Об утверждении Правил организации ведения бухгалтерского учета Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң) 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі төртінші абзацының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда қаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерлері филиалдарының (бұдан әрі – ұйымдар) бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру тәртібі айқындалады.
Тармақ 2
2. Қағидалардың 4-тарауының 2 және 3-параграфтары екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктердің филиалдарына қолданылмайды. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар касса операцияларын жүргізу кезінде «Екінші деңгейдегі банктерде, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген) басшылыққа алады.
Тармақ 2-1
2-1. Қағидалардың 4-тарауының 4, 5 және 6-параграфтары қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылмайды. Қағидалардың ұйымның функцияларын фронт-офиске, мидл-офиске (бар болса) және бэк-офиске бөлуге байланысты бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі талаптары жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғаларға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Қағидалардың мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақша құжаты – ақша қозғалысын көрсететін құжат, оның көмегімен касса операциялары есептелінеді;
Тармақша 1-1
1-1) бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік – Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы қалыптастыратын есептілік;
Тармақша 2
2) бас кітап - талдамалық есептің деректерін жинақтау, жекелеген шоттар бойынша жүргізілген жазбалардың дұрыстығын өзара тексеру үшін және қаржылық есептілікті немесе бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау үшін пайдаланылатын кітап;
Тармақша 3
3) белгіленген активтер – ұйымның қызметі барысында бір жылдан астам пайдаланатын материалдық емес активтер, сондай-ақ ұзақ мерзімді активтер;
Тармақша 4
4) бэк-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы фронт-офистан алынған және (немесе) автоматты режимде ақпараттық жүйеге енгізілген бастапқы құжаттар негізінде қосалқы есептегі жасалған операцияларды тіркеу және (немесе) тексеру болып табылады;
Тармақша 5
5) кассалық кітап – есепке алу ведомостары, онда банкноттармен, монеталармен және құндылықтармен операциялар көрсетіледі;
Тармақша 6
6) материалдық жауапты тұлға – атқарып отырған қызметіне, толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзіне сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына толық материалдық жауапкершілік атқаратын және ұйымның оған бекітілген мүлкі мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу кезінде комиссиялардың және жұмыс тобының құрамына енгізуге жатпайтын тұлға;
Тармақша 7
7) мидл-офис – операцияларды жүзеге асыруға, тәуекелдерді бағалауға, лимиттер мен нормативтердің сақталуын бақылауға, жасалынған мәмілелердің ақпарат жүйесінде толтырылған ақпаратты толық сақтау мәніне басқаруға қажетті ақпаратты жинау мен бағалауды қамтамасыз ететін ұйымның бөлімшесі;
Тармақша 8
8) операциялық күн – кезең, оның ішінде операциялар, ұйым жасаған операциялар туралы ақпаратты тіркеу, жинау және қорытындылау, бастапқы құжаттарды өңдеу және бухгалтерлік есептің тізілімдерінде көрсетілетін қорытындыларды жинақтау жүзеге асырылады;
Тармақша 9
9) синтетикалық есеп – үлгі шот жоспарларына сәйкес келетін баланстық шоттар бойынша талдамалық есеп деректерін топтастыру;
Тармақша 10
10) талдамалық есеп – ұйымның толық бухгалтерлік есебі, ол синтетикалық есептің шоттарындағы барлық операциялар туралы толық ақпаратты топтастыратын бухгалтерлік есептің жеке немесе өзге де талдамалық шоттарындағы бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі не ұйымның ақпараттық жүйенің тиісті модулінде жасаған мәмілесі негізінде жүргізіледі;
Тармақша 11
11) түгендеу – активтердің, міндеттемелердің нақты болуын және жай-күйін бухгалтерлік және баланстан тыс есептің деректеріне сәйкестігін тексеру; 12) үлгі шот жоспарлары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының мынадай қаулыларымен бекітілген бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарлары: «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 болып тіркелген); «Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамындағы және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктерінің филиалдарындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары» 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген); Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, өзара сақтандыру қоғамдарына және Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 251 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16390 болып тіркелген);
Тармақша 13
13) фронт-офис – ұйымның бөлімшесі, оның негізгі функциясы ұйымның клиенттерімен мәмілелер жасау болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру
2-тарау. Бухгалтерлік қызмет жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 4
4. Бухгалтерлік қызмет басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілікті жасау мен ұсынуды, есептік саясатты қалыптастыруды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша басқа ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге де басқару органына бекітуге ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады. Бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды шарт негізінде бухгалтерлік немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсіби бухгалтерге беру кезінде немесе бухгалтерлік есепті басшылықтың жеке өзі жүргізуі кезінде қызметін қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның басшылығы осы Қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 4-1
4-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері бухгалтерлік есеп деректері бойынша бухгалтерлік есеп жүргізуді, есеп беруді жасауды және ұсынуды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге басқару органының бекітуіне ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады.
Тармақ 5
5. Бас бухгалтердің функционалдық міндеттері ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысы бекіткен оның қызметтік нұсқаулығымен айқындалады.
Тармақ 6
6. Бас бухгалтер ұйымның немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент -сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе оның орынбасарына тікелей бағынады.
Тармақ 7
7. Бас бухгалтердің функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) ұйымның есептік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ұйымның есептік саясаты негізінде жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3-1
3-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент - банк филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің есеп саясатының негізінде бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау жөніндегі ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу, қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау мәселелері жөніндегі ұйымның ішкі құжаттары мазмұнының Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына өзектілігін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ұйымның барлық жасалынған операцияларын, сондай-ақ ұйымның қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бизнес-процесін келісу арқылы олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікте уақтылы және шынайы көрсетуді және (немесе) тексеруді қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) ұйымның барлық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылатын операцияларды орындау, ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулар жасау арқылы бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау кезінде бақылау функциясын жүзеге асыру;
Тармақша 7
7) қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті толық және уақтылы жасау мен ұсыну жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) синтетикалық есептің деректемелерінің талдамалық есептің деректерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;
Тармақша 9
9) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) деректердің электронды түрде сақталуын бақылау;
Тармақша 11
11) бухгалтерлік есепті автоматтандыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және келісу;
Тармақша 12
12) ұйымға түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 13
13) бас бухгалтердің қызметтік нұсқаулығында және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 8
8. Ұйымның бас бухгалтерін қоспағанда, ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) бухгалтерлік қызметі қызметкерінің (бұдан әрі – бухгалтер) функциялары ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның бас бухгалтерінің не оның орнындағы адамның нұсқаулары мен өкімдерін орындау;
Тармақша 2
2) қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде қалыптастырылатын бастапқы құжаттар тізбесін жасау, оларды бас бухгалтерге және қажет болған жағдайда ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның басқа да адамына келісуге ұсыну;
Тармақша 3
3) бастапқы құжаттарды тиісінше ресімдеуді және сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) қол қою үлгілерінің, электрондық цифрлық қолтаңбалардың болуын қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 9
9. Ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) және (немесе) бас бухгалтері немесе өзге де басқару органы ұйымның құжаттарына қол қоюға, оның ішінде электрондық цифрлық қолдарды пайдалана отырып, ұйымның ақпарат жүйесінде операцияларды көрсетуге рұқсат беретін уәкілетті тұлғаларды айқындайды.
Тармақ 2. 2-параграф. Істерді қабылдау және өткізу тәртібі
2-параграф. Істерді қабылдау және өткізу тәртібі
Тармақ 10
10. Материалдық жауапты тұлға, оның ішінде бас бухгалтер қызметтен босатылған кезде істерді (лауазымды тұлғаның функционалдық міндеттерін орындауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ мүлікті, мөртабандарды, мөрлерді және басқалары) қайта тағайындалған материалдық жауапты тұлғаға (ал ол болмаған кезде – ұйым басшысының (не оның орындағы адамның) бұйрығымен тағайындалған қызметкерге немесе бас бухгалтерге) беру Қағидаларда және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бас бухгалтер қызметінен босаған кезде жаңа тағайындалған бас бухгалтерге немесе ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) істер өткізіледі.
Тармақ 11
11. Ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы лауазымнан босату істерді қабылдауды және өткізуді қажет ететін тұлғалардың (материалдық жауапты және басшылық қызметті атқаратын) (бұдан әрі – лауазымды тұлғалар) тізбесін бекітеді.
Тармақ 12
12. Істерді қабылдау және өткізу үшін ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) немесе өзге де басқару органының бұйрығы негізінде істерді қабылдау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады. Комиссия хатшысы ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) тағайындаған ұйымның қызметкері болып табылады.
Тармақ 13
13. Істерді және міндеттерді бір тұлғадан екінші тұлғаға қабылдау мен өткізу ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) немесе өзге де басқару органының мыналардан тұратын бұйрығы негізінде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) істерді өткізетін және қабылдайтын тұлғалар туралы ақпарат;
Тармақша 2
2) күн, ол бойынша істерді қабылдау және өткізу жүргізіледі;
Тармақша 3
3) бір айдан аспайтын істерді қабылдау және өткізу мерзімі;
Тармақша 4
4) комиссия құрамы. Бухгалтерлік құжаттарға қол қоюға уәкілетті тұлғаларды айқындағанға дейін Қағидалардың 9-тармағына сәйкес істі қабылдаушы тұлғаның бақылауымен істі өткізуші тұлға қол қояды.
Тармақ 14
14. Істерді қабылдау және өткізу қорытындылары бойынша комиссия хатшысы қабылдаушы және өткізуші тараптар, комиссия мүшелері, комиссия төрағасы қол қоятын істерді қабылдау және өткізу актісін жасайды. Істерді қабылдау және өткізу актісінде оған қоса берілген құжаттар тізбесі көрсетіледі. Істерді қабылдау және өткізу актісі кемінде екі данада жасалады. Істерді қабылдау және өткізу актісінің бір данасы істі өткізуші тұлғаға беріледі, істерді қабылдау және өткізу актісінің екінші данасы ұйымда қалады. Қажет болған жағдайда ұйым екі данадан астам істерді қабылдау және өткізу актісін жасайды.
Тармақ 15
15. Істерді қабылдау және өткізу жөніндегі комиссияның функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) істерді қабылдауды және өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) істерді қабылдау және өткізу актілерін жасауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) істерді қабылдау және өткізу кезінде кем шығуды, артық шығуды, мүлікті бүлдірген не басқа да жөнсіздіктер жіберген тұлғалардан алынған жазбаша түсініктемелерді қарау және істерді қабылдау және өткізу актісінде оларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстарды көрсету;
Тармақша 4
4) істерді қабылдау және өткізу күні жүргізілген түгендеу нәтижелерін тексеру;
Тармақша 5
5) істі өткізетін лауазымды тұлғаның комиссияның қарауына ұсынған құжаттарын тексеру;
Тармақша 6
6) бухгалтерлік балансты және ұйымның пайдалары мен зияндары туралы есептің шынайы болуын, cондай-ақ бухгалтерлік қызмет істерін қабылдаған және өткізген жағдайда істерді қабылдау және өткізу күні олардың барлық талдамаларын тексеру;
Тармақша 7
7) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.
Тармақ 16
16. Тексеруден өткен құжаттарға комиссия мүшелері, сондай-ақ істі өткізуші және қабылдаушы адамдар қол қояды және комиссия төрағасының қарауына беріледі.
Тармақ 17
17. Комиссияның төрағасы және мүшелері істерді қабылдау және өткізу бойынша құжаттардың өз құзыреті шегінде толық, шынайы және уақтылы берілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы қабылдау және өткізу актісін бекіткеннен кейін істерді қабылдау және өткізу аяқталды деп саналады.
Тарау 3. 3-тарау. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу
3-тарау. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізу
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 19
19. Ұйым бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттары мен тіркелімдерінің бекітілген тізбесінің, нысандарының, ресімдеу тәртібі мен мерзімдерінің болуын, сондай-ақ сақталуын, сондай-ақ ұйым жүзеге асыратын операциялардың бекітілген бизнес-процестерін ескере отырып, ұйымның құжат айналымының негізгі қағидаларын қамтамасыз етеді.
Тармақ 20
20. Ұйымның барлық операциялары бойынша бухгалтерлік жазбалар хронологиялық жүйелілікті сақтай отырып, бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Бастапқы құжаттар қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық түрде жасалады. Өткен не болашақ күнмен бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылмайды. Ақпараттық жүйеде жасалған мәмілелер негізінде автоматты бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 21
21. Бастапқы құжаттардың қағаз тасымалдауыштағы көшірмелерін сақтамай, электрондық түрде сақтау кезінде ұйым электрондық құжаттардың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібін реттейтін ішкі құжаттың болуын қамтамасыз етеді. Бұл ретте фронт-офисте пайдаланатын жүйелерден электрондық түрде түскен мәмілелер және бухгалтерлік есепте көрсетілген мәмілелер туралы ақпараттың ұқсастығы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 22
22. Бухгалтерлік құжаттаманы жүргізуге жазбалардың деректілігі, қысқаша әрі анық болуы, оларды өзара бақылау талаптары ұсынылады.
Тармақ 23
23. Бастапқы құжаттардағы және өзге бухгалтерлік құжаттамадағы қолдар (электрондық цифрлық қолтаңбалар) қолдардың, электрондық цифрлық қолтаңбалардың үлгілеріне сәйкес келеді.
Тармақ 24
24. Ұйымның ішкі құжаттарымен:
Тармақша 1
1) бас бухгалтер болмаған кезде бас бухгалтердің міндеттерін өзге тұлғаға жүктеу тәртібі;
Тармақша 2
2) ұйымның орталық аппараты, филиалдары және өзге бөлімшелері жүргізетін операциялар мен оқиғаларды құжатпен ресімдеу жөніндегі талаптар;
Тармақша 3
3) ұйымның қолданыстағы ұйымдық құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып істерді қабылдау және өткізу қағидаларын;
Тармақша 4
4) бастапқы құжаттардың қағаз тасымалдауыштағы көшірмелерін сақтамай, электрондық түрде сақтау кезінде, фронт-офисте пайдаланатын жүйелерден электрондық түрде түскен мәмілелер және бухгалтерлік есепте көрсетілген мәмілелер туралы ақпараттың ұқсастығы қамтамасыз етіле отырып, электрондық құжаттардың сақталуын және қолжетімділігін қамтамасыз ету тәртібі;
Тармақша 5
5) бастапқы құжаттардағы қателерді түзету тәртібі;
Тармақша 6
6) фронт-офис, мидл-офис және бэк-офис жұмысының және функцияларын бөлу тәртібі;
Тармақша 7
7) бастапқы құжаттарды, қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті есеп саясатын және бухгалтерлік есептің өзге құжаттарын сақтау тәртібі мен кезеңі;
Тармақша 8
8) кассирдің кіріс (шығыс) ордер бойынша қолма-қол ақшаны қабылдау (беру) тәртібі;
Тармақша 9
9) бастапқы касса құжаттарының нысандары және толтыруға қойылатын талаптар, касса кітаптарын толтыру, түзетулер енгізу және сақтау тәртібі;
Тармақша 10
10) кассадағы артық шығулар мен кем шығуларды реттеу тәртібі;
Тармақша 11
11) қолма-қол ақшаны, чектер мен қатаң есептегі бланкілерді және өзге құндылықтарды сақтау тәртібі;
Тармақша 12
12) кассирдің міндеттерін орындау тәртібі, кассир болмаған кезеңде кассирдің істерін өзге тұлғаға беру тәртібі;
Тармақша 13
13) жоспарлы және жоспардан тыс түгендеуді жүзеге асыру тәртібі;
Тармақша 14
14) мыналарды: ревизияны жүзеге асыру жөніндегі комиссияны құру; функционалдық міндеттерін ашып көрсете отырып ревизияны жүзеге асыру жөніндегі комиссияның басшысын айқындау; ревизия жүргізетін ұйымда жұмыс істемейтін тұлғаларды ревизия жүргізуге тарту; артық шығулар мен кем шығуларды және басқа құндылықтарды реттеу; ревизия материалдарын сақтау тәртібін міндетті түрде көрсете отырып кассаға ревизиялар (міндетті және кенеттен) жүргізу тәртібі;
Тармақша 15
15) бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастырудың өзге де мәселелері реттеледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Бастапқы құжаттар
2-параграф. Бастапқы құжаттар
Тармақ 25
25. Ұйым дербес әзірлеген бастапқы құжаттарда Бухгалтерлік есеп туралы заңда көзделген міндетті деректемелер бар. Бастапқы құжаттарға операциялардың немесе оқиғалардың сипаттамасына, есептік ақпаратты өңдеу тәсіліне қарай қосымша деректемелер және басқалары енгізіледі.
Тармақ 26
26. Кассалық және банктік бастапқы құжаттарға түзетулер енгізуге жол берілмейді. Қалған бастапқы құжаттарға түзетулер операцияға қатысушылардың келісімі бойынша енгізіледі, бұл құжатқа қол қойылған тұлғалардың қолдарымен, түзетулерді енгізу күнін көрсетіле отырып расталады.
Тармақ 27
27. Фронт-офис және мидл-офис (мидл-офис болған жағдайда) бастапқы құжаттардың толық топтамасын бэк-офиске өткізуді, оның ішінде бұрын жүргізілген операцияның өлшемдері өзгерген жағдайда қамтамасыз етеді. Бұрын жүргізілген операцияның өлшемдері өзгерген кезде барлық растайтын бастапқы құжаттар көрсетілген өзгеріс болған күннің аяғынан кешіктірілмей бэк-офиске өткізіледі.
Тармақ 28
28. Әрбір операциялық күннің соңында бэк-офис пен фронт-офис және мидл-офис (мидл-офис болған жағдайда) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүргізілген және бухгалтерлік есепте көрсетілген операциялардың саны және сомалары бойынша міндетті салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Жүйенің құрамдас бөліктерінің операциялар (төлемдер, қайта бағалау, бағалы қағаздарды сатып алу (сату) және тағы сондай) жүргізу үшін пайдаланылатын сыртқы ақпарат көздерімен өзара іс-әрекеті болған кезде берілетін (қабылданған) ақпараттың тең болуын ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен салыстырып тексеру қамтамасыз етіледі.
Тармақ 29
29. Бастапқы құжаттарда бар және ұйымның ақпарат жүйесіне енгізілген ақпарат ұйымның ақпарат жүйесінде қолданылатын бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталып, жүйеге келтіріледі. Ақпарат жүйелері болмаған жағдайда ақпарат бастапқы құжаттарда, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде, талдамалық есепте болады.
Тармақ 30
30. Операциялар бухгалтерлік есеп тіркелімінде хронологиялық тәртіппен көрсетіледі және бухгалтерлік есептің тиісті шоттарында талдамалық есеп деңгейінде топтастырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Бухгалтерлік есеп құжаттарын сақтау
3-параграф. Бухгалтерлік есеп құжаттарын сақтау
Тармақ 31
31. Ұйым құжаттарды жедел (сол немесе өзге де материалдарды пайдалану қажет болған жағдайларда), уақытша (ұзақ мерзімді) және тұрақты сақтауды қамтамасыз етеді. Уәкілетті ұйымдар кейіннен архивке бере отырып, операциялық күннің соңына дейін кассада бір күн ішінде жүзеге асырылған операциялар бойынша бастапқы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 32
32. Ұйымның басшылығы құжаттарды жедел сақтауды және қызметтің жекелеген бағыттары бойынша арнайы есепке алуға және сақтауға жататын құжаттарды қалыптастыруға жауапты тұлғаны (немесе тұлғаларды) белгілеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 33
33. Қайта ұйымдастырылатын ұйымдар сақтауға тиіс істерді және құжаттарды белгіленген тәртіппен қабылдау-өткізуді қамтамасыз етеді. Істерді және құжаттарды қабылдау және өткізу туралы мәліметтер ұйымды қайта ұйымдастырудың аяқталғаны туралы материалдарда көрсетіледі.
Тармақ 34
34. Бастапқы құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларда ғана алынады.
Тармақ 35
35. Арнайы есепке алуға және сақтауға жататын құжаттарды қалыптастыру үшін жауапты тұлға бастапқы құжаттар алынған күн, уақыты, тізбесі және құжаттарды және негізінде алу жүзеге асырылған құжаттың көшірмесін алған тұлғаның деректемелері (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, жұмыс орны) туралы ақпараттың болуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 36
36. Құжаттар жоғалған (ұрланған, бүлінген, жойылған және басқа) немесе бүлінген (өрт, су басу, табиғат апаты және басқа) жағдайда, ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) олардың жоғалу немесе бүліну себептерін тексеру және кінәлі адамдарды анықтау жөніндегі комиссияны тағайындайды. Комиссияның жұмыс нәтижелері бойынша акті ресімделеді, оны ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) бекітеді. Актіде: оқиға орны және себептері, сыртқы зақымдану сипаты егжей-тегжейлі сипатталады, жоғалған (зақымдалған) құжаттардың тізбесі келтіріледі, бастапқы құжаттардың сақталуына жауапты тұлғалар көрсетіледі. Бастапқы құжаттардың сақталуы үшін жауапты тұлғалар комиссияға болған жағдай туралы жазбаша түсіндірме береді. Актінің көшірмесі ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе құрылтайшыларға жіберіледі. Құжаттар жоғалған жағдайда басшы оларды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 37
37. Ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) және құжаттарды сақтауға жауапты қызметкер ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес бас бухгалтермен келісілген ұйымның құжаттарын жүргізуді және сақтауды дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Құжаттар электрондық тасымалдағыштарда жүргізілген және сақталған жағдайда ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру
4-тарау. Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 38
38. Ұйымның бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру схемасына сәйкес Қағидалардың қосымшасында белгіленген нысан бойынша былайша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ұйым жүргізген барлық операциялардың егжей-тегжейлі бухгалтерлік есебі тек бастапқы құжаттар негізінде талдамалық есеп шоттарында ғана көрсетіледі;
Тармақша 2
2) есепке қабылдаған бастапқы құжаттардағы ақпарат бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде жинақталып, жүйеге келтіріледі;
Тармақша 3
3) талдамалық есеп деректері синтетикалық есепке алу шоттары бойынша топтастырылады;
Тармақша 4
4) синтетикалық есепке алу деректері бас кітапта немесе деректер базасында көрсетіледі;
Тармақша 5
5) бас кітаптың немесе деректер базасының ақпараты негізінде қаржылық есептілік және бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілік қалыптастырылады.
Тармақ 39
39. Бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру құжат айналымын нақты қалыптастыру, барлық операциялар мен оқиғаларды дұрыс, уақтылы және дәйекті көрсету және уақтылы және сапалы бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 39-1
39-1. Бухгалтерлік есепте есепке алу объектісіне байланысты тиісінше актив, пассив және актив-пассив шоттар, сондай-ақ актив және пассив шоттардың қалдығын нақтылауға арналған контрактив және контрпассив шоттар пайдаланылады. Мүлікті (активтерді) есепке алуға арналған бухгалтерлік есеп шоттары актив шоттар болып табылады. Активтерді (пассивтерді) қалыптастыру көздерін және үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерді есепке алуға арналған бухгалтерлік есеп шоттары пассив шоттар болып табылады. Активтерді, сондай-ақ оларды қалыптастыру көздерін бір мезгілде есепке алуға арналған бухгалтерлік есеп шоттары актив-пассив шоттар болып табылады. Негізгі актив шоттың қалдығын нақтылау (түзету) үшін пайдаланылатын шот контрактив шот болып табылады. Пассив шотта есепке алынатын активтерді қалыптастыру көздерінің сомасын нақтылауға (түзетуге) арналған шот контрпассив шот болып табылады. Пассив шоттар бойынша дебеттік қалдықтар және актив шоттар бойынша кредиттік қалдықтар қалыптастырылмайды.
Тармақ 40
40. Өзге ұйымдардың (ұйымдарға) активтерін және (немесе) міндеттемелерін бастапқы құжаттар негізінде қабылдау (өткізу) кезінде деректерді бухгалтерлік есептің ақпарат жүйесіне импорттау жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Касса операцияларын бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
2-параграф. Касса операцияларын бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 41
41. Әрбір кассалық операция, оның ішінде кассаны толтыру, ұйымның кассалары арасында ақшаның ауыстырылуы кіріс немесе шығыс касса кітабында тіркеледі. Кіріс немесе шығыс касса кітаптары қағаз тасымалдағышта, сол сияқты электрондық түрде жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Касса кітаптарын қағаз тасымалдағышта көшірмелерін сақтамай, электрондық түрде жүргізген кезде ұйым электрондық касса кітаптарының сақталуы мен қолжетімділігін растайтын ішкі құжаттың болуын, өткен операциялық күннің соңына және келесі операциялық күннің басына касса кітаптарында көрсетілген нәтижелердің теңдігін, сондай-ақ бухгалтерлік есепте көрсетілген сомаларымен, ұйымның барлық кассалары қалдықтары сомасының теңдігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 43
43. Қажет болғанда ұйымның ішкі құжаттарымен әртүрлі кассалардағы қалдықтардың лимиті белгіленеді.
Тармақ 44
44. Қолма-қол ақшаны қайта есептеуден (есептеуден) кейін касса кітабында операциялық күннің аяғына қалдық шығарылады және жауапты кассир кассалық операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуге жауапты бөлімшемен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Тармақ 45
45. Қолма-қол ақшаны қабылдау ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) белгілеген лауазымды тұлға (тұлғалар), кассир және қолма-қол ақшаны енгізген адам қол қойған кассалық кіріс ордері (бұдан әрі – кіріс ордері) бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны енгізген адамға лауазымды тұлға және кассир қол қойған түбіртек (кіріс ордерінің жыртпалы бөлігі) беріледі.
Тармақ 46
46. Кассаға басқа құндылықтарды қабылдау ұйымның ішкі құжаттарымен белгіленген нысандар бойынша ресімделеді. Басқа құндылықтарға, оның ішінде құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқасы (жерді пайдалану құқығы актісі, жылжымайтын мүліктің құжаттары және басқалары), сондай-ақ рұқсат құжаттары (лицензиялар, патенттер және басқалары) жатады.
Тармақ 47
47. Кассадан қолма-қол ақшаны беру ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлға) белгілеген лауазымды тұлға (тұлғалар), кассир және қолма-қол ақшаны алатын тұлға қол қойған шығыс касса ордері (бұдан әрі - шығыс ордері) бойынша жүргізіледі.
Тармақ 48
48. Барлық кіріс және шығыс ордерлерін оларды кассаға бергенге дейін бухгалтерлік қызмет кіріс және шығыс касса құжаттарына арналып жеке ашылатын кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркейді.
Тармақ 49
49. Еңбекақы төлеуді, уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы, стипендиялар, сыйлықтар төлеуді ақшаны беру кезінде әрбір алушыға шығыс ордерін жасамастан, төлем ведомостары бойынша кассир жүргізеді.
Тармақ 50
50. Берілген жалақының жалпы сомасына бір шығыс ордері жасалады, оның күні мен нөмірі әрбір төлем ведомосында көрсетіледі.
Тармақ 51
51. Жекелеген тұлғаларға жалақы үшін қолма-қол ақшаны бір жолғы беру шығыс ордерлері бойынша жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Кіріс және шығыс ордерлерін немесе олардың орнына қолданылатын құжаттарды алған кезде кассир:
Тармақша 1
1) ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлға) белгілеген лауазымды тұлғаның (тұлғалардың) құжаттарда қолының болуы мен түпнұсқалығын;
Тармақша 2
2) құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын;
Тармақша 3
3) құжаттарда көрсетілген қосымшалардың болуын тексереді.
Тармақ 53
53. Қағидалардың 52-тармағының бір талабы сақталмаған жағдайда кассир тиісінше ресімдеу үшін құжаттарды бухгалтерлік қызметке қайтарады.
Тармақ 54
54. Кіріс және шығыс ордерлері немесе олардың орнына қолданылатын құжаттар мөртабанмен және күні, айы, жылы көрсетіле отырып, «Алынды» немесе «Төленді» деп қол қойыла отырып, міндетті түрде жарамсыз етуге жатады.
Тармақ 55
55. Қолма-қол ақшамен есептеуді жүзеге асыру үшін ұйым әр касса үшін жеке касса кітабын жүргізеді. Кассалық кітаптар нөмірленеді және тігіледі. Касса кітабындағы парақтар саны ұйым (филиал, өкілдік) басшысының (не оның орнындағы адамның) және бас бухгалтерінің қолдарымен расталады.
Тармақ 56
56. Әрбір ордер немесе олардың орнына қолданылатын құжат бойынша қолма-қол ақша алынғаннан кейін немесе берілгеннен кейін кассир бірден касса кітабына жазбаларды жүргізеді. Күн сайын жұмыс күнінің соңында кассир бір күнгі операциялар жиынын есептеп шығарады, кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шығарады және касса кітабына қол қою арқылы кіріс және шығыс касса құжаттарын бірге бере отырып, кассир есебін (бір күнгі касса кітабындағы жазбалардың екінші жыртпа парағын) бухгалтерлік қызметке береді. Бір мезетте кассир бухгалтерлік есеп деректері бойынша кассадағы қолма-қол ақшаның қалдығын нақты қолма-қол ақшамен салыстырып тексереді.
Тармақ 57
57. Касса кітабының дұрыс әрі уақтылы жүргізілуін ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) бас бухгалтері бақылайды.
Тармақ 3. 3-параграф. Кассаға ревизия жүргізу
3-параграф. Кассаға ревизия жүргізу
Тармақ 58
58. Кассаға міндетті түрде ревизия жүргізу ұйым басшысы (не оның орнындағы тұлға) белгіленген мерзімде, бірақ жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Жылына кемінде бір рет кассадағы барлық қолма-қол ақшаны және өзге де құндылықтарды қайта санай отырып, кенеттен ревизия жүргізіледі.
Тармақ 59
59. Кассаға ревизия жүргізу мына жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) кассадағы құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар ауысқан кезде;
Тармақша 2
2) кассадағы құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалар уақытша ауысқан кезде.
Тармақ 60
60. Ұйымда ревизияларды және құндылықтарды тексеруді жүргізу ұйым клиенттеріне кәдімгі кассалық қызмет көрсетуді бұзбай жүзеге асырылады. Ревизия басшысы ревизияны жүргізуді дұрыс ұйымдастыруды және жүргізу ережелерін орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 61
61. Жасалған ревизия актісіне ревизияға қатысқан барлық қызметкерлер және қолма-қол ақшаға және құндылықтарды сақтауға жауапты лауазымды тұлға қол қояды.
Тармақ 62
62. Ревизия актісінде және оның қосымшаларында мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) касса кітаптарында бухгалтерлік есеп бойынша ревизия күніне есептелген ақша мен құндылықтардың сомасы;
Тармақша 2
2) құндылықтардың нақты сомасы;
Тармақша 3
3) ревизия кезінде анықталған шығасылар және ақша мен құндылықтардың кем шығуы;
Тармақша 4
4) касса құжаттарын дұрыс ресімдеу, касса кітаптарын және өзге бастапқы құжаттарды жүргізу;
Тармақша 5
5) кілттер мен мөртабандардың, сондай-ақ кілттерді, мөрлерді, мөртабандарды, пломбирлерді беру мен тапсыруды есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы;
Тармақша 6
6) ерекше ескертулер.
Тармақ 63
63. Қолма-қол ақшаның және құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың ауысуына немесе уақытша ауысуына байланысты ревизия жүргізген кезде кассадағы ақшаларды және құндылықтарды, кассаның кілттері мен мөрлерін беру туралы жазба ревизия актісінде жүргізіледі.
Тармақ 64
64. Ақшаны және құндылықтарды сақтаумен және олармен операцияларды жасаумен байланысты құжаттарға қол қоюды ревизия аяқталған және ревизия актісіне қол қойылған соң, ақша мен құндылықтарды тапсырушы тұлға жүргізеді.
Тармақ 65
65. Ревизия нәтижелері ревизия аяқталған сол кезеңнің бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілігінде көрсетіледі. Кассаны ревизиялау кезінде анықталған айырмашылықтар шығасылар туындаған кезде кіріс ретінде және кем шығулар туындаған кезде шығыс ретінде танылады.
Тармақ 4. 4-параграф. Банк шоттармен жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
4-параграф. Банк шоттармен жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 66
66. Банк шоттармен жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заң талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 67
67. Міндетті түрде, жылына кемінде бір рет ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес фронт-офис пен бэк-офис арасында банк шоттарының және олар бойынша кірістердің (шығыстардың) қалдықтары бойынша ақпаратты салыстырып тексеру жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Берілген (алынған) қарыздарды және тартылған (орналастырылған) депозиттерді бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
5-параграф. Берілген (алынған) қарыздарды және тартылған (орналастырылған) депозиттерді бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 68
68. Берілген (алынған) қарыздарды және тартылған (орналастырылған) депозиттерді бухгалтерлік есепке алуды ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 68-1
68-1. Ұйымның ішкі құжаттарымен мыналар реттеледі, оның ішінде:
Тармақша 1
1) қарыз операцияларын (берілген/алынған қарыздарды) көрсету тәртібі;
Тармақша 2
2) қаржы активтерін басқару үшін ұйым бекіткен бизнес-модельдерге және шартта көзделген ақша ағындарына байланысты қарыз шарттарының сипаттамаларына сүйене отырып берілген қарыздарды сыныптау тәртібі;
Тармақша 3
3) қаржы активі бойынша ақшалай қаражат ағындарының СППИ (Солели Пайментс оф Принсипал энд Интерест – Solely Payments of Principal and Interest) өлшемшартына сәйкестігін бағалау тәртібі, яғни қарыз шартының талаптарында тек қана негізгі сома мен сыйақыны төлеуді білдіретін ақшалай қаражат ағындарының белгіленген мерзімде туындауы көзделген бе;
Тармақша 4
4) мыналар қамтылатын, бірақ онымен шектелмейтін, сатып алынған немесе жасалған кредиттік-құнсызданған қарыз шартын (қарыздар шарттарын) есепке алу тәртібі: маңызды және маңызды емес модификация өлшемшарттары; маңызды және маңызды емес модификация белгілері болған кезде қарыз шарттарын есепке алу тәртібі;
Тармақша 5
5) тартылған (орналастырылған) депозиттерді көрсету тәртібі;
Тармақша 6
6) ұйымның қалауы бойынша берілген (алынған) қарыздарды және тартылған (орналастырылған) депозиттерді есепке алудың басқа да мәселелері.
Тармақ 69
69. Бухгалтерлік есепте қарыздарды беру (алу) және депозиттерді тарту (орналастыру) бойынша операцияның нәтижесін бухгалтерлік есепте көрсету және (немесе) көрсетуді тексеру ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде фронт-офис беретін бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 70
70. Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес тоқсанына кемінде бір рет фронт-офис пен бэк-офис арасында берілген (алынған) қарыздар және тартылған (орналастырылған) депозиттер бойынша шоттардың қалдықтары жөніндегі ақпаратты салыстырып тексеру жүзеге асырылады.
Тармақ 71
71. Алты айда кемінде бір рет фронт-офис меморандум шоттарында көрсетілген қабылданған кепіл мүлкінің және берілген қарыздар бойынша талаптардың шоттардағы қалдығының жеткіліктілігін салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Берілген қарыздар бойынша талаптарды жабу үшін кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда фронт-офис ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жұмыс жүргізеді.
Тармақ 72
72. Кепіл мүлкінің құны өзгерген жағдайда фронт-офис бэк-офиске бухгалтерлік есепте өзгерістерді көрсету үшін ұйымның ішкі құжаттарымен белгіленген растау құжатын жібереді. Кепілдерді есепке алу бойынша қосалқы модуль болған жағдайда, кепілдердің құнын қайта бағалау бойынша автоматты бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асыруға рұқсат етіледі.
Тармақ 73
73. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамына не күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алатын еншілес ұйымға берілген қарыздар болған жағдайда, ұйымның ішкі құжаттарымен белгіленген кезеңділікпен, бірақ жылына кемінде бір рет тиісті қарыздар бойынша, оның ішінде осы ұйымдырдың бухгалтерлік есебінде көрсетілген қарыздар бойынша ақпаратты салыстырып тексеру жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ұйымның ішкі құжаттарымен белгіленген құжат жасалады.
Тармақ 6. 6-параграф. Инвестициялық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
6-параграф. Инвестициялық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 74
74. Инвестициялық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 75
75. Бэк-офистің бухгалтерлік есепте инвестициялық қызмет бойынша операцияларды көрсетуі және (немесе) тексеруі фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар және (немесе) ақпарат жүйесіне енгізілген ақпаратты бастапқы құжаттармен салыстырып тексеру негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 76
76. Инвестициялық қызмет бойынша жасалған операциялардың параметрлері өзгерген жағдайда фронт-офис операциялық күннің аяқталуынан кешіктірмей барлық растайтын бастапқы құжаттарды бухгалтерлік есепте өзгерісті көрсету үшін бэк-офиске береді.
Тармақ 77
77. Аптасына кемінде бір рет фронт-офис ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте инвестициялық қызмет бойынша бухгалтерлік есепте жасалған және көрсетілген операциялардың саны және сомасы бойынша бэк-офиспен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 78
78. Ұйым ішкі құжаттарда белгіленген кезеңділікпен, бірақ алты айда кемінде бір рет ұйымда есепте тұрған бағалы қағаздар бойынша ақпаратты депозитариймен, номиналды ұстаушымен және (немесе) кастодианмен міндетті салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 79
79. Ұйымда жауапты бөлімше болып табылатын бөлімше ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен және тәртіппен талдамалық және синтетикалық есепке алу деректерін салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 7. 7-параграф. Дебиторлық және кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
7-параграф. Дебиторлық және кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 80
80. Дебиторлық және кредиторлық берешекті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 81
81. Бухгалтерлік есепте дебиторлық және кредиторлық берешекпен операцияларды көрсету және (немесе) тексеру фронт-офис уақтылы ұсынған бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 82
82. Фронт-офис дебиторлық және кредиторлық берешек шоттары бойынша қалдықтар мен қозғалысты бэк-офиспен салыстырып тексеруді ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен және тәртіпте жүзеге асырады. Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген құжат жасалады.
Тармақ 8. 8-параграф. Қорларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
8-параграф. Қорларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 83
83. Қорларды бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 84
84. Бэк-офистің бухгалтерлік есепте қорлармен операцияларды көрсетуі және (немесе) тексеруі, оның ішінде ұйым ішінде қорлардың ауыстырылуы фронт-офис уақтылы ұсынған бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 85
85. Қорларды жұмсау ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген нормалар шегінде бастапқы құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 9. 9-параграф. Белгіленген активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
9-параграф. Белгіленген активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 86
86. Белгіленген активтердің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 87
87. Бэк-офистің белгіленген активтер бойынша операцияны бухгалтерлік есепте көрсетуі және (немесе) тексеруі, оның ішінде белгіленген активтердің ұйым ішінде орын ауыстыруы фронт-офис уақтылы ұсынатын бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 88
88. Фронт-офис белгіленген активтердің бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкестігін бэк-офиспен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 89
89. Ұйым халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзірленген ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен және тәртіппен белгіленген активтердің құнсыздануына тест жүргізеді».
Тармақ 10. 10-параграф. Ұйым міндеттемелерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
10-параграф. Ұйым міндеттемелерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 90
90. Ұйым міндеттемелерінің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 91
91. Ұйым міндеттемелері бойынша операцияны бухгалтерлік есепте көрсету және (немесе) тексеру фронт-офис уақтылы ұсынатын бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 92
92. Фронт-офис ұйым міндеттемелері шоттарының қалдықтары жөніндегі ақпаратты бэк-офиспен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 93
93. Фронт-офис шығарылған облигациялар болған жағдайда, шығарылған облигациялар бойынша, оның ішінде шығарылған ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету бойынша шоттардың қалдықтары жөніндегі ақпаратты бэк-офиспен салыстырып тексеруді тоқсан сайын кемінде бір рет жүзеге асырады.
Тармақ 11. 11-параграф. Капиталдың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
11-параграф. Капиталдың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 94
94. Капиталдың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 95
95. Бэк-офистің капиталмен операцияны бухгалтерлік есепте көрсетуі және (немесе) тексеруі фронт-офис уақтылы ұсынатын бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 96
96. Ұйымның басқару органдарының шешімдерін тіркеуге жауапты бөлімше басқару органдарының барлық қабылданған шешімдері бойынша бухгалтерлік есептің тиісті шоттарындағы ақпараттың бар екендігін және нақтылығын бэк-офиспен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте, бірақ жылына кемінде бір рет жүзеге асырады.
Тармақ 12. 12-параграф. Кірістердің (шығыстардың) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
12-параграф. Кірістердің (шығыстардың) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 97
97. Кірістердің (шығыстардың) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 98
98. Ұйым іске асыратын операциялардың бизнес-процесіне қатысатын бөлімшелер ұйым іске асыратын операциялар бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген кірістердің (шығыстардың) толықтығын бэк-офиспен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 13. 13-параграф. Шартты талаптар мен міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
13-параграф. Шартты талаптар мен міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 99
99. Шартты талаптар мен міндеттемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 100
100. Бэк-офистің бухгалтерлік есептегі шартты талаптар мен міндеттемелерді көрсетуі және (немесе) тексеруі фронт-офис уақтылы ұсынатын бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 101
101. Фронт-офис бухгалтерлік есепте жасалған және көрсетілген шартты талаптар мен міндеттемелердің саны мен сомасы бойынша, сондай-ақ талдамалық және синтетикалық есептің деректері бойынша бэк-офиспен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте, алайда апта сайын кемінде бір рет жүзеге асырады.
Тармақ 102
102. Бэк-офис фронт-офис уақтылы ұсынатын бастапқы құжаттардың негізінде бухгалтерлік есептегі шартты талаптар мен міндеттемелердің қайта бағалануын көрсетеді (тексереді).
Тармақ 14. 14-параграф. Меморандум шоттарының бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
14-параграф. Меморандум шоттарының бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру
Тармақ 103
103. Меморандум шоттарының бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру Бухгалтерлік есеп туралы заңның талаптарына және ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 104
104. Бэк-офистің меморандум шоттарындағы операцияларды көрсетуі және (немесе) тексеруі фронт-офис уақтылы ұсынатын бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 105
105. Фронт-офис меморандум шоттарына есепке алынуы тиіс операциялар бойынша бэк-офиспен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
Тармақ 15. 15-параграф. Мүлікті жүйеден тыс есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
15-параграф. Мүлікті жүйеден тыс есепке алуды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 106
106. Жүйеден тыс есепке алу болған кезде бас бухгалтер және (немесе) ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлға) айқындаған тұлға ұйымдағы мүліктің сақталуы бойынша бақылаудың қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Тармақ 107
107. Жүйеден тыс есепке сатып алынған және алынған негізгі құрал-жабдықтар, материалдық емес активтер және балансқа кіріске алынғанға дейінгі, сондай-ақ құны анықталғанға дейінгі қорлар, өтеусіз алынған немесе сот шешімі бойынша құны анықталғанға дейінгі мүлік, баланстық құны анықталғанға дейінгі және балансқа кіріске алынғанға дейінгі мүлікке түгендеу жүргізу кезінде анықталған артық шығулар, мөртабандар мен мөрлер және жүйеден тыс есепке алынуға тиісті мүлік ретінде ұйым анықтаған өзге де мүлік алынуы тиіс.
Тармақ 108
108. Мүлік бастапқы құжаттар негізінде жүйеден тыс есептің кірісіне алынады.
Тармақ 109
109. Жүйеден тыс есепке алынған мүліктің есебі сандық және (немесе) құндық көрсетуде жүргізіледі.
Тармақ 110
110. Жүйеден тыс есепке алынған, материалдық жауапты адамның есебінде тұрған мүлікті есепке алу үшін ол бизнес процестері ескеріле отырып ұйымның ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша мүлікті есепке алу журналын арнап, жүргізеді.
Тармақ 111
111. Материалдық жауапты тұлғалар нақты мүлікті жүйеден тыс есептегі деректермен салыстырып тексеруді кезеңділікпен және ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады. Жүйеден тыс есептегі мүліктің кем шығуы материалдық жауапты тұлғаға арналған дебиторлық берешек шоттарындағы ұйымның бухгалтерлік есебінде көрсетіледі.
Тармақ 112
112. Мүлікті жүйеден тыс есепке алу ұйымның бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті немесе бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жасау үшін қолданатын ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Түгендеу
5-тарау. Түгендеу
Тармақ 1. 1-параграф. Жалпы ережелер
1-параграф. Жалпы ережелер
Тармақ 113
113. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында активтер мен міндеттемелерді түгендеу жүргізіледі. Түгендеудің негізгі мақсаты:
Тармақша 1
1) талдамалық есеп шоттарының қалдықтарын түгендеу нәтижелерімен растау арқылы мүліктің бухгалтерлік есеп деректерімен нақты болуын салыстырып тексеру;
Тармақша 2
2) түгендеу күні мүліктің жай-күйін анықтау;
Тармақша 3
3) дебиторлық және кредиторлық берешек, күрделі және ағымдағы жөндеу, аяқталған және аяқталмаған құрылыс есебінде толық көрсетілгенін тексеру және растау арқылы мүліктің нақты қолда барын анықтау болып табылады.
Тармақ 114
114. Орналасқан орнына қарамастан, сондай-ақ ұйымға тиесілі емес, бірақ бухгалтерлік есепте бар (жауапты сақтаудағы, шартқа сәйкес жалға алынған, қайта өңдеу үшін алынған, комиссияға қабылданған) барлық мүлік, сондай-ақ қандай да бір себептермен есепке алынбаған мүлік және міндеттемелердің барлық түрлері түгендеуге жатады.
Тармақ 115
115. Активтер мен міндеттемелерді тексеру ауқымының дәрежесіне байланысты толық, ішінара, іріктеп түгендеу белгіленеді. Толық түгендеу активтер мен міндеттемелердің барлығын дерлік қамтиды. Ішінара және іріктеп түгендеу активтер мен міндеттемелердің бір немесе бірнеше түрін қамтиды.
Тармақ 116
116. Активтер мен міндеттемелерді толық түгендеу жылына кемінде бір рет жүргізіледі. Айрықша жағдайларда (еңсерілмейтін күш жағдайлары (төтенше жағдай, пандемия), ұйымдарды біріктіру, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің көшуі сияқты) активтер мен міндеттемелерді толық түгендеу ұйымның уәкілетті органының шешімі бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады. Ішінара түгендеу қажет болған кезде жиі жүргізіледі. Ішінара түгендеу кезінде активтер мен міндеттемелердің түрлерін қамтуды ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе ұйымның басшысы белгілеген лауазымды адам (адамдар) бекітеді.
Тармақ 117
117. Түгендеу жүргізу мерзімдеріне байланысты жоспарлы (белгіленген мерзімдерде), жоспардан тыс (қажеттілігіне қарай), кенеттен (жоғары тұрған органдардың өкімдері бойынша, олардың құрылтайшы, ұйым басшысы құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдардың талабы бойынша) түгендеу белгіленеді.
Тармақ 118
118. Түгендеу міндетті түрде:
Тармақша 1
1) материалдық жауапты адамдар, лауазымды тұлғалар ауысқан кезде;
Тармақша 2
2) мүлікті талан-таражға салу немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүліну фактілері анықталған кезде;
Тармақша 3
3) табиғат апаттары, өрт, авария жағдайларында немесе басқа да төтенше жағдайларда;
Тармақша 4
4) бөлу балансын жасау алдында ұйымды қайта ұйымдастыру кезінде және басқа да жағдайларда;
Тармақша 5
5) ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Түгендеу нөмірлері немесе штрих кодтар
2-параграф. Түгендеу нөмірлері немесе штрих кодтар
Тармақ 119
119. Баланста және жүйеден тыс есепте тұрған мүлікке бақылау жасау үшін ұйым әрбір мүлікке жекелеген түгендеу нөмірін және (немесе) ұйымда белгіленген тәртіпте штрих кодтарды беру арқылы есепке алынуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Түгендеу нөмірлері және (немесе) штрих кодтар олардың түсуіне қарай мүлік объектілеріне реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі.
Тармақ 120
120. Түгендеу нөмірі мүлікті кодтық белгілеу үшін ұйым қолданатын әріптік және (немесе) цифрлық белгілер комбинациясын білдіреді.
Тармақ 121
121. Штрих код (бұдан әрі – штрих нөмірі) мүлікті кодтық белгілеу үшін машинада оқылатын нысанда (көріп оқылатын белгілер) жүйелі орналасқан параллель штрихтарды және олардың арасындағы аралықтарды білдіреді. Штрих нөмірлер мүлікке түгендеу жүргізу кезінде арнайы құрылғымен салыстырылып тексеріледі. Штрих нөмірлерде қажет болған жағдайда мүліктің атауы, түгендеу және зауыт нөмірі, моделі, маркасы, типі, сондай-ақ коды көрсетіледі.
Тармақ 122
122. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтерді есепке алу үшін ұйым ақпарат жүйесінде әрбір жекелеген объектіге арналған түгендеу карточкасын жүргізуді қамтамасыз етеді. Түгендеу карточкасының нысанын ұйым өз бетінше әзірлейді. Түгендеу карточкасы негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер объектісінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштерін қамтиды.
Тармақ 123
123. Ұйым баланста және жүйеден тыс есепте тұрған мүлікке берілген түгендеу нөмірлері және (немесе) штрих нөмірлері бар қолда бар мүліктің жіктелімін жүргізеді.
Тармақ 124
124. Таңбалануы мүмкін болмайтын мүлікті есепке алу және оған бақылау жасау үшін ұйым қажет болған жағдайда мүліктің тиісті бірлігінің деректемелерінің қарсысына түгендеу нөмірі және (немесе) штрих нөмірі жапсырылатын мүлікті есепке алу журналын еркін нысанда жүргізеді.
Тармақ 125
125. Түгендеу нөмірлері және (немесе) штрих нөмірлері мүлік объектісінде оны пайдаға асырудан толық шығарғанға дейін не жеке немесе заңды тұлғаларға өтеусіз беру не сату не жою (бөлшектеу) арқылы пайдаланудан шығарылғанға дейін сақталады.
Тармақ 3. 3-параграф. Түгендеуді жүргізу тәртібі
3-параграф. Түгендеуді жүргізу тәртібі
Тармақ 126
126. Активтер мен міндеттемелерге түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оның құрамы ұйым басшысының (не оның орнындағы тұлғаның) бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 127
127. Түгендеу комиссиясының құрамына (бұдан әрі - комиссия) бухгалтерлік қызметтің қызметкерлері және басқа қызметкерлер кіреді. Комиссия құру туралы бұйрықты бекіткеннен кейін комиссия төрағасына комиссияның құрамын, бұйрықтың нөмірі мен күнін, түгендеуге жататын объектіні, түгендеуді бастау және аяқтау мерзімдерін көрсетіп, ұйымның басшысы (не оның орнындағы тұлғаның) қойған қолымен жазбаша өкімді береді.
Тармақ 128
128. Түгендеу өткізілгенге дейін комиссия мүшелері: осы объектілер бойынша өткізілген соңғы түгендеу материалдарымен, соңғы түгендеу нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен толық танысады; қосалқы үй-жайларға, жертөлелерге және бөлек кіретін және шығатын есіктері бар басқа да мүлік сақтау орындарына пломба салады; түгендеу сәтінде соңғы кіріс және шығыс құжаттарының тізілімін немесе түгендеуге тиісті мүліктің қозғалысы туралы есептерді алады.
Тармақ 129
129. Мүлікті түгендеу мүліктің орналасқан орны бойынша жүргізіледі. Нақты қалдықтарды тексеру материалдық жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі, бұл ретте, материалдық жауапты адам өзінің учаскесінде комиссия мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 130
130. Есептеу және басқа өлшеулердің нәтижелері түгендеу тізімдемесіне - түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күнге кем дегенде екі данада мүліктің және міндеттемелердің іс жүзінде болуын растайтын құжат, оған комиссияның барлық мүшелері және материалдық жауапты адам қол қояды. Тізімдеме соңында материалдық жауапты адам комиссияның оның қатысуымен мүлікті тексергенін растайтын, комиссия мүшелеріне қандай да бір талап-арыздарының жоқ екендігі туралы қолхат береді. Материалдық жауапты адам ауысқан жағдайда мүліктің нақты болуын тексеру кезінде түгендеу тізімдемелерінде осы мүлікті қабылдаған адам оларды қабылдағаны, ал өткізген адам - өткізгені жөнінде қол қояды.
Тармақ 131
131. Егер мүлікті түгендеу бірнеше күн ішінде жүргізілсе, онда түгенделетін мүлік сақталған үй-жай күн сайын комиссия мүшелерінің және материалдық жауапты адамның қатысуымен мөр басып жабылады.
Тармақ 132
132. Ұйымға меншік құқығында тиесілі емес, бірақ олардағы мүлікке жеке түгендеу тізімдемелері жасалады.
Тармақ 133
133. Жарамсыз болған мүлікке жеке түгендеу тізімдемесі жасалады.
Тармақ 134
134. Түгендеу аяқталғаннан соң ресімделген түгендеу тізімдемесі бухгалтерлік қызметке тапсырылады.
Тармақ 135
135. Бухгалтерлік қызмет түгендеу тізімдемелерін бухгалтерлік есепте тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 4. 4-параграф. Ақшаны, ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу
4-параграф. Ақшаны, ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу
Тармақ 136
136. Ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу толық әр парақтық есеппен жүргізіледі. Бүлінген орамдағы қолма-қол ақша, сондай-ақ жекелеген банкноттар мен монеталар комиссия мүшесінің қатысуымен әр парақтық есептеуге және дөңгелектер бойынша есептеуге жатады.
Тармақ 137
137. Ақша белгілерін, ақша құжаттарын және қатаң есептілік бланкілерін түгендеу нәтижелері түгендеу тізімдемесінде көрсетіледі. Қолма-қол ақша купюрасы мен сомасы бойынша түгендеу тізімдемесі енгізіледі.
Тармақ 138
138. Түгендеу тізімдемесі бухгалтерлік есептің деректерімен салыстырып тексеріледі. Комиссия артық шығу мен кем шығуды анықтаған кезде түгендеу нәтижесі бойынша хаттамада сомасы көрсетіледі.
Тармақ 139
139. Жолдағы ақшаны түгендеу осы шоттың есебіндегі сомаларды салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі: қолма-қол ақшаны өткізгенде – банктің түбіртегінің деректерімен, қызмет көрсететін банктің инкассаторларына ақшаны өткізуге ілеспе ведомосының көшірмелері және басқалар; меншік иегері немесе басқа ұйымдар аударған сомалар бойынша – тапсырманың күнін, нөмірін, сомасын және аударымды қабылдаған қызмет көрсететін банктің атауын көрсетіп, олардан алынған хабарламаға сәйкес.
Тармақ 140
140. Банк шотындағы ақшаны түгендеу ұйымның бухгалтерлік қызметінің деректері бойынша тиісті шоттардағы сомалардың қалдықтарын банктердің үзінді көшірмелерінің деректерімен салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі.
Тармақ 5. 5-параграф. Есеп айырысуды түгендеу
5-параграф. Есеп айырысуды түгендеу
Тармақ 141
141. Кредиттер бойынша банктермен, бюджетпен, жеткізушілермен, есеп беретін тұлғалармен, қызметкерлермен, депоненттермен және басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу: банктермен, қазынашылық органдарымен, қаржы, салық органдарымен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және ерікті жинақтаушы зейнетақы, еншілес ұйымдарымен есептердің бірдейлігін тексерумен; талап-арыздың ескіру мерзімі өткен сомаларды қоса алғанда, берешек сомаларының дұрыстығын және негізділігін тексерумен; ұйым қызметкерлеріне берешек бойынша депоненттердің шотына аударуға жататын уақтылы төленбеген жалақының сомасын, сондай-ақ ұйымның қызметкерлеріне артық төленген сомалар мен себептерді анықтаумен сипатталады.
Тармақ 142
142. Жолдағы тауар сомасы мен фактураланбаған жеткізілімдер бойынша жеткізушілермен есептесу бөлігінде кредиторлық берешек шоттары тексеруге жатады.
Тармақ 143
143. Есеп берілетін сомаларды түгендеу кезінде мақсатты пайдалануын ескеріп, берілген аванстар бойынша есеп беретін тұлғалардың есептері, сондай-ақ әр есеп беретін тұлға бойынша берілген аванстардың сомалары тексеріледі (беру күні, мақсатты пайдалануы).
Тармақ 144
144. Келешектегі кезеңдердің кірістерін (шығыстарын) түгендеу кезінде құжаттар жөніндегі комиссия шотта көрсетілуі тиіс соманы анықтайды және бухгалтерлік есепте көрсетілуге тиіс соманы түгендеу тізімдемесіне енгізеді.
Тармақ 6. 6-параграф. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді түгендеу
6-параграф. Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық емес активтерді түгендеу
Тармақ 145
145. Материалдық емес активтерді түгендеу кезінде: материалдық емес активтерді есепте көрсетудің дұрыстығы мен уақтылығы; ұйымның оны қолдануға құқығын растайтын құжаттардың (патенттер, лицензиялық келісімдер, тауар белгілері және басқалар) болуы тексеріледі.
Тармақ 146
146. Ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес негізгі құрал-жабдықтарды түгендеу басталғанға дейін не түгендеу сәтінде: ттүгендеу тізімдемелерінің және негізгі құрал-жабдықтарды есепке алу жөніндегі тізімнің болуы және жай-күйі; техникалық паспорттардың және басқа техникалық құжаттамалардың болуы және жай-күйі; аталған объектілердің ұйымның меншігінде, жауапты сақтауда болуын растайтын құжаттардың, сондай-ақ жалдау шарттарының болуы тексеріледі. Құжаттар болмаған кезде олардың алынуы және ресімделуі қамтамасыз етіледі.
Тармақ 147
147. Негізгі құрал-жабдықтарды түгендеу кезінде комиссия объектілерді қарауды жүргізеді және түгендеу тізімдеріне олардың толық атауын, мақсатын, түгендеу нөмірлерін және негізгі техникалық және пайдаланушылық көрсеткіштерін кіргізеді.
Тармақ 148
148. Негізгі құрал-жабдықтар тізбесі түгендеу тізімдемесіне объектінің негізгі мақсатына сәйкес атаулары бойынша кіргізіледі. Егер объекті қайта қалпына келтірілсе, қайта жаңартылса, кеңейтілсе немесе қайта жабдықталса және осылардың салдарынан оның негізгі мақсаты өзгерсе, онда ол жаңа мақсатқа сәйкес келетін атауымен түгендеу тізімдемесіне кіргізіледі және қажет болған жағдайда бухгалтерлік есепте тиісті бухгалтерлік жазба жасалады.
Тармақ 149
149. Есепке алынбаған объектілер, сондай-ақ есептік тіркелімде оларды сипаттайтын деректер жоқ немесе деректер дұрыс көрсетілмеген объектілер анықталған кезде комиссия түгендеу тізімдемесіне жеткіліксіз, дәйекті мәліметтерді және осы объектілер бойынша техникалық көрсеткіштерді енгізеді.
Тармақ 150
150. Түгендеу кезінде ұйымның орналасқан жерінен тыс жерде орналасатын негізгі құрал-жабдықтардың объектілері (автомашиналар, күрделі жөндеуге жіберілген машиналар, құралдар мен соларға ұқсастар) ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес түгенделеді.
Тармақ 7. 7-параграф. Түгендеуді құжаттамалық ресімдеу
7-параграф. Түгендеуді құжаттамалық ресімдеу
Тармақ 151
151. Түгендеу тізімдемелер қағаз тасымалдағышта ресімделеді. Түгендеу тізімдемелеріндегі жазбалар түзетусіз және тазартусыз жүзеге асырылады.
Тармақ 152
152. Түгендеу тізімдеменің соңғы парақтарындағы ашық жолдар сызылып тасталады.
Тармақ 153
153. Материалдық жауапты адам тізімдемедегі қатені анықтаған жағдайда, түгендеу аяқталғаннан кейін дереу (қойманы, қамбаны, секцияны және соларға ұқсасты ашқанға дейін) түгендеу комиссияның төрағасына ол туралы хабарлайды. Комиссия көрсетілген фактілердің тексерілуін жүзеге асырады және олар расталған жағдайда, ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіпте анықталған қателердің жөнделуін жүргізеді.
Тармақ 154
154. Тізімдемелердің барлық даналарында қате жазбаларды сызып және олардың үстінен дұрыс жазбаларды жазу арқылы қателер түзетіледі. Түзетулер комиссияның барлық мүшелерімен және материалдық жауапты адаммен талданады және оған олар қол қояды.
Тармақ 155
155. Кем шығу мен артық шығуды жасыру мақсатында комиссияның тізімдемелерге қасақана қате деректерді енгізуіне жол берілмейді.
Тармақ 156
156. Салыстыру ведомостарында бухгалтерлік есептің деректері мен түгендеу тізімдемелерінің деректері бойынша көрсеткіштер арасындағы айырмашылықтар көрсетіледі. Салыстыру ведомостары түгендеу кезінде есептік деректерден ауытқуы анықталған активтер бойынша жасалады.
Тармақ 8. 8-параграф. Түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу нәтижелерін ресімдеу
8-параграф. Түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу нәтижелерін ресімдеу
Тармақ 157
157. Түгендеу кезінде бухгалтерлік есептің деректерімен және мүліктің нақты болуының анықталған айырмашылықтары шығасылар туындаған кезде кіріс ретінде және кем шығулар туындаған кезде шығыс ретінде танылады.
Тармақ 158
158. Комиссия түгендеу кезінде анықталған кем шығудың және артық шығудың себептерін айқындайды. Комиссияның қорытындылары, ұсыныстары мен шешімдері ұйым басшысы (не оның орындағы адам) бекіткен хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 159
159. Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған сол кезеңнің бухгалтерлік есебінде және қаржылық есептілігінде көрсетіледі.
Басқа 1
Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына қосымша Нысан