О присвоении наименований новым улицам села Бекболат и Сауыншы Первомайского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірінші Май ауылдық округі Бекболат, Сауыншы ауылдарындағы жаңа көшелеріне ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарасай аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі және Бірінші Май ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Бірінші Май ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бірінші Май ауылдық округі Бекболат ауылының оңтүстік батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Болашақ, екінші көшеге - Көкжиек, үшінші көшеге - Үйтас, төртінші көшеге - Бәйтерек, бесінші - Үшқоңыр, Бекболат ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Бұрған, екінші көшеге - Көктөбе, үшінші көшеге - Қасқасу, төртінші көшеге - Таусамалы, бесінші көшеге - Жаңалық, алтыншы көшеге - Талапкер, жетінші көшеге - Ұлттар достығы, сегізінші көшеге - Алатау, тоғызыншы көшеге - Айдарлы, оныншы көшеге - Еңбек, Бекболат ауылының солтүстік шығысында орналасқан жаңа көшеге: бірінші көшеге - Майбұлақ. Сауыншы ауылының батысында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Ардагерлер, екінші көшеге - Омарта, үшінші көшеге - Нұрлытау, төртінші көшеге - Ынтымақ аттары қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.