Об определении отдельных категорий граждан и перечня документов, необходимых для оказания социальной помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении отдельных категорий граждан и перечня документов, необходимых для оказания социальной помощи
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6/44-V
- Қабылданған күні
- 14.09.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2014 67940_183089.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VM002692
- ЭКБ идентификаторы
- 67940
- Редакция идентификаторы
- 67940_183089
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:21
0 Әлеуметтік көмек көрсету үшін азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттар тізбесін айқындау туралы
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 5, 6, 7, 8, 9-баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 2-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жеке тұлғалардың санаттары айқындалсын:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер;
3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген басқа санаттардағы тұлғалар және 1941 жылдың 22 маусым 1945 жылдың 9 мамыр аралығында кемінде алты ай Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;
4 4) обыр ауруымен және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
5
5) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар, төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде, жасы 23-ке толмаған жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы аналар;
6 6) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
7 7) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
8 8) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы аз азаматтар;
9 9) қиын жағдайға ұшыраған (жұмыссыздық, жанұя мүшелерінің біреуінің өлімі, табиғи апаттар, өрт, бақытсыз жағдайлар, төтенше жағдайлар) аз қамтылған азаматтар.
2 2. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі айқындалсын:
1 1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
2 2) жеке басын куәландыратын құжат;
3 3) тұрақты мекенжайын растайтын құжат (мекенжайы бойынша анықтама немесе ауылдық округ әкімінің анықтамасы);
4 4) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
5 5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
6 6) материалдық тұрмыстық жағдайының тексеру актісі;
7 7) қиын жағдайдың болғанын растайтын акті немесе құжат;
8 8) болжамды немесе нақты қаржылық шығынды растайтын құжат;
9 9) обыр және туберкулез ауруын растайтын анықтама.
Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады, салыстырудан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.