Об утверждении Правил обмена банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан, изымаемых и изъятых из обращения, а также ветхих и поврежденных банкнот и монет национальной валюты Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-бабының екінші бөлігі екінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 253 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болып табылатын және жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын банкноттары мен монеталары;
Тармақша 2
2) айналыстан алынған банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ескі үлгідегі, заңды төлем құралы болуы тоқтатылған банкноттары мен монеталары;
Тармақша 3
3) тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар – «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында айқындалған, бүлінулері бар Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған банкноттары мен ақаулы (бүлінген) монеталары;
Тармақша 4
4) Ұлттық Банктің филиалдары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) аумақтық филиалдары және Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиал).
Тарау 2. 2-тарау. Айналыстан алынатын және алынған
банкноттар мен монеталарды айырбастау
2-тарау. Айналыстан алынатын және алынған
банкноттар мен монеталарды айырбастау
Тармақ 4
4. Айналыстан алынатын банкноттар мен монеталар жаңа үлгідегі банкноттармен және монеталармен қатар айналыста болатын Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленген кезеңде заңды төлем құралы болып табылады, шектеулерсіз Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылданады, банк шоттарына есепке алынады, барлық банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және Ұлттық Банктің филиалдарында шектеусіз айырбасталады.
Тармақ 5
5. Айналыстан алынған банкноттар мен монеталарды банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Ұлттық пошта операторы және Ұлттық Банктің филиалдары заңды төлем құралы болып табылатын банкноттарға және монеталарға «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12946 болып тіркелген)бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде, оларды ауыстыру қағидаларында белгіленген уақыт кезеңі ішінде және тәртіппен айырбастайды.
Тарау 3. 3-тарау. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау
3-тарау. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды айырбастау
Тармақ 6
6. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар заңды төлем құралы болып табылады.
Тармақ 7
7. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар барлық банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және Ұлттық Банктің филиалдарында белгіленген құны бойынша, қандай да болмасын шектеулерсіз айырбасталады.
Тармақ 8
8. Банктерге, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына және Ұлттық пошта операторына келіп түскен тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді және Ұлттық Банктің филиалдарына өткізіледі.
Тармақ 9
9. Тозған және бүлінген банкноттар мен монеталардың түпнұсқалығына күмән болған жағдайда, олар түпнұсқалығын анықтау үшін банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына және Ұлттық пошта операторына өткізіледі. Банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және Ұлттық пошта операторы оларды Ұлттық Банктің филиалына түпнұсқалығын анықтау үшін сараптамаға жібереді.
Ұлттық Банктің филиалы тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21299 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамадан өткізеді және айырбастайды.