Об утверждении Правил выплаты единовременной компенсации в случае гибели (смерти) сотрудника специального государственного органа Республики Казахстан, установления инвалидности или получения им увечья Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 9-тармағына және 80-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1301 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 9-тармағына және 80-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік орган) қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Біржолғы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) арнаулы мемлекеттік орган қызметкеріне (бұдан әрі – қызметкер) немесе оны алуға құқығы бар адамға:
Тармақша 1
1) қызметкер арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет (бұдан әрі – қызмет) өткеріп жүрген кезеңде немесе қызмет өткерген кезеңде жаралануы (контузия алуы), науқастануы салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн қаза тапқан (қайтыс болған);
Тармақша 2
2) қызметкер қызмет өткерген кезеңде оған мүгедектік белгіленген немесе қызмет өткеруіне байланысты контузия алуы, мертігуі, науқастануы салдарынан қызметтен кеткеннен кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектік белгіленген;
Тармақша 3
3) қызметкер қызмет міндеттерін атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқтырмаған жеңіл немесе ауыр мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) жағдайларда төленеді.
Тармақ 3
3. Өтемақы қызметкерге немесе оны алуға құқығы бар адамға Заңның 77-бабының 10-тармағында және 80-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда төленбейді.
Тарау 2. 2-тарау. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған), оларға мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда өтемақы төлеу тәртібі
2-тарау. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған), оларға мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда өтемақы төлеу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшін құжат тапсыру тәртібі
1-параграф. Қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы алу үшін құжат тапсыру тәртібі
Тармақ 4
4. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде немесе қызмет өткерген кезеңде жаралануы (контузия алуы), ауруы салдарынан қызметтен кеткеннен кейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерінің тұрғылықты жеріндегі арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты аталған адамдарды мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша түрде 10 (он) жұмыс күні ішінде хабардар етеді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш;
Тармақша 2
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қайтыс болғаны туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмелері;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен берілген мұрагерлікке құқық туралы куәлік;
Тармақша 4
4) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттардың бірінің көшірмесі: Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, шетелдік төлқұжат, туу туралы куәлік (кәмелетке толмаған мұрагерлер үшін).
«Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерге қолжетімділік болса, арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты жеке басты куәландыратын құжат туралы мәліметтерді өздері алады;
Тармақша 5
5) әрбір мұрагердің ағымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) қайтыс болу себебі және науқасының диагнозы туралы патологиялық-анатомиялық қорытындының немесе егер сот-медициналық сараптама немесе патологиялық-анатомиялық диагностика жүргізілген болса, сот-медициналық сараптама қорытындысының көшірмелері;
Тармақша 7
7) мұрагердің өзінің өтініш беруі мүмкін болмаған кезде өтемақы төлеуге өтініш беруге, сондай-ақ оны алуға өкілеттік берілгені көрсетіліп, нотариат куәландырған сенімхат.
Тармақ 5
5. Арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін мынадай құжаттарды сұратады және жасайды:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы қызмет өткерген кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтама, сондай-ақ қызметкерді мекеме (бөлімше) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірме;
Тармақша 2
2) қызметкердің қаза табу (қайтыс болу) себептері мен мән-жайын қызметтік тексеру материалдары;
Тармақша 3
3) қызметтен кеткеннен кейін қайтыс болған адамдарға қатысты қызмет өткеріп жүрген кезеңде мертігуі (жаралануы, жарақат, контузия алуы) немесе науқастануы қайтыс болуына себеп болғанын растайтын әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының қорытындысы.
Тармақ 2. 2-параграф. Қызметкерге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі
2-параграф. Қызметкерге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы алу үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі
Тармақ 6
6. Қызметкерге мүгедектік белгіленсе және ол қызмет өткеріп жүрген кезеңде алынған болса:
Тармақша 1
1) ол қызмет орнына мыналарды ұсынады:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр аппараты:
мүгедектікке әкеп соққан контузия, мертігу, науқастануы қызмет өткеріп жүрген кезеңде туындағанын растайтын әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясы қорытындысының (қаулысының) көшірмесі;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы қызмет өткеру кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтама.
Тармақ 7
7. Қызметкер қызмет өткеріп жүрген кезеңде контузия алса, мертіксе, науқастанса, қызметтен кеткен күннен бастап бiр жыл өткенге дейін солардың салдарынан мүгедектiк белгіленсе, арнаулы мемлекеттік органдар мекемелерінің (бөлімшелерінің) кадр аппараты осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды жинайды, сондай-ақ қызметкерді мекеменің (бөлімшенің) жеке құрамының тізімінен шығару туралы уәкілетті басшының бұйрығынан үзінді-көшірме жасайды.
Тармақ 3. 3-параграф. Қызметкер жеңіл немесе ауыр мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі
3-параграф. Қызметкер жеңіл немесе ауыр мертіккен (жараланған, жарақат, контузия алған) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттарды тапсыру тәртібі
Тармақ 8
8. Қызметкер қызмет міндеттерін атқару үстінде жеңіл немесе ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда:
Тармақша 1
1) ол қызмет орнында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініш береді;
Тармақша 2
2) арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр аппараты мыналарды сұратады және жасайды:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкердің оқиға болған сәттегі ақшалай қаражаты мөлшері туралы қызмет өткеру кезеңі көрсетілген, өтемақы алуға құқық беретін анықтама;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мертігуінің (жаралануының, жарақатының, алған контузиясының) ауырлық дәрежесі (ауыр немесе жеңіл) туралы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасы;
қызмет міндеттерін орындау кезінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) фактісін растайтын қызметтік тергеп-тексеру материалдары.
Тармақ 4. 4-параграф. Өтемақы төлеу тәртібі
4-параграф. Өтемақы төлеу тәртібі
Тармақ 9
9. Өтініш берушінің қызмет орнындағы арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің (бөлімшесінің) кадр аппараты өтемақы алушыдан осы Қағидалардың 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қоса өтініш алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды осы мекеменің қаржы бөлімшесіне өтемақыны төлеу үшін жібереді.
Өтемақы төлеуге арналған құжаттарды толық алмаса кадр, аппараты өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жетіспейтін құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Құжаттар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың толық еместігі туралы хабарлама болмаған кезде құжаттар толық көлемде қабылданды деп есептеледі. Өтініштің арнаулы мемлекеттік органда (мекемеде) тіркелген күні оның түскен күні болып есептеледі.
Тармақ 10
10. Арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің қаржы бөлімшесі кадр бөлімшесі ұсынған материалдарға сәйкес 10 (он) жұмыс күні ішінде заңнамада белгілеген тәртіппен міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінім жасайды және мекеменің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарын қарау және тиісті өзгерістер енгізу үшін арнаулы мемлекеттік органның қаржы бөлімшесіне жібереді.
Арнаулы мемлекеттік орган мекемесінің қаржы бөлімшесі мекеменің міндеттер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу рәсімі жүргізілгеннен кейін алушыға өтемақы төлеуді жүргізеді.
Тармақ 11
11. Арнаулы мемлекеттік орган (мекеме) өтемақы төлеуге өтініш алған күннен бастап бір ай ішінде оны Заңның 77 және 80-баптарында көзделген жағдайларда және мөлшерде оны төлейді.
Тармақ 12
12. Заңда көзделген, өтемақы төленбейтін жағдайларда арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің) құрылымдық бөлімшесі өтініш берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтемақы төлеуден бас тарту туралы жазбаша түрде дәлелді хабарлама жібереді.
Тармақ 13
13. Өтемақыны аудару мемлекеттік қазынашылық аумақтық органдары арқылы алушының тұрғылықты жеріндегі екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттарына жүзеге асырылады.
Өтемақы төлеу және оларды аударғаны үшін банктің көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Кәмелетке толмаған алушыға өтемақы төлеу құжаттар түскен сәттен бастап бір ай ішінде тұрғылықты жеріндегі екінші деңгейдегі банкте ашылған кәмелетке толмаған алушының не қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органның рұқсаты болса заңды өкілінің ағымдағы шотына аудару арқылы жүргізіледі, онымен бір мезгілде бұл туралы қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, сондай-ақ оның заңды өкілдеріне хабарланады.
Тармақ 15
15. Алушыға өтемақы аударылғаннан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналында күні, өтемақы сомасы және төлем құжатының нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.
Тармақ 16
16. Өтемақы төлеу бойынша туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
_____________________________
Басқа 1
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:____________________________
(өтемақы төлеуді жүзеге асыратын
__________________________________
мемлекеттік органның басшысына)
кімнен: ___________________________
тұратын
__________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)
телефон __________________
Өтемақы төлеуге өтініш
Сізден ____________________________________________________ байланысты
(болған оқиғаның сипаты көрсетіледі)
маған өтемақы төлеуді сұраймын.
Бұған дейін ________________________________________ байланысты өтемақы
(болған оқиғаның сипаты көрсетіледі)
_________________________________________ (алдым, алған жоқпын)
Тиесілі өтемақы төлемін:
_____________________________________________________________
(облыс, аудан, қала, алушының тұрғылықты мекенжайы)
Банк мекемесінің №____________________________________________
Филиал №____________________________________________________
Ағымды шот______________________________
______________________________________ атына аударуды сұраймын
Т.А.Ә. (бар болса)
Алушының ЖСН ______________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1. ______________________________________
2. ______________________________________
3. ______________________________________
4. ______________________________________
5. ______________________________________
6. ______________________________________
______ жылғы «___» ________ Өтініш беруші _________
(жылы) (күні) (айы) қолы Т.А.Ә. (бар болса)
М.О. Бастық _____________________________ қолы Т.А.Ә. (бар болса)*
*қолы қызметкер жеңіл немесе ауыр мертіккен (жаралану, жарақаттану, контузия) және ол мүгедектікке әкеп соқтырмаған жағдайда қажет
___________________________________
Басқа 2. Қызметкердің оқиға орын алған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтама
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қызметкердің оқиға орын алған сәттегі ақшалай қаражатының мөлшері туралы анықтама
________________________________________________________________
(арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____ жылғы «___» _____ ____ жылғы «___» _____ аралығында (күні) (күні)
________________________________________________________________
(ведомствоның атауы және өтемақы төлемін алуына құқық беретін оқиға болған күні
______________________________________________________________
атқарған лауазымы)
нақты қызмет атқаратыны (атқарғаны) жөнінде берілді.
__ жылғы «___» _________ ақшалай қаражаты_______________________
(өтемақы алуға құқық беретін болған оқиға күні)
___________________________ құрайды,
(сома жазбаша)
оның ішінде:
лауазымдық жалақысы: ________________________________
арнаулы атағы бойынша алатын айлықақысы _____________
жұмыстан кету себебі (егер кетсе): ______________________
____________________________________________________________
Анықтама қызметкер қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектік белгіленген, мертіккен жағдайда өтемақы тағайындау үшін берілді.
М.О.
Бастық _______________ _____________________ қолы Т.А.Ә. (бар болса)
Қаржы бөлімшесінің бастығы (бухгалтер) _______________ _______________
қолы Т.А.Ә. (бар болса)
_________________________
Басқа 3. Мертігуінің (жаралуының, жарақатының, контузиясының) ауырлық (жеңіл немесе ауыр) дәрежесі туралы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Мертігуінің (жаралуының, жарақатының, контузиясының) ауырлық (жеңіл немесе ауыр) дәрежесі туралы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиясының анықтамасы
_______________________________________________________________
(арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________қызметтік міндеттерін атқару үстінде
________________________________________________________________
(жарақат алуының мән-жайы көрсетіледі)
________________________________________________________________
(күні, айы, жылы) (ауыр немесе жеңіл жазбаша көрсетіледі)
жараланды, контузия алды, жарақаттанды немесе мертікті _______________,
(қажеті жоғын сызып тастау керек) (жарақат, контузия, зақымдану немесе мертігу сипаты және орналасқан жері көрсетіледі)
осыған байланысты 20__ жылғы «__» __________20__ жылғы «___» ________
аралығында ол _____________________________________ емделуде болды.
(әскери-емдеу мекемесінің атауы көрсетіледі)
Анықтама қызметкер қайтыс болған жағдайда оған өтемақы тағайындау үшін берілді.
М.О. Әскери-дәрігерлік комиссияның төрағасы _________ _______________
қолы Т.А.Ә. (бар болса)
_________________________
Басқа 4. Өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органының қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына туралы
4-қосымша
Нысан
Өтемақы төлеуге өтініштерді тіркеу журналы
Р/с №
Арнаулы атағы
Қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектік белгіленген, мертіккен (жараланған, жарақат, контузия, алған) қызметкердің Т.А.Ә. (бар болса)
Қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкер мұрагерінің Т.А.Ә. (бар болса)
Түскен күні, кіріс №
Материал қайдан түсті
Залалды өтеудің себебі (қайтыс болу, мүгедектік, мертігу)
Өтемақы ның сомасы
Төлем құжатының № мен күні
1
2
3
4
5
6
7
8
9
_______________________________