О присвоении наименований улицам в аулах Шиен, Когамшыл Шиенского сельского округа Қолданыста
Басқа 0
Шиен селолық округіне қарасты Шиен, Қоғамшыл ауылдарындағы көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық қоғамдық ономастика комиссиясының келісімі және Шиен селолық округі халқының пікірін ескере отырып, Шиен селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шиен селолық округіне қарасты Шиен ауылында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Алатау, екінші көшеге - Жастар, үшінші көшеге - Болашақ, төртінші көшеге - Бұлақ, бесінші көшеге - Жиренайғыр, алтыншы көшеге - Тәуелсіздік, жетінші көшеге - Суықтөбе, сегізінші көшеге - Жетісу аты берілсін.
Тармақ 2
2. Шиен селолық округіне қарасты Қоғамшыл ауылында орналасқан жаңа көшелерге: бірінші көшеге - Желтоқсан, екінші көшеге - Ынтымақ, үшінші көшеге - Кеңсай аты берілсін.
Тармақ 3
3. Шиен селолық округіне қарасты Шиен ауылында орналасқан ескі көшелерге: бірінші көшеге - Жамбыл Жабаев, екінші көшеге - Жайлаубай Иманбаев, үшінші көшеге - Өтеп Итенов, төртінші көшеге - Бауыржан Момышұлы, бесінші көшеге - Тоқаш Бокин, алтыншы көшеге - Тайторы, жетінші көшеге - Садабай Нұрлыбаев, сегізінші көшеге - Бесторсық, тоғызыншы көшеге - Әбдіғұл Смағұлов, оныншы көшеге - Мақатай Қырбасов, он бірінші көшеге - Әліпбай Жазықбаев, он екінші көшеге - Әбдіқайым Ахметов, он үшінші көшеге - Мектеп, он төртінші көшеге - Ақбұлақ, он бесінші көшеге - Бірлік аты берілсін.
Тармақ 4
4. Шиен селолық округіне қарасты Қоғамшыл ауылында орналасқан ескі көшеге Бейбітшілік атауы берілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шиен селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрұмкүл Бұлғақоваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.