Об установлении охранной зоны и режима природопользования Жонгар-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 123-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10, 18, 43, 48-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркін қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету және қорғауды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер пайдаланушылар мен меншiк иелерiнен жер учаскелерiн алып қоймай, енi кем дегенде екі шақырымнан күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимi белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесіне күзет аймағының шекарасын арнайы белгiлермен белгiлеу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Досымбековке жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оны алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 5
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы "Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" № 268 қаулысына қосымша Жоңғар-Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғи паркінің күзет аймағындағы табиғатты пайдалану режимi
Тармақ 1
1. Жоңғар-Алатау мемлекеттiк ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі-ұлттық парк) күзет аймағында жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететiн дәстүрлi шаруашылық қызметінің негізгі түрлерiне рұқсат етiледi.
Тармақ 2
2. Ұлттық парктің күзет аймағында мыналарға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) жаңа елдi мекендер құруға және бар елдi мекендердi кеңейтуге;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк табиғи паркінің экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн объектiлердi орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгiзуге;
Тармақша 3
3) жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi үшiн зәрлi улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
Тармақша 4
4) атмосфераға және ашық су көздерi мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
Тармақша 5
5) пайдалы қазбалар өндiруге;
Тармақша 6
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсiпшiлiк аң аулауға;
Тармақша 7
7) радиоактивтi материалдар мен өнеркәсiп қалдықтарын көмуге;
Тармақша 8
8) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерiнiң гидрологиялық режимiн өзгертетiн қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектiлер салуға;
Тармақша 9
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсiмдiктердiң бөтен түрлерiн жерсiндiруге;
Тармақша 10
10) Ұлттық парктің экологиялық жүйелерiне зиянды әсер ететiн басқа да қызметке тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Ұлттық парктің күзет аймағында оның экологиялық жүйесiне келеңсiз әсер етпейтiн шаруашылық әрекеттiң әр алуан түрлерi жүзеге асуы мүмкiн:
Тармақша 1
1) орман шаруашылық әрекеті;
Тармақша 2
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлi жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзiмдi сақтау мен оның берiктiгiн қамтамасыз ету шеңберiндегi өзге де қызмет;
Тармақша 3
3) туристiк және рекреациялық қызмет;
Тармақша 4
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
Тармақша 5
5) кәсiпшiлiк және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
Тармақша 6
6) орман және дала өрттерiн сөндiру жөнiнде жердегi және авиациялық жұмыстарды жүргiзу;
Тармақша 7
7) бүлiнген жерлердi рекультивациялау;
Тармақша 8
8) орман және өзге де өсiмдiк қауымдастықтарын қалпына келтiру;
Тармақша 9
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтiру;
Тармақша 10
10) жер учаскелерiн туристер болатын жерлердi жайластыру, өсiмдiктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетiн және құрып бара жатқан түрлерiн жасанды жолмен көбейту, өсiру, өндiру үшiн питомниктер салу, ұлттық парк қызметкерлерiнiң тұруы үшiн қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерiн беру үшiн пайдалану.
Тармақ 4
4. Ұлттық паркінің күзет аймағында "Алматы облысының аумағындағы Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" облыс әкімдігі қаулысына қосымшаның 3-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезiнде жануарлар мен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөнiндегi iс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретiнде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ ұлттық парктің өзге объектiлерiне қол сұғылмауы қамтамасыз етiлуге тиiс.