О некоторых вопросах ввоза сахара-сырца на территорию Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағына шикі қант әкелудің кейбір мәселелері туралы
«Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағын бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағы комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы № 130 шешімін іске асыру мақсатында және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (бұдан әрі – шикі қант) (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) 2012 жылға арналған көлемі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша бекітілген көлем шегінде 2009 жылғы 9 маусымдағы Тауарлармен сыртқы сауда саласындағы лицензиялау ережесі туралы келісімде бекітілген нысан бойынша тізбесі осы қаулыға қосымшада көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындарға немесе әкелінетін шикі қанттың нысаналы мақсаты туралы көрсетілген қант өндіретін кәсіпорындармен келісімшарт негізінде шикі қант жеткізушілерге рұқсаттар беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті белгіленген тәртіппен ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде әкелінетін шикі қант импортын кедендік декларациялау мен одан кедендік баж алуды:
Тармақша 1
1) кедендік әкелу бажының нөлдік ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсаттар негізінде;
Тармақша 2
2) Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифінде көрсетілген кедендік әкелу бажының ставкалары бойынша Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі беретін рұқсатсыз жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) 2012 жылға арналған көлемі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баж төлемей әкелу жүзеге асырылатын құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қантының (КО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) 2012 жылға арналған көлемі
СЭҚ ТН коды
Атауы
Көлемі (тонна)
1701 13
1701 14
Құрамында дәм беріп, иіс шығаратын немесе бояғыш қоспалары жоқ шикі құрақ қанты
434 736,8
Басқа 1. Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы
№ 92 қаулысына
қосымша
Қант өндіретін кәсіпорындар тізбесі*
Р/с
№
Қант өндiретiн кәсiпорындардың атауы
1
«Орталық Азия Қант Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
* Кәсiпорындардың тiзбесi кәсiпорындарды шикi қант құрағынан қант өндiретiн зауыттарға жатқызудың мынадай өлшемдерiне сәйкес қалыптастырылады:
Тармақша 1
1) кәсiпорынның шикi қант құрағын өңдеуге арналған технологиялық жабдығының болуы;
Тармақша 2
2) шикi қант құрағынан ақ қанттың сериялық өндiрiсiнiң болуы;
Тармақша 3
3) кәсiпорындардың алдағы күнтiзбелiк жылға арналған жобалық қуаты.