О порядке оплаты труда граждан, занятых на общественных работах Күшін жойған
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеу тәртібі туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2004.05.14 N 44 шешімімен.
ҚР 30.12.98 ж. « Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және ҚР Үкіметінің 04.12.98 ж. № 1242 қаулысымен ( ҚР Үкіметінің 27.03.2000 ж. № 443 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен) бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Ережелерге сәйкес:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеу Тәртібі бекітілсін (№1 қосымша)
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері осы Тәртіпке сәйкес қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтарға еңбекақы төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімнің орынбасары Х.Б. Қабжановқа жүктелсін.
Басқа 1. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азматтардың еңбегіне ақы төлеу ТӘРТІБІ
Облсы әкімінің 19.06.2000
N 99 шешіміне N 1 қосымш
Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азматтардың еңбегіне ақы төлеу ТӘРТІБІ
Осы Тәртіп қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеуді реттейтін ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы»
Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеу ең төменгі айлық жалақы есебінен атқарылған жұмыс уақытына сайма- сай жүргізіледі.
Қосымша сыйақылардың мөлшерлері жеке келісім шарт жасалған кезде ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпорын қаржыларының есебінен белгіленеді.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстардағы жұмыс уақытының барынша ұзақтығы алты күндік жұмыс аптасы кезінде: жасы толған азаматтар үшін – аптасына 30 сағат (күніне 6 сағат) және 16-18 жастағы азаматтар үшін – аптасына 30 сағат (күніне 5 сағат) құрайды.
Азаматтардың тілегі бойынша жұмыс уақытының жинақталған есебі жүзеге асырылсын, жұмыс күні мен жұмыс аптасын икемді ұйымдастыру қолданылсын, сондай-ақ атқарылған жұмыс уақытына саймаөсай ақы төлене отырып қоғамдық жұмыстардың қысқартылған жұмыс уақыты енгізілсін.
Тармақ 3
3. Жергілікті бюджеттерден қоғамдық жұмыстармен айналысатын азамттардың жеке есепшоттарына:
-Жұмыс берушінің бұйрығынан алынған үзінді;
-Жұмыс уақытын есепке алу табелі негізінді есептелген сомалар жолымен қосып қойлады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңьегіне ақы төлеу ай сайын жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарға қатысқаны үшін азаматтарға емептелген төлемдердің барлық түрлерінен ұстап қалу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.