Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения Күшін жойған
Басқа 0
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (Жұмабаева З.Ж.) аталмыш қаулыны Басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2012 жылғы 03 қыркүйек
№ 315 қаулысына
қосымша
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
№
Орналасқан жері
Заңды мекенжайы
1
«Нұрдаулет» сауда үйі
Әбілқайыр хан даңғылы, № 46 үй
3
«Планета знаний» дүкені
Әбілқайыр хан даңғылы, № 79 үй, № 1 пәтер
4
«Электрон» дүкені
Әбілқайыр хан даңғылы, № 32 үй
5
«Жилгородской» базары
Бейбітшілік даңғылы, № 7 үй
6
«Әнуар» базары
Ш. Қалдаяқов көшесі, № 26 а үй
7
«Нектар» сауда үйі
11 мөлтек ауданы, Н. Шәйкенов көшесі, № 86 үй
8-1
«Асыл» сауда үйі
Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 25-үй
10
«Кәусар» дүкені
Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, 1-үй
13
Аудандық «Досжан ишан» мешіті жанындағы «Мұсылман тауарлары» сауда нүктесі
Шұбарқұдық ауылы, Н. Байғанин көшесі, № 27 үй
15
«Сұңқар» сауда үйі
Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, № 6 үй