Қолданыстағы ред. 29.06.2000

Облыстық тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы от 29.06.2000 г. № 0 (Облыстық тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы)

0

Облыстық тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы
Облыстың коммуналдық шаруашылық, Көлік және коммуникациялар департаментінің бастығы М.Ш. Әлиновтың баяндамасын тыңдап және талқылап, облыстық Мәслихат облыстың ауыл тұрғындардың жартысынан асқаны, әсіресе сол жағалаудағы аймақтың, әрекеттегі стандарттарға сәйкес етпейтін сапасыз суды пайдаланады. Жекеленген қыр даладағы елді мекендерге үнемі су жетпеуде. Ақсу, Екібастұз, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май аудандарында басқа жергілікті су көздерінен әкелінетін, нормаларға сәйкес етпейтін сумен пайдаланады.
Аудандарда жергілікті билік органдары тұрғындарды сумен қамтамасыз етудің жай-күйіне тиісті көңіл бөлмейді, халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін су құбыры жүйесі мен су көздері объектілерін жөндеуге жеткілікті қаржы бөлінбейді.
Су шаруашылық ұйымдарды таратылып кетті, су мәселелерімен айналысатын құрылымдар жойылған. Су ресурстары үшін түсетін төлемдер сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін жұмсалмайды. Павлодар, Екібастұз және Қалқаман мен Майқайын жұмыскерлер кенттерде сумен қамтамасыз ету проблемалары өсуде.
«Ертіс - Қарағанды» арнасындағы 40 пайызға дейін көптеген су шығындары су тарифінің өсуіне себеп болады.
Ертіс өзеніндегі және «Ертіс-Қарағанды» каналындағы судың сапасы барлық көрсеткіштер бойынша нашарлануда және ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Қытайдағы Қара Ертістің су ағымының бөлігін алған кезде және Шульба су қоймасы аяқталмағанына, экологиялық гидроторабының қажеттілігіне байланысты Ертіс өзенінің сан және сапасы тәртібінің нашарлануы күтілуде.
Бұның барлығы тұрғындардың денсаулық жағдайының күрделенуіне келтірді. Оның алғашқы себебі сапасыз су болып табылады. Бұндай жағдайдың нәтижесінде аймақта әлеуметтік шиеленістер күшеюде, ауыл тұрғындары көшіп жатыр, азық-түлік өнімдердің өндірісі төмендетілуде.
«Қазақстан-2030» стратегиясының ережелеріне сәйкес облыстың тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған нақты шараларды іске асыру және Ертіс бассейнінде мүмкін болатын су дағдарысын болдырмау мақсатында облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейінің нашарлығы күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді деп саналсын.

2

2. 2001 - 2003 жылдарға арналған облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін жақсартуды қарастыратын «Ауыз су» бағдарламасының әзірлену орынды деп саналсын және ол кезекті сессияға бекітілуге ұсынылатын болсын.

3

3. Коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникациялар департаменті (Әлинов М.Ш) «Павлодарводхоз» РМК, облыстық санитарлық-эпидемиялық станциясымен, су шаруашылық, құрылыс - жобалық бірлестіктерімен және «Ұлы Ертіс» қауымдастығымен бірлесе екі апта мерзімінде «Ауыз су» облыстық бағдарламаның әзірленуін тездету, аудандар шегінде орындау мерзімі мен орындаушыларды көрсетіп, облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартудың техникалық-экономикалық дәлелдемесін, сондай-ақ ағымдағы жылы үш ауылдық аудандар үшін сумен қамтамасыз етудің блок – жүйелер құрылысының тәжірибелік сын жобаларын жасау жөніндегі іс-қимыл жоспарын ұсынатын болсын.

4

4. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау облыстық Мәслихатының табиғатты пайдалану және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.