О мерах по усилению контроля за качеством реализуемого зерна и продуктов его переработки Күшін жойған
Басқа 0
Өткізілетін астықтың және оның ұқстаылған өнімдерінің сапасына бақылауды күшейту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
ҚР Үкімтінің 02.03.2000 ж. N 342 «Республикалық нан сараптамасы» және «Казсемэкспертиза» Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері» қаулысына сәйкес және ҚР Үкіметінің 08.01.97 ж. N 21 «Астық пен оның ұқсатылған өнімдерін экспорттау және ішкі өткізу кезінде қажетті құжаттарды ресімдеудің тәртібін ықшамдау туралы» Қаулысының негізінде «Республикалық нан сараптамасы» РМК-ын «Қазақстандық аграрлық сараптама» РМК-ына қайта ұйымдатыруға байланысты:
Тармақ 1
1. Барлық сауда мәмілелерінде, соның ішінде тауар биржалары мен көтерме сауда базарларында, Сатушының астық пен оның ұқсатылған өнімдерінің өткізілетін партиясына «Казагрэкс» РМК-ның еншілес «Қарағанды аграрлық сараптамасы» мемлекеттік кәсіпорны беретін сапа сертификатына ие болуы мәндеттә деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Облыстық кеден басқармасы (Н.Ғ. Жарылғапов) астық пен оның ұқсатылған өнімдерінің экспортын кедендік ресімдеуді:
-«Казагрэкс» РМК-ның «Қарағанды аграрлық сараптамасы» ЕМК беретін сапа сертификаты,
-«Қарағанды СМО» РМК-ның Қарағанды филиалы беретін сәйкес келу және шығу сертификаты болған кезде жүргізсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімінің 26.08.99 ж. N 148ө өкімінің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.