О национальном операторе по магистральному нефтепроводу Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3. Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы ереже
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1273 қаулысымен бекітілген Магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор туралы ереже
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператордың (бұдан әрі – ұлттық оператор) өкілеттігін, негізгі міндеттері мен қызметін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ұлттық оператор өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 2. 2. Ұлттық оператордың міндеттері мен функциялары
2. Ұлттық оператордың міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Ұлттық оператордың қызметі Қазақстан Республикасында магистральдық мұнай құбырлары жүйесін дамытуға және оларды тиімді, сенімді әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тармақ 4
4. Ұлттық оператордың негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) өнімді магистральдық мұнай құбырларымен ішкі және сыртқы нарыққа тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының және қатынастың басқа да қатысушыларының мүдделерін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) магистральдық мұнай құбырлары жүйесін инновациялық дамытуды және оны әлемдік энергетика жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мұнай-газ секторын магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау бөлігінде дамытудың мемлекеттік және ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасын жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша ұсыныстарды өңдеу және уәкілетті органның қарауына енгізу;
Тармақша 5
5) магистральдық мұнай құбырлары саласындағы нормативтік және нормативтік-техникалық құжаттамалар жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 6
6) магистральдық құбырлармен мұнай тасымалдау саласындағы халықаралық шарттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
Тармақша 7
7) мұнай тасымалдау маршруттарының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және әртараптандыруға бағытталған халықаралық жобаларды іске асыру жұмыстарына қатысу болып табылады.
Тармақ 5
5. Ұлттық оператор:
Тармақша 1
1) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі меншік иесінің магистральдық құбыры арқылы Қазақстан Республикасының аумағында операторлық қызметтерді көрсету құқығына ие;
Тармақша 2
2) ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығына ие.
Тармақ 6
6. Ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбыр арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсету (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет) құқығын жүзеге асыру аясында Ұлттық оператор мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өнім жөнелтушілермен басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен мұнай тасымалдауды ұйымдастыруға арналған шарттар жасайды;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен мұнай тасымалдауды ұйымдастыру үшін жасалған шарттар негізінде ұйымдармен, оның ішінде мұнай тасымалдау, мұнайды теңіз терминалдары арқылы ауыстырып құю, мұнайды теңіз терминалдары арқылы ауыстырып құю кезінде көлік-экспедиция (экспедициялық) қызметін көрсетуші басқа мемлекеттер ұйымдарымен белгіленген тәртіпте тиісті шарттар мен ұлттық операторға меншік құқығында немесе басқа заңдық негізінде жататын магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан тасымалданатын мұнайды басқа мемлекеттердің құбыры бойынша тасымалдауды қамтамасыз етуге қажетті шарттарды жасайды.
Тармақ 3. 3. Қызметiн ұйымдастыру
3. Қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 7
7. Ұлттық оператор өз қызметiн осы Ережеге және Жарғыға сәйкес ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Ұлттық операторды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.