Об изменении границ города Щучинска Бурабайского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай ауданы Щучье қаласының шекараларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Бурабай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 8 тамыздағы № А-8/437 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2011 жылғы 8 тамыздағы № 5С-8/2 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучье қаласының шекаралары, оның шегіне жалпы алаңы 128,56 гектар Бурабай ауданы жерінің бөлiгi енгізіліп, қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № А-10/438 қаулысына қосымша Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 5С-6-5 шешіміне қосымша Щучинск қаласының шегіне қосылатын Бурабай ауданының жерлері бір бөлігінің экспликациясы гектар Р/р № Ауданның атауы Барлық жер Оның ішінде Ауыл шаруашылығы жерлері Су асты Жолдардың астындағы Құ­ры­лы­стар­дың астын­да­ғы Ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі егістік көпжылдық жас көшеттер жайылым 1 Бурабай ауданы 128,56 - - - - 0,5 40,95 87,11