О наименовании составных частей города Костаная Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қостанай қаласының құрамды бөліктерін атау туралы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес және халықтың пікірін ескеріп, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қостанай қаласының құрамды бөліктеріне келесі атаулар берілсін: "Амангелді" тұрғын үй алабы; "Геофизик" тұрғын үй алабы; "Дружба" тұрғын үй алабы; "Қонай" тұрғын үй алабы; "Жылы жай" тұрғын үй алабы; "Ударник" тұрғын үй алабы.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.