Об утверждении расположения специальных стационарных помещений для распространения религиозной литературы и иных информационных материалов религиозного содержания, предметов религиозного назначения Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. К. Сүлейменге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
2012 жылғы 11 қыркүйектегі №166 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы № Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы 1 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 49, «Оптима» кітап дүкені 2 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 153 үй, 66 үй-жай, «Книги» кітап дүкені 3 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 150 үй, 100 үй-жай, «Книжник» кітап дүкені 4 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 105 үй, 13 үй-жай 5 Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі 13, «Жарсуат» сауда үйі 6 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 104 м, «Muslimstore07» дүкені 7 Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Д.Қонаев көшесі 64, «Жарқын» сауда орталығы 24 бутик. 8 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Д.Нурпеисова көшесі 12/2, «На театральной» сауда үйі №3 бутик