О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған
Басқа 0
Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы
Евскерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімшілігінің 17.11.2003 N 5/683 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 20 сәуiрдегi "Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жүйесiн жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдардың аталған мiндеттердi орындау жолындағы қызметтерiн жақсы үйлестiру мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Әкiмiнiң жанынан Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылсын және оның жеке құрамы бекiтiлсiн (N1 қосымша);
Тармақ 2
2. Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша);
Тармақ 3
3. Кеңестiң жұмысшы органы Алматы қаласы Әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi болып белгiленсiн;
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды өзiме қалдырамын.
Басқа 5
Алматы қаласы әкiмiнiң
2000 жылғы 16 мамырдағы N 468
шешiмiне N 1 қосымша
Қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес
жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң
ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ
Кеңес төрағасы
Храпунов Виктор - Алматы қаласының әкiмi
Вячеславович
Кеңес хатшысы
Сатаев Жұманәлi
Құрманәлiұлы - Алматы қаласы әкiмi
аппараты
мемлекеттiк-құқықтық
бөлiмнiң меңгерушiсi
Кеңес мүшелерi:
Әлиев Рахат
Мұхтарұлы - Алматы қаласы мен Алматы
обысының ҰҚКД бастығы
Мерзадинов - Алматы қаласының прокуроры
Ерғали Серікбайұлы
Касымов - Алматы қалалық IIББ бастығы
Қалмұханбет
Нұрмұханбетұлы
Абдоллаев Сәкен - Алматы қалалық Әдiлет басқармасының
Жүсіпахметұлы бастығы
Басқа 6
Алматы қаласы әкiмiнiң
2000 жылғы 16 мамырдағы N 468
шешiмiне N 2 қосымша
Алматы қаласы әкімінің жанындағы қылмыскерлік және
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау 7. І. Жалпы ережелер
І. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Алматы қаласы әкімінің жанындағы ақыл-кеңес беру органы болып табылады және қылмыскерлік және жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 1.2
1.2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы Әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.
Тармақ 1.3
1.3. Кеңес құрамын Алматы қаласының әкімі анықтайды және бекітеді.
Тарау 11. ІІ. Кеңестің негізгі мақсаты
ІІ. Кеңестің негізгі мақсаты
Тармақ 2.1
2.1. Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) қаланың атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күресті ұйымдастыру салаларында құқық тәртібі мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету болып табылады;
Тармақша 2
2) қаладағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлік және жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі шаралар жоспарын қарау және бекіту;
Тармақша 3
3) ішкі істер қызметтері, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, салық және кеден қызметтері, Салық полициясы органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметінің аясын дамыта түседі;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарын, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы Әкімінің шешімдері мен өкімдерін, атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қылмыскерлік және жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі орындаушылық мүмкіншіліктерін зерттеу;
Тармақша 5
5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың қаладағы құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарына нұсқамалар әзірлеу.
Тарау 18. ІІІ. Кеңестің қызметі
ІІІ. Кеңестің қызметі
Тармақ 3.1
3.1. Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Кеңестің мәжілістерінде атқарушы, құқық қорғау органдарының қалада қылмыскерлік және жемқорлықпен күресті ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;
Тармақша 2
2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдарының қылмыскерлік және жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөніндегі басшыларының есебін тыңдау;
Тармақша 3
3) жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту жөнінде нұсқаулық даярлау;
Тармақша 4
4) Кеңеске жүктелген өзге міндеттерді орындау.
Тарау 24. ІV. Кеңестің өкілеттігі
ІV. Кеңестің өкілеттігі
Тармақ 4.1
4.1. Кеңес негізгі мақсаттарды жүзеге асыру және өз міндеттерін орындауда мынадай құқыққа ие болады:
Тармақша 1
1) атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;
Тармақша 2
2) қылмыскерлік және жемқорлықпен күресті ұйымдастыру жөнінде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзірлеу, құқық қорғау және өзге мемлекеттер органдарының қызметкерлерін Кеңестің мәжілісіне материалдарды әзірлеу үшін тарту.
Тарау v. V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
V. Кеңестің жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 5.1
5.1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс істейді. Оның мәжілісі ай сайын және қажеттігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 5.2
5.2. Кеңес мәжілісін Төраға немесе оның тапсырысымен Кеңестің бір мүшесі өткізеді. Оған Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысса ғана, құқылы болып есептеледі.
Тармақ 5.3
5.3. Кеңестің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсімделіп, оны Төраға бекітеді.