Об изменении границы Айша бибинского сельского округа Жамбылского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жамбыл ауданы Айша бибі селолық округінің шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы Айша бибі селолық округінің әкімшілік шекарасына бұрынғы «Квант» бау-бақша серіктестігі» тұтыну кооперативінің аумағында орналасқан мемлекеттік жер қорынан жалпы көлемі 9,0 гектар жер қосылып, Айша бибі селолық округінің шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.