Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций
- Атауы (қаз.)
- Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 356
- Қабылданған күні
- 06.08.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.04.2013 67695_172445.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SH001835
- ЭКБ идентификаторы
- 67695
- Редакция идентификаторы
- 67695_172445
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:38
0 Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабы 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілері үшін аудан бойынша жұмыс орындары жалпы санының бір пайызы мөлшерінде квота белгіленсін.
2
2. «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған мектеп бітірушілерін жұмысқа жіберуді қамтамасыз етсін.