О некоторых мерах по реализации международной стипендии "Болашак" Қолданыста
Басқа 0
"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Өз бетімен түскен үміткерлер санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың қосымша мерзімі 2012 жылғы 19 қараша мен 30 қараша аралығы болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің веб-сайтында «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты жарияласын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.