тексеру қорытындылары бойынша тексерілетін субъект __________________
(субъекттің атауы)
("+" белгісімен белгілеу керек) тобына ауыстырылады:
тәуекел
деңгейі жоғары
тәуекел
деңгейі орташа
тәуекел
деңгейі елеулі емес