Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Актюбинской области Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына, сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы Қағидаларды Басқарманың ғаламтор - ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М. Е. Абдуллинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 тамыз № 283 қаулысымен бекітілді Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидалары
Бөлім 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабының 2-тармағының 10-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27- бабының 2-тармағына сәйкес жасалды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсіп кешенінде субъектілері (бұдан әрі – АӨК субъектісі) - агроөнеркәсіп кешенінде қызметтерін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 2
2) бюджеттік бағдарлама әкімшісі – облыстың АӨК саласында инновациялық тәжірибені тарату және ендіру бойынша бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты өкілетті орган (бұдан әрі – Бағдарлама әкімшісі);
Тармақша 3
3) бағдарлама - 019 «Инновациялық тәжірибелерді тарату және ендіру бойынша шараларды жүргізу» бюджеттік бағдарламасы;
Тармақша 4
4) Бағдарлама іс-шарасы - әрбір іс-шараның екі жылдан аспайтын іске асырылу мерзімі бар АӨК инновациялық тәжірибелерді тарату және ендіру жөніндегі кешенді шаралар;
Тармақша 5
5) ғылыми-зерттеу ұйымдары (бұдан әрі - ҒЗҰ) – ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік аккредитациясы бар, негізгі қызметі АӨК аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу болып табылатын заңды тұлғалар;
Тармақша 6
6) өтінім – өтініш берушілердің қаржыландыру алу мақсатында Бағдарлама әкімшісіне беретін осы Қағидалармен белгіленген құжаттар топтамасы;
Тармақша 7
7) өтінім берушілер – тарату, банкроттау үдерісінде тұрмаған Бағдарламаның іс-шараларын бірігіп жариялаушы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АӨК субъектілері;
Тармақша 8
8) өтінімдерді іріктеу және бағдарлама іс-шараларын қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өтінішке кешенді баға беру үшін облыс әкімінің қаулысымен құрылған жергілікті атқарушы орган жанында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орга.
Тармақ 3
3. Бағдарлама іс-шараларын іріктеу агроөнеркәсіп кешенінің мына салалық бағыттары бойынша іске асырылады:
Тармақша 1
1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде өсімдіктерді қорғау және карантиндеу);
Тармақша 2
2) мал шаруашылығы және ветеринария;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығын механикаландыру;
Тармақша 4
4) ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу; 5) акваөсіру (балық өсіру). АӨК аймақтарындағы қажеттіліктеріне орай Бағдарлама шараларын сәйкестендіру мақсатында әр саланың ішкі бағыттарынан басымды бағыттар анықталады, оларға іріктеулер жүргізіледі.
Бөлім 2. 2. Өтініштерді іріктеу тәртібі
2. Өтініштерді іріктеу тәртібі
Тармақ 4
4. Бағдарлама әкімшісі жылына бір рет бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның Интернет ресурсында іріктеу басталғанға дейінгі 15 (он бес) жұмыс күн ішінде Бағдарлама іс-шараларының өтініш берушілері арасында іріктеу жүргізілетіндігі туралы хабарландыру жариялайды. Хабарландыруда өтімдерді тапсыру мерзімі, қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты, олар бойынша қаржы бөлінетін өңір АӨК дамытудың басым бағыттары, басқа ілеспе ақпараттар көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтінім берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларына түсініктеме жазба;
Тармақша 3
3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру жоспары;
Тармақша 4
4) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес инновациялық жобаның іс-шараларын іске асыру шығындарының сметасы;
Тармақша 5
5) инновациялық жобаларды іске асыруға қатысатын өтінім берушілердің мамандарының түйіндемесі;
Тармақша 6
6) өтінім берушінің аграрлық бағытта ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жұмыстарды орындауға біліктілігін растайтын лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы;
Тармақша 7
7) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаның нотариалдық куәландырылған құрылтай құжаттарының (жарғының және құрылтай шартының) көшірмелері немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы; заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) жөнінде, белгіленген нысан бойынша тіркеуші орган беретін анықтаманың немесе куәліктің түпнұсқасы; салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі түпнұсқа анықтамасы (Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес төлем төлеу мерзімі кейінге қалдырылған реттерді қоспағанда); өтінім берушінің банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктердің алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылып келе жатқан мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы өтінім берушіге қызмет көрсетілетін банктердің немесе банк филиалдарының қолы мен мөртаңбасы бар анықтаманың түпнұсқасы. Анықтама өтінім берілген сәтке бір айдан асырылмай берілген болуға тиіс; ғылыми-зерттеу ұйымын аккредитациялау туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттың түпнұсқасы;
Тармақша 8
8) жеке тұлғалар үшін: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін міндетті түрде құжаттардың түпнұсқасы; салық төлеушінің салықтық қарызының жоқтығы немесе барлығы туралы салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы.
Тармақша 9
9) екінші деңгейдегі банктер мен басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешектерінің жоқтығы туралы өтініш берушіден растама хат.
Тармақ 6
6. Бірыңғай папкаға жинақталған, беттері нөмірленген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген іріктеуге қатысуға арналған құжаттар өтінім беруші (лер) мен ұсынылады.
Тармақ 7
7. Өтінім беруші өзі берген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептесулердің, негіздемелердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Өтініштерді қабылдау мерзімі өткен соң Бағдарлама әкімдігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініштерді алдына ала іріктеу жұмысын жүргізеді. Алдын ала іріктеу мына критерий бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) ұсынылған ақпараттардың толықтығы, оның осы Қағидалардың талаптарына сай болуы;
Тармақша 2
2) Бағдарлама шараларының өңірдегі АӨК дамытудың басым бағыттарына сай келуі.
Тармақ 9
9. Өтініштері алдын ала іріктеуден өткен өтініш иелеріне, 3 (үш) жұмыс күні ішінде алдын-ала іріктеу қорытындысы немесе көрсетілген себепке байланысты өтініштің кері қайтарылуы туралы жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 10
10. Өтініш мына жағдайда кері қайтарылады:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ақпараттарды толық, дәйексіз ұсынбаса немесе өтініш құжаттары осы Қағидалардың талаптарына сай жасалмаса;
Тармақша 2
2) жоба іске асырылатын орын тиісті облыстан тыс жерге орналасқан жағдайда;
Тармақша 3
3) өтініш жасалған Бағдарлама шаралары осы өңірдің АӨК дамытудың басым бағытына қатысы болмаса;
Тармақша 4
4) өтініш жасаған АӨК субъектісі бұрын Бағдарлама шеңберінде қаржы алып, бірақ Бағдарламаның шараларын іске асыру барысы қанағаттанарлық емес деп танылса.
Бөлім 3. 3. Комиссия туралы ереже, оның қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия туралы ереже, оның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Комиссия тұрақты қызмет жасайтын коллегиялық орган болып табылады. Комиссия өзінің жұмысын ашықтық, жариялылық және алқалық қағидатында ұйымдастырады.
Тармақ 12
12. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, осы Қағидаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Тармақ 13
13. Комиссияның құрамына: ауыл шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, мүдделі жергілікті атқарушы органдардың, жергілікті өкілді органдардың өкілдері (келісім бойынша), қоғамдық бірлестіктердің (келісім бойынша), Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкер палатасының өкілдері (келісім бойынша) енгізіледі.
Тармақ 14
14. Комиссия комиссия төрағасынан, хатшыдан және мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы саны кемінде бес адам құрайды.
Тармақ 15
15. Бағдарлама әкімшісі комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Тармақ 16
16. Комиссия отырысының өтетін күні жөнінде өтініш берушіні хабардар ету, күн тәртібіне енгізілетін ұсыныстарды әзірлеу, қажетті құжаттар мен материалдарды және Комиссия отырысының шешімі жөніндегі хаттаманы жасақтауды комиссияның хатшысы іске асырады.
Тармақ 17
17. Комиссия отырысы оның жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады және олар үшін комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс бергенде қабылданған болып есептеледі. Дауыстар тең болған ретте Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссия шешіміне шағым берілуі мүмкін.
Бөлім 4. 4. Өтініштерге кешенді баға беру және іріктеу
4. Өтініштерге кешенді баға беру және іріктеу
Тармақ 18
18. Комиссия өтінімдерді алдын ала іріктеуден өткен жобалар бойынша өтінімдерді кешенді бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді. Комиссия кешенді бағалауды мына өлшемдер бойынша жүргізеді:
Тармақша 1
1) сұралатын қаржының негізділігі;
Тармақша 2
2) өтінімнің қаржыны жұмсау бағыттарының, қаржы көлемінің және басқа да параметрлерінің осы Қағидалар талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 3
3) Бағдарлама іс-шараларының өңірдің АӨК дамуына және еңбек өнімділігінің деңгейіне ықпалының дәрежесі;
Тармақша 4
4) өтініш берушілердің құқықтық мәртебесінің, төлем қабілеттілігінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі;
Тармақша 5
5) өтініш берушілер біліктілігі мен техникалық жарақтандырылуының Бағдарлама іс-шараларының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестiгi.
Тармақ 19
19. Өтінімді кешенді бағалау жүргізу барысында комиссия өтініш берушілерден түсініктеме беретін ақпарат сұратуға, бағалауды сапалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қажет болған кезде тиісті біліктіліктегі басқа мамандарды тартуға құқылы. Өтінімдерді кешенді бағалау және іріктеу 10 (он) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 20
20. Өтінімдері кешенді бағалаудың теріс қорытындысын алған өтініш берушілерге әкімші комиссияның тиісті хаттамалық шешімі қабылданғаннан кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде кері қайтару себептерін көрсете отырып ресми хат жолдайды.
Тармақ 21
21. Комиссияның қаржы беру туралы оң шешімі Бағдарлама іс-шараларын бөлінген қаржы есебінен қаржыландыру жөніндегі әкімші үшін негіз болып табылады.
Тармақ 22
22. Комиссияның ұсынымының негізінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджеттік бағдарламалар ауқымында инновациялық жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инновациялық жоба туралы шарт жобасына қол қояды және іріктеу қорытындысымен анықталған жеңімпазға(дарға) жолдайды. Инновациялық жоба туралы шарт жасау мерзiмi жобаны өтініш берушіге (лерге) жіберген күннен бастап күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспауға тиіс.
Бөлім 5. 5. Қаржыландыру және қаржыны игеру
5. Қаржыландыру және қаржыны игеру
Тармақ 24
24. Қаржы ғылыми-зерттеу мекемесі - өтініш берушіге Бағдарлама іс-шараларын іске асыру Жоспарына сәйкес төленеді. Төлем тәртібі және нысаны шартта талаптарымен қаралады.
Тармақ 25
25. Қаржы қатаң түрде шартта көзделген нысаналы мақсатқа сәйкес пайданылады. Бағдарламаның бір іс-шарасын іске асыруға сұралған қаражаттың соммасы бір жылға 2500,0 (екі миллион бес жүз) мың теңгеден аспауға тиіс.
Тармақ 26
26. Өтініш берушілер Бағдарлама іс-шаралары төлемдерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 27
27. Қаржылар бағдарламаға қатысушы тараптардың салыққа берешектерін жабуға пайдаланылуы мүмкін емес.
Тармақ 28
28. Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің негізгі құрал-жабдықтарын сатып алуға, ғимараттары мен құрылыстарын ұстауға, ауыл шаруашылығы жануарларын, генетикалық материалдар, Бағдарлама іс-шараларын нәтижелерін кеңінен таратуға арналған басқа шығыс материалдарын (жанар-жағар май, тұқымдық материал, қосалқы бөлшектер, басқалар) сатып алуға байланысты шығындар АӨК субъектілерінің жеке қаржылары есебінен жабылады.
Тармақ 29
29. Жобаны іске асыру барысында жүзеге асырылған шығындардың іске асыру жоспарына, жоба бюджетіне сәйкестігін тексеру мақсатында Бағдарлама әкімшісі қажет болған ретте жергілікті атқарушы органның мүдделі уәкілетті органдарының мамандарын тарта отырып Бағдарлама іс-шараларын іске асыру ауқымында орындалған жұмыстарды ай сайын және тоқсан сайын актілеуді қамтитын ағымдағы қаржылық мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Атқарылған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері үш данада жасалады және Комиссиямен бекітіледі.
Бөлім 6. 6. Қорытынды ережелері
6. Қорытынды ережелері
Тармақ 30
30. Осы Қағидаларға кез-келген өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес енгізіледі.
Басқа 74
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларына 1-қосымша Өтінім нысаны 1. Тіркелу нөмірі және күні (Бағдарлама әкімшісі қызметкерлерімен толтырылады) 2. Бағдарлама іс-шарасының атауы 3. Инновациялық тәжірибені енгізу және тарату саласы (кіші саласы) 4. Бағдарлама іс-шарасының қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі мақсаты мен мәнін көрсету, жоба нәтижелерінің нақтылы қолданылуы, осындай жобаларды іске асыруға қатысу тәжірибесі) 5. Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша) 6. Жобаның басталу және аяқталу күні 7. Сұралған қаражаттардың сомасы (теңгемен) 8. Өтініш берушінің (лердің) атауы, мекенжайы, телефоны, факсы, лектрондық поштасының мекенжайы 9. Өтініш берушілермен байланысатын адамының Т.А.Ә., мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы 10. Бағдарлама іс-шарасының басшысы (ҒЗО қызметкері) (аты, тегі және қызметі, телефон, факсы,электрондық поштасы көрсетіледі) 11. Бағдарлама іс-шарасын іске асыруға қатысушы АӨК субъектілерінің атауы, мекенжайы, телефон, факсі, электрондық поштасының мекенжайы
Басқа 75
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларына 2-қосымша Бағдарлама іс-шарасына түсініктеме жазба
Тармақ 1
1. Бағдарлама іс-шарасының атауы
Тармақ 2
2. Бағдарлама іс-шарасының іске асырылатын жері: аудан, елді мекен
Тармақ 3
3. Бағдарлама іс-шарасының мақсаты және міндеттері (1 беттен көп емес)
Тармақ 4
4. Негізгі өтініш берушінің (ғылыми-зерттеу ұйымының) және Бағдарлама іс-шараларына қатысушы АӨК субъектілерінің қысқаша сипаттамасы (0,5 беттен аспайды): толық атауы; негізгі өтініш беруші мен бағдарлама іс-шараларына қатысушы АӨК субъектілері қызметтерінің сипаттамасы; негізгі мамандар, олармен орындалатын жұмыс түрлері (түйіндеме және біліктілігін растайтын құжаттарын қоса бере отырып); осы бағдарлама ауқымында басқа жобаларды іске асыру туралы ақпарат. 5. Бағдарлама іс-шараларының негіздеу: өндірістің осы бөлігінде бар проблемаларды, іс-шара қандай проблеманы шешуге бағытталатындығын көрсете отырып. Іс-шараны іске асыру маңыздылығы мен қажеттілігінің, оның өңір АӨК технологиялық дамыту деңгейіне және еңбек өнімділігіне ықпалының сипаттамасы (0,5 беттен көп емес).
Тармақ 6
6. Бағдарлама іс-шараларын іске асыру ауқымында орындалатын негізгі жұмыстар сипаттамасы: қандай жұмыстар орындалады, өндірісте пайдалану үшін, жобаны орындау барысында тексеруден өткізу және көрсету үшін ұсынылатын нақты шешімдер мен технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшін практикалық маңызының бағасы. Әрбір жұмыс мақсаты, мазмұны, ұзақтығы, күтілетін нәтижелері, ресурстарға сұранысы, соның ішінде Бағдарлама іс-шараларын іске асыруға қатысушы АӨК субъектісінің базасында ғылыми әзірлемені (технологияны) енгізу және тарату жөніндегі ҒЗҰ методологиясын (2,5 беттен көп емес) келтіру қажет.
Тармақ 7
7. Нәтижелілік: Бағдарлама іс-шарасын іске асыру нәтижелерінің сандық және сапалық көрсеткіштері. Өздеріне нақты, еңбек өнімділігінің жетілдірілуіне ықпал етуші бағаларының айқын нәтижелерін және өтінім беруші өндірісі мен аудан (облыс) экономикасының тиімділігін енгізулері қажет. Бағдарлама іс-шарасын іске асырудан түскен экономикалық пайданы бұрын пайдаланып келген технологиялармен салыстыра отырып көрсету, іс-шараның өңірдің АӨК дамыту тұрғысынан алғандағы орындылығын, аграрлық нарықтағы жағдайды негіздеу қажет (1,5 беттен көп емес).
Тармақ 8
8. Экологиялық баға Бағдарлама іс-шарасын іске асырудың өңірдің қоршаған ортасына және табиғи ресурстарына әсерінен (қанағаттандырарлық, бейтарап немесе жағымсыз әсер) тұруға тиіс. Жағымсыз әсер еткен жағдайда мұндай әсерді әлсірету үшін не істелетіндігі көрсетілуі қажет (0,5 беттен көп емес).
Тармақ 9
9. Тәуекелдер: Бағдарлама іс-шарасын табысты аяқтаудың негізгі тәуекелдері және мұндай тәуекелдерді жеңіп шығу шаралары (0,5 беттен көп емес).
Тармақ 10
10. Жобаның өмірге икемділігі: Бағдарлама ауқымында қаржыландыру аяқталғаннан кейін Бағдарлама іс-шарасын іске асыруға қатысушы АӨК субъектілері өндірісінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданатын шараларды сипаттау қажет (0,5 беттен көп емес).
Басқа 85
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларына 3-қосымша Бағдарлама іс-шарасын іске асыру жоспары (атауын көрсету керек) Жұмыс түрі Күтілетін нәтижелер (1 жыл) 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1. 2. Жұмыс түрі Күтілетін нәтижелер (2 жыл) 1 тоқсан 2 тоқсан 3 тоқсан 4 тоқсан 1. 2.
Басқа 86
Ақтөбе облысының агроөнеркәсіп кешені саласындағы инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру Қағидаларына 4-қосымша Бағдарлама іс-шарасын іске асыру бюджеті және шығындарының сметасы (атауын көрсету керек)  мың. теңге № Шығын баптары Өлш.бірл. соның ішінде айлар бойынша 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 Бағасы Құны 1. Еңбек ақы немесе сыйақы негізгі жұмыс орнындағы еңбек ақысының 35 % артық емес 1.1. 1.2. 2. Іссапар шығындары 3. Кеңсе шығындары 4. Көлік шығындары 5. Басқа шығындар (көрсетілсін) 5.1. 5.2. 6. Тікелей шығындар жинағы 7. Қосымша шығыстар (тікелей шығыстардың 10 % аспайды) Барлығы
Тармақ 1
1. Бағдарлама іс-шарасының iске асырдың әрбір жылына бөлек көрсетiледi
Тармақ 2
2. Бюджеттік қаржыдан қаржыландыратын (ҒЗҰ көрсеткен қызметтері бойынша) шығыстар бөлек көрсетілсін
Тармақ 3
3. Шығыстар сметасының негіздемелері бойынша есептер