Об утверждении Правил установления официального курса национальной валюты Республики Казахстан к иностранным валютам Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі айқындалады.
Тарау 1. 1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
Тармақ 1
1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ААЖ – Ұлттық Банктің автоматтандырылған ақпарат жүйелері;
Тармақша 2
2) кросс-бағам – екі валютаның АҚШ долларына қатысты бағамынан құралатын олардың арасындағы баға белгіленімі;
Тармақша 3
3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар бөлімшесі;
Тармақша 4
4) Ұлттық Банктің басшылығы – Ұлттық Банктің Төрағасы немесе Ұлттық Банк Төрағасының уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары;
Тармақша 5
5) ұлттық валютаның ресми бағамы – теңгенің Қағидаларға қосымшаға сәйкес шетел валюталарына қатысты Ұлттық Банк белгілейтін теңге бағамы. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу тәртібі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібіне ұқсас. Ұлттық валютаның ресми бағамын және валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалану мақсаттары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен белгіленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу
2-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу
Тармақ 2
2. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын қор биржасы шетел валюталары бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күндері күн сайын белгілейді. Ұлттық Банк оларға ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі Қағидаларға қосымшада (бұдан әрі – Қағидаларға қосымша) айқындалған.
Тармақ 3
3. Ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты Астана қаласының уақытымен сағат 15-30-дағы жағдай бойынша қалыптасқан орташа алынған биржалық бағамы ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысты сауда-саттық жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күніндегі ресми бағамы ретінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қағидаларға қосымшада көрсетілген басқа шетел валюталары бойынша ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамын Ұлттық Банк қор биржасында сауда-саттық жүргізілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16-00-дегі жағдай бойынша ақпараттық агенттіктің арналары бойынша алынған сұраныстың баға белгіленімдеріне сәйкес қалыптасқан АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып есептейді және ол келесі жұмыс күніне ресми бағам ретінде белгіленеді.
Тармақ 5
5. Жұмыс емес күндері Ұлттық Банктің жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күніне белгілеген бағамдары қолданылады.
Тармақ 6
6. Есептелген ресми бағамдардың сандық мәні екі ондық белгіден тұрады. Егер есептеу кезінде шетел валютасының теңгеге қатысты ресми бағамы бірден кем болса, шетел валютасы номиналының сандық мәні қажетті мәнге дейін ұлғая отырып өзгереді.
Тармақ 6-1
6-1. Қағидалардың қосымшасында көзделген шетел валютасы айналыста болуын тоқтатқан кезде осы шетел валютасына қатысты бағам белгіленбейді.
Тарау 3. 3-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер
3-тарау. Ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамын белгілеуді қамтамасыз ететін рәсімдер
Тармақ 7
7. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдарын Ұлттық Банктің көрсетілген валюталарды белгіленген бағам бойынша сатып алу немесе сату міндеттемесінсіз жариялайды.
Тармақ 8
8. Ұлттық Банк ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамдарын Қағидаларға қосымшаға сәйкес ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы белгіленген күні Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 9
9. Уәкілетті бөлімше шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатты Қағидаларға қосымшаның нысаны бойынша олардың қолданылу мерзімдерін көрсете отырып дайындайды. Құжатқа Ұлттық Банк басшылығы не шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжатқа қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.
Тармақ 10
10. Шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары туралы құжат қол қойылған күні Астана қаласының уақытымен сағат 18.00-ге дейін Ұлттық Банктің бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және басқа мүдделі ұйымдарға деректерді ресми байланыс арналары (ақпарат берудің және төлемдер жасаудың банкаралық жүйесі (SWIFT)) және электрондық пошта арқылы беру жолымен жіберіледі.
Тармақ 11
11. Ұлттық валютаның шетел валюталарына ресми бағамы (шетел валюталарының ұлттық валютаға ресми бағамдары) туралы ақпарат белгіленген күні Астана қаласының уақытымен сағат 24.00-ге дейін ААЖ-ға енгізіледі.
Тармақ 12
12. Шетел валюталарының ұлттық валютаға қатысты ресми бағамдары туралы қол қойылған құжаттың түпнұсқасы тігіледі және уәкілетті бөлімшеде сақталады.
Басқа 25. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі
Ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілеу қағидаларына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаның ресми бағамын белгілейтін шетел валюталарының тізбесі № Шетел валютасының атауы 1 Аустралия доллары (AUD) 2 Әзербайжан манаты (AZN) 3 Армян драмы (AMD) 4 Беларусь рублі (BYN) 5 Бразилия реалы (BRL) 6 Мажарстан форинті (HUF) 7 Корея Республикасының вонасы (KRW) 8 Гонконг доллары (HKD) 9 Грузин лариі (GEL) 10 Дат кронасы (DKK) 11 БАӘ дирхамы (AED) 12 АҚШ доллары (USD) 13 Еуро (EUR) 14 Үнді рупиясы (INR) 15 Иран риалы (IRR) 16 Канада доллары (CAD) 17 Қытай юані (CNY) 18 Қырғыз сомы (KGS) 19 Кувейт динары (KWD) 20 Малайзия ринггиті (MYR) 21 Мексика песосы (MXN) 22 Молдова лейі (MDL) 23 Норвегия кронасы (NOK) 24 Польша злотыйы (PLN) 25 Ресей рублі (RUB) 26 Сауд Арабиясының риалы (SAR) 27 СДР (XDR) 28 Сингапур доллары (SGD) 29 Тәжік сомониі (TJS) 30 Тайланд баты (THB) 31 Түрік лирасы (TRY) 32 Өзбек сумы (UZS) 33 Украина гривнасы (UAH) 34 Біріккен Корольдіктің фунт стерлингі (GBP) 35 Чех кронасы (CZK) 36 Швед кронасы (SEK) 37 Швейцария франкі (CHF) 38 Оңтүстік Африка ранды (ZAR) 39 Жапон иені (JPY) 40 Румын лейі (RON) 41 Вьетнам донгы (VND) 42 Израиль шекелі (ILS) 43 Индонезия рупиясы (IDR) 44 Моңғолия тұғрықы (MNT) 45 Қатар риалы (QAR) 46 Оман риалы (OMR) 47 Мысыр фунты (EGP) 48 Пәкістан рупиясы (PKR)