О снятии ограничительных мероприятий или ветеринарного режима карантинной зоны в Теректинского сельском округе Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын немесе карантин аймағының ветеринарлық режимін Теректі ауылдық округінде тоқтату туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Републикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеренариялық–санитарлық инспекторының 2012 жылғы 01 шілдедегі №43 ұсынысы және 2012 жылғы 01 шілдедегі № 44 ұсынысы негізінде, Теректі ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауылдық округіне ұсақ малдары арасынан бруцеллез ауыруының анықталуына байланысты, қойылған шектеу іс-шаралары және карантин аймағының ветеринарлық режимі тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Теректі ауылдық округі әкімінің 2012 жылдың 23 шілдедегі № 16 «Шектеу іс шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» Алакөл ауданының әділет басқармасына тіркеу тізіліміне 2012 жылдың 09 тамызында 2-5-185 нөмірімен енгізілген, Алакөл аудандық «Алакөл» газетінің 2012 жылдың 30 тамызындағы 33 нөмірінде жарияланған шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өз құзырымда қалдырамын.