Об утверждении Правил применения банка качества продукции Қолданыста
Басқа 0
Өнім сапасы банкін қолдану қағидасын бекіту туралы
«Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өнім сапасы банкін қолдану қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті (Қ.С. Құлмырзин):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Жәмішев
2012 жылғы 30 тамыз
Басқа 8. Өнім сапасы банкін қолдану
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 21 тамыздағы № 140
бұйрығымен бекітілді
Өнім сапасы банкін қолдану
ҚАҒИДАСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өнім сапасы банкін қолдану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбырымен өнім тасымалдау қызметтерін көрсету кезінде өнім сапасы банкін қолдану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алушы – өнімді тасымалдау жөнінде қызметтерді ұсынуға арналған шарттың талаптарына сәйкес өнім қабылдауды жүзеге асыратын тұлға;
Тармақша 2
2) жөнелтуші – өнім өндіруші болып табылатын тұлға немесе оны заңды негізде сатып алған тұлға не олар уәкілеттік берген, өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шарт негізінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалдау үшін өнімді ұсынатын тұлға;
Тармақша 3
3) магистральдық мұнай құбыры – өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін, желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістік-технологиялық кешен;
Тармақша 4
4) магистральдық құбырдың меншік иесі – Қазақстан Республикасы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі немесе магистральдық мұнай құбырына меншік құқығында иелік ететін заңды тұлға;
Тармақша 5
5) өнім – тасымалдауға дайындалған және мұнай бойынша техникалық регламенттерге сәйкес келетін мұнай;
Тармақша 6
6) өнімді тасымалдау – өнімді жөнелтушіден қабылдау пунктінен бастап алушыға тапсыру пунктіне дейін оны магистральдық мұнай құбыры арқылы қабылдау, тапсыру, айдау, өнімді басқа да магистральдық мұнай құбырларына қотару, құю, беру, басқа көлік түріне ауыстырып тиеу, сақтау, араластыру процесі;
Тармақша 7
7) өнім сапасы банкі – өнімнің сапасы мен саны жөніндегі деректер негізінде магистральдық мұнай құбырымен тасымалданатын өнім сапасының көрсеткіштеріндегі айырмашылықтарға байланысты жөнелтушілер арасында өтемақы және (немесе) төлем төлеу арқылы өзара ақшалай есеп айырысулар жүргізу тетігі.
Тарау 2. 2. Өнім сапасы банкін қолдану тәртібі
2. Өнім сапасы банкін қолдану тәртібі
Тармақ 3
3. Өнім сапасы банкінің барлық қатысушылары арасында көпжақты шарт жасалғаннан кейін өнім сапасы банкісі енгізіледі, онда жөнелтушілер арасында өтемақы және (немесе) төлем төлеу арқылы ақшалай өзара есеп айырысулар тәртібі мен шарттарын айқындайтын ережелер көзделеді.
Тармақ 4
4. Егер көпжақты шарттың қолдану мерзімі ішінде жекелеген маршруттарда немесе мұнай құбыры учаскесінде магистральдық мұнай құбырымен өнім тасымалдауға қызметті жаңа жөнелтушілер талап етсе, бұндай қызмет көрсету осы жөнелтушілердің бұл шартқа қосылған жағдайда жүзеге асырылатын болады.
Тармақ 5
5. Өнім жөнелтушілер арасында өзара ақшалай есеп айырысу жүзеге асыратын тұлға өнім сапасы банкінің барлық қатысушыларымен белгіленеді.
Өнім жөнелтушілер арасында өзара ақшалай есеп айырысулар жөнелтушілердің мүддесіне және олардың есебінен жүзеге асырылады.
Өнім жөнелтушілер және өнім жөнелтушілер арасында өзара ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын тұлға арасындағы құқықтық қатынастар шарты негізінде реттеледі.
Тармақ 6
6. Өнім сапасы банкісі магистральдық мұнай құбырына кірісіндегі және/немесе құбырынан шығысындағы жекелеген өнім сапасы банктерінен тұруы мүмкін.
Тармақ 7
7. Өнім сапасы банкісі магистральдық мұнай құбыры жүйесінің қабылдау пунктінде қабылданған және/немесе тапсыру пунктінде тапсырылған жекелеген мұнай ағыны сапалық көрсеткіштерінің (тығыздығы, кг/текше м. және/немесе күкірт құрамы %) жалпы мұнай ағыны қоспасының сапасымен салыстырғандағы өзгерістеріне негізделеді.
Тармақ 8
8. Техникалық ұсыныстар беру, мұнай бойынша бағалық ақпаратқа тәуелсіз бағалау жүргізу, құн коэффициенттерін белгілеу мақсатында жөнелтушілердің мүддесі үшін және есебінен өнім сапасы банкісі бойынша техникалық консультант тартылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Өнім сапасы банкісі бойынша сомалар (төлем, өтемақы) есебі ресімделген қабылдау-тапсыру құжаттары – мұнайды қабылдау-тапсыру актісі, мұнайдың сапа паспорты негізінде жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Өнім сапасы банкісі бойынша ақшалай есеп айырысу тетігі төлем және өтемақы сомаларының нөлдік балансын қамтамасыз етуге тиіс.