О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации об открытии отделений торговых представительств Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы
2007 жылғы 10 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісім ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың үдемелі дамуы қажеттілігін ескере отырып,
1992 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерін өзара құру туралы келісімнің 5-бабын басшылыққа ала отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Қазан қаласында Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің бөлімшесі және Алматы қаласында Ресей Федерациясы Сауда өкілдігінің бөлімшесі (бұдан әрі - сауда өкілдіктерінің бөлімшелері) ашылсын.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Сауда өкілдіктерінің бөлімшелері Тараптар мемлекеттерінің сауда өкілдіктерінің өздері үшін белгіленген өкілеттіктері шегінде Тараптар арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастықтың басқа да түрлеріне қатысты мәселелер бойынша Тараптар мемлекеттерінің мүдделерін білдіреді.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Сауда өкілдігі бөлімшесінің басшысы Сауда өкілі берген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді және Сауда өкілдігінің бөлімшесі оның тікелей бағынысында болады.
Сауда өкілдігі бөлімшесінің басшысы, қызметкерлері және әкімшілік-техникалық персоналы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық персоналының тиісті санаттарына халықаралық құқыққа сәйкес танылатын барлық артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.
Сауда өкілдігі бөлімшесінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, оның мүлкі және мұрағаты дипломатиялық өкілдіктердің қызметтік және тұрғын үй-жайларына, мүлкіне және мұрағатына халықаралық құқыққа сәйкес танылған иммунитеттер мен артықшылықтарды пайдаланады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Сауда өкілдігі бөлімшесінің штат саны Сауда өкілдігін құрған Тарап мемлекетінің барлық санаттағы қызметкерлері мен азаматтары болып табылатын 5 адамнан аспайды.
Өзаралық қағидаты негізінде және Тараптардың келісімі бойынша Сауда өкілдігі бөлімшесінің штат саны ұлғайтылуы мүмкін.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енеді.
2007 жылғы 10 мамырда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды, бұл ретте екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.
2007 жылғы 10 мамырда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.