Об организации и проведении весеннего тура сплошной дератизации на территории г. Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының аумағында егеуқұйрықтарды тұтас жоюдың көктемгi кезеңiн ұйымдастыру және өткiзу туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен.
Алматы қаласының аумағында сұр егеуқұйрықтардың көптеп қоныстануына және олардың адамға қауiптi жұқпалы ауруларды (иерсиниоз, пастереллез, листириоз, сальмонеллез және т.б.) тарату қаупiн туғызуына және аталған аурулардың тұрғындар арасында таралуының алдын-алу мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағында егеуқұйрықтарды тұтас жоюдың көктемгi кезеңiн өткiзу қызметтерiн сатып алу N 1 қосымшаға сәйкес 2000 жылғы 10 сәуiрден 10 мамырға дейiн өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Кемiргiштердiң санын азайту жөнiндегi алдын-алу шараларын өткiзудiң тапсырыс берушiсi болып қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы (В.А. Меркер) белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжiбаев) қалалық СЭБ-ның 2000 жылға арналған шығындар сметасының есебiнен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасына 8000000 (сегiз миллион) теңге бөлсiн.
Тармақ 4
4. Егеуқұйрықтарды тұтас жою жұмысының орындаушысы конкурстық негiзде анықталсын.
Тармақ 5
5. Егеуқұйрықтарды тұтас жою жұмысын жүзеге асыраушыны анықтау мақсатында ашық конкурс ұйымдастыру және өткiзу Алматы қаласы Әкiмi аппаратының жанындағы конкурстық комиссияға жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Алматы қаласындағы аудандардың әкiмдерiне кемiргiштер ашық мекендейтiн орындарды дәрiлеудiң көктемгi кезеңiнде көшелердi, тұрғын үй секторларын, тағам өндiретiн кәсiпорындар мен мекемелердiң, коммуналдық нысандардың, базарлардың жертөлелiк және қоймалық жайлардың аумақтарын санитарлық тазалау шараларын сонымен бiрге бiр мезгiлде өткiзiп, ретсiз қоқыс үйiндiлерiн тасып әкету мiндеттелсiн және ретсiз қоқыс үйiндiлерiнiң пайда болуына жол бермесiн.
Тармақ 7
7. Меншiк түрлерiне қарамастан ұйымдардың мекемелердiң және кәсiпорындардың басшылары ведомстволық бағыныстағы нысандарда егеуқұйрықтарды жою шараларын қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасымен келiсiлген бiрыңғай мерзiмде ұйымдастырылуын және өткiзiлуiн қамтамасыз етiп, оларды тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiрсiн және үй-жайлардың егеуқұйрықтардан қорғалуын жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. "Аэропорт-Алматы" АҚ-ның басқармасы (А.А. Криничанский), Алматыметроқұрылыс" БАҚ (М.Т. Өкшекбаев), көлiктегi Орталық СЭС (М.К. Мұқанов) және Алматы қалалық Ветеринария комитетi (Алдабергенов) ведомстволық кәсiпорындар, мекемелер бойынша егеуқұйрықтарды жою жұмыстарын белгiленген мерзiмдерде өткiзудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы (В.А. Меркер) егеуқұйрықтарды тұтас жою кезеңiн ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етiп, атқарылған жұмыс туралы есептi ұсынсын.
Тармақ 10
10. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау әкiмнiң орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсiн.
Басқа 11
Алматы қаласы әкімінің
2000 жылғы 14 наурыздағы
N 246 шешіміне N 1 қосымша
Сатып алынатын қызметтердің тізімі
---------------------------------------------------------------------------
N !Тапсырыс !Қызметтің!Қызметтің !Өлшем !Өлшем !Қызмет !Қызмет
!берушінің!аталуы !қысқаша !бірлігі!бірлігінің !көрсетудің!көрсету
!аталуы ! !сипаттамасы! !саны !мерзімі !базисі
! ! ! ! !(қажетті- ! !
! ! ! ! !лік көлемі)! !
---------------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 ! 6 ! 7 ! 8
---------------------------------------------------------------------------
Алматы Алматы Нұсқаулық Гектар 14400 оның Тапсырыс Карта-
қалалық қаласының нормаларға (га) ішінде 9700 беруші схемаға
санитарлық шекарасы сәйкес га ашық және сәйкес
эпидемио- көлемінде Алматы жерлерде, жұмыстарды Алматы
логиялық кеміргіш- қаласындағы 4700 га аз орындаушы қала-
басқармасы тер ме- ашық жерлер қабатты арасында сында-
кендейтін үшін дәрілерді тұрғын үй шарт ғы
ашық жер- дайындау және секторында жасалған кемір-
лерді дә- себу, кемір- соң 30 күн гіштер
рілеудің гіштердің ішінде мекен-
көктемгі кемінде 80%- дейтін
кезеңі тінің жойылуына ашық
қол жеткізу, жерлер
улы дәрілердің
адамдар және
жануарлар үшін,
кауіпсіздігін
қамтамасыз ету
---------------------------------------------------------------------------