О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Исламской Республикой Иран о выдаче Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы
2012 жылғы 29 сәуірде Тегеранда жасалған Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы шарт ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы ШАРТ
Бұдан әpi «Уағдаласушы Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы
қылмысқа қарсы күресте неғұрлым тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және eкi мемлекет арасындағы ұстап беру саласындағы қатынастарды реттеуге ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап. Ұстап беру міндеттемесі
1-бап. Ұстап беру міндеттемесі
Әрбір Уағдаласушы Тарап осы Шарттың ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшін іздеудегі және Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағындағы адамды ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар үшін Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыстық қудалау немесе үкімді орындау үшін ұстап беруге міндеттенеді.
Бап 2. 2-бап. Ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар
2-бап. Ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар
Тармақ 1
1. Осы Шарт мақсатында ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар болып сұрау салған кезде екі Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жазаланатын және оларды жасағаны үшін кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе одан ауыр жаза көзделетін қылмыстар танылады.
Тармақ 2
2. Егер ұстап беру туралы сұрау салу ұстап беруге әкеп соғатын кез келген қылмыс үшін Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың соты бас бостандығынан айыруға соттаған адамға қатысты болса, ұстап беру адамды кемінде 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе одан ауыр жазаға соттаса ғана мүмкін болады.
Тармақ 3
3. Жасалған әрекет осы баптың мақсатында екі Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес қылмыс болып табылатынын не табылмайтынын айқындау кезінде:
Тармақша 1
1) Уағдаласушы Тараптардың заңнамасы бойынша әрекеттердің және қылмыстардың бір санаттағы қылмыстарға жатқызылуы не жатқызылмауы немесе жасалған қылмыстың бірдей терминологиямен аталуы маңызды емес; және
Тармақша 2
2) ұстап беру сұратылып отырған адамның әрекеттері толықтай назарға алынады және егер Уағдаласушы Тараптардың заңнамасына сәйкес қылмыстың құрамдас элементтері айырмашылықтарының болуы маңызды емес.
Тармақ 4
4. Егер ұстап беру кеден, салық заңнамасын, валюталық реттеу саласындағы бұзушылықтармен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін сұратылса, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасында Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңнамасында көзделген дәл осындай салық немесе кеден нормаларының қамтылмауы себепті ұстап беруден бас тартылмайды.
Тармақ 5
5. Егер қылмыс Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан тысқары жерде жасалса, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасында дәл осындай жағдайларда оның аумағынан тысқары жерде жасалған қылмыстар үшін жазалау көзделсе ғана ұстап беру қанағаттандырылуға тиіс. Егер Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасында мұндай көзделмесе, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап беруді қанағаттандыруы мүмкін.
Тармақ 6
6. Егер ұстап беру туралы сұрау салу екі Уағдаласушы Тараптың заңнамасы бойынша әрқайсысы жазалануы тиіс, бірақ кейбіреулері осы баптың 1, 2-тармақтарында көрсетілген белгілерді қамтымайтын бірнеше қылмыстарға қатысты болса, ұстап беру жүзеге асырылуы мүмкін.
Бап 3. 3-бап. Ұстап беруден бас тарту
3-бап. Ұстап беруден бас тарту
Осы Шарттың шеңберінде ұстап беру мынадай жағдайларда жүргізілмейді:
Тармақ 1
1. Іздеудегі адам соған байланысты оны ұстап беру талап етіліп отырған қылмыс үшін Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында айыпталып отырған, сотталған немесе ақталып шыққан жағдайда.
Тармақ 2
2. Егер дәл сондай қылмыс Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалып, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасы бойынша ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда. Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңнамасы бойынша ескіру мерзімінің өтуін тоқтата тұрумен байланысты іс-әрекеттерді немесе мән-жайларды Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ескеруге тиіс және мұндай жағдайда Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап өз заңнамасынан ескіру мерзіміне қатысты жазбаша түрдегі үзінді жазбаларды ұсынуға тиіс.
Тармақ 3
3. Ұстап беру талап етіліп отырған адам Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың азаматы болған жағдайда.
Тармақ 4
4. Ұстап беруге сұрау салынған қылмыстың Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасы бойынша ішінара немесе толығымен оның аумағында жасалуы себепті тергеу жүргізіліп жатқан жағдайда.
Тармақ 5
5. Ерекше жағдайларда, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қылмыстың ауырлығын және Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың мүдделерін ескере отырып, іздеудегі адамның жеке жағдайларына байланысты ұстап беру адамгершілік қағидаттарына үйлеспейді деп есептеуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Оны жасағаны үшін ұстап беру сұратылып отырған қылмыс әскери қылмыс болып табылса, бірақ әдеттегі қылмыстық заңнама бойынша қылмыс болып есептелмейтін жағдайда.
Тармақ 7
7. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұстап беру туралы сұрау салу іздеудегі адамды нәсілдік, діни, жыныстық тиесілігіне қарай немесе саяси себептер бойынша айыптау немесе жазалау мақсатында ұсынылған немесе адам осы себептердің кез келгені бойынша сотталуы мүмкін деп болжауына негізді себептер болған жағдайда.
Тармақ 8
8. Егер Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап беру оның егемендігіне, ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе мінез-құлық нормаларына залал келтіруі мүмкін немесе конституциясына қайшы келеді деп санаса, ол бас тартудың себептерін көрсете отырып, сұрау салуды қабылдамауы мүмкін.
Бап 4. 4-бап. Өлім жазасы
4-бап. Өлім жазасы
Егер Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес ұстап берілуі сұратылған адам соған байланысты ұстап берілуі сұратылған қылмыс үшін өлім жазасына тартылуы мүмкін болса, ал Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың ұлттық заңнамасында мұндай қылмыс үшін өлім жазасы көзделмесе, егер Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың пікірі бойынша ұстап берілетін адамға өлім жазасы түріндегі жаза қолданылмайтынына жеткілікті куәландырулар бермесе, ұстап беруден бас тартылуы мүмкін.
Бап 5. 5-бап. Ұстап беруден бас тарту жағдайындағы қылмыстық қудалау
5-бап. Ұстап беруден бас тарту жағдайындағы қылмыстық қудалау
Егер ұстап беруден іздеудегі адамның азаматтығы негізінде ғана бас тартылса, Сұрауау салынатын Уағдаласушы Тарап Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сұрау салуы бойынша адамды қылмыстық қудалауға тиіс. Осы мақсатта Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптан тиісті құжаттар жіберуді сұрата алады.
Бап 6. 6-бап. Ұстап беруді кейінге қалдыру және уақытша ұстап беру
6-бап. Ұстап беруді кейінге қалдыру және уақытша ұстап беру
Тармақ 1
1. Егер ұстап берілуі сұратылған адам Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында басқа қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылса немесе жазасын өтеп жатса, онда ұстап беру іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін, жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін, ол жөнінде Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап хабардар етіледі.
Тармақ 2
2. Егер ұстап беруді кейінге қалдыру қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінің өтуіне әкеп соғуы мүмкін болса немесе қылмысты тергеу ісін едәуір қиындататын болса, онда Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сұрау салуы бойынша және өзінің заңнамасына сәйкес ұстап беру сұратылған адамды уақытша ұстап беруі мүмкін.
Тармақ 3
3. Уақытша ұстап берілген адам іс бойынша іс жүргізу аяқталғаннан кейін немесе уақытша ұстап берудің өзара келісілген мерзімі аяқталғаннан кейін Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа дереу қайтарылуға тиіс. Егер уақытша ұстап берудің мерзімін ұзарту үшін жеткілікті негіздер бар болса, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап сұрау салу бойынша мұндай мерзімді ұзарта алады.
Бап 7. 7-бап. Ұстап беру рәсімі және қажетті құжаттар
7-бап. Ұстап беру рәсімі және қажетті құжаттар
Тармақ 1
1. Ұстап беру мәселелері бойынша қатынастарды Уағдаласушы Тараптар өздерінің орталық органдары арқылы жүзеге асырады.
Осы баптың 1-тармағында айтылған орталық органдарға:
Қазақстан Республикасы үшін - Бас прокуратура;
Иран Ислам Республикасы үшін - Сот билігі жатады.
Орталық органдардың атаулары өзгерген жағдайда Уағдаласушы Тараптар ол туралы дипломатиялық арналар бойынша бір-біріне дереу хабарлайды.
Осы Шарттың мақсаты үшін Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары қатынастарды тікелей немесе дипломатиялық арналар бойынша жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Ұстап беру туралы сұрау салу мынадай мәліметтерді:
Тармақша а
а) іздеудегі адамның жеке басын сәйкестендіретін және мүмкіндігінше азаматтығы мен тұратын жерін анықтайтын мәліметтерді;
Тармақша b
b) істің нақты мән-жайларының сипаттамасын;
Тармақша с
с) соның негізінде әрекет қылмыс деп танылатын заң мәтінін және қылмыс үшін жаза белгілейтін заң мәтінін;
Тармақша d
d) қылмыстық қудалау немесе қылмыс үшін жазаны орындау уақытын шектеуге қатысты заң мәтінін;
Тармақша е
е) Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың судьясы не басқа құзыретті органдары шығарған қамауға алу немесе ұстау туралы қаулылардың көшірмелерін;
Тармақша f
f) қамауға алу немесе ұстау туралы қаулыға қатысы бар іздеудегі адамның жеке басын растайтын ақпаратты; және
Тармақша g
g) іздеудегі адамның соған байланысты ұстап берілуі сұратылып отырған қылмысты жасағанын көрсететін қылмыс құрамы мен айғақтардың бар екенін дәлелдейтін фактілердің баяндалуын қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Ұстап беру туралы сұрау салу сотталған адамға қатысты болған жағдайда сұрау салу мыналарды:
Тармақша а
а) Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың соты шығарған үкімнің көшірмесін;
Тармақша b
b) кінәлі деп танылған іздеудегі адамның жеке басын растайтын ақпаратты;
Тармақша с
с) үкімнің заңды күшіне енуін растайтын құжатты қамтуға тиіс.
Тармақ 4
4. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың тіліне немесе ағылшын тіліне аудармасын қоса алғанда, Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап барлық құжаттарды осы Шарттың талаптарына сәйкес куәландыруға және ұсынуға тиіс.
Тармақ 5
5. Егер құжатқа Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың соты немесе басқа өкілеттік берілген адамы қол қойса немесе куәландырса және Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың орталық органының ресми мөрімен бекітілсе, ол осы Шарттың мақсатында куәландырылған болып есептеледі.
Бап 8. 8-бап. Қосымша ақпарат
8-бап. Қосымша ақпарат
Тармақ 1
1. Егер Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы сұрау салуда ұсынылған ақпаратты осы Шартқа сәйкес ұстап беруді қанағаттандыру үшін жеткіліксіз деп есептесе, ол келісілген уақыт кезеңі ішінде қосымша ақпаратты сұратуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Егер ұстап беру сұратылған адам қамауда болса және ұсынылған қосымша ақпарат осы Шартқа сәйкес жеткіліксіз болса немесе келісілген уақыт кезеңі ішінде алынбаса, адам қамаудан босатылуы мүмкін. Мұндай босату Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа ұстап беру туралы жаңа сұрау салуға кедергі болмауы тиіс.
Тармақ 3
3. Егер адам осы баптың 2-тармағына сәйкес қамаудан босатылса, Сұраусалынатын Уағдаласушы Тарап ол жөнінде Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа уақтылы хабар беруге тиіс.
Бап 9. 9-бап. Экстрадициялық қамау
9-бап. Экстрадициялық қамау
Тармақ 1
1. Кезек күттірмейтін жағдайларда, Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы сұрау салу жіберілгенге дейін іздеудегі адамға қатысты экстрадициялық қамауды қолдану жөнінде сұрау салуы мүмкін. Экстрадициялық қамау туралы сұрау салу дипломатиялық арналар арқылы немесе осы Шарттың 7-бабында айтылған орталық органдар арқылы тікелей жолдануы мүмкін.
Тармақ 2
2. Экстрадициялық қамау туралы сұрау салу жазбаша түрде ресімделеді және мыналарды:
Тармақша а
а) іздеудегі адамның азаматтығы туралы ақпаратты қоса алғанда, оның сәйкестендіру деректерін, сипаттамасын;
Тармақша b
b) егер белгілі болса, іздеудегі адамның тұратын жерін;
Тармақша с
с) істің мән-жайының қысқаша баяндалуын, қылмыс жасалған уақыт пен жерді;
Тармақша d
d) соның негізінде әрекет қылмыс деп танылатын заң мәтінін;
Тармақша е
е) қамауға алу немесе ұстау туралы қаулылардың немесе заңды күшіне енген сот үкімінің болуын растауды;
Тармақша f
f) іздеудегі адамды ұстап беру туралы сұрау салудың ұсынылатындығына кепілдікті қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Осындай сұрау салуды алғаннан кейін Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап іздеудегі адамды қамауға алу үшін қажетті шараларды қолдануға және нәтижелері туралы Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа шұғыл түрде хабарлауға тиіс.
Тармақ 4
4. Егер Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап осы Шарттың 7-бабында көрсетілген тиісті құжаттарды қамауға алған күннен бастап отыз күн ішінде бере алмаса және егер мұндай босату кейіннен алынған іздеудегі адамды ұстап беру туралы сұрау салуды қарауға кедергі келтірмесе, қамауға алынған адам босатылуы мүмкін.
Бап 10. 10-бап. Оңайлатылған ұстап беру
10-бап. Оңайлатылған ұстап беру
Егер іздеудегі адам өзінің ұстап беруге келісетіндігі жөнінде Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың сотын немесе басқа құзыретті органдарын хабардар етсе, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап өз заңнамасына сәйкес ұстап беру рәсімдерін жеделдету үшін барлық қажетті шараларды қолдануға тиіс.
Бап 11. 11-бап. Қайта ұстап беру
11-бап. Қайта ұстап беру
Егер ұстап берілген адам Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында соған байланысты өзі ұстап берілген қылмыс үшін жауапкершіліктен түпкілікті босатылғанға дейін екінші Уағдаласушы Тараптың аумағына қайтып оралса, онда ол Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сұрау салуының негізінде қайта ұстап берілуі мүмкін. Мұндай жағдайларда осы Шарттың 7-бабында көзделген құжаттарды беру талап етілмейді.
Бап 12. 12-бап. Бәсекелес сұрау салулар
12-бап. Бәсекелес сұрау салулар
Тармақ 1
1. Егер бір адамды ұстап беру туралы сұрау салулар екі немесе одан да көп мемлекеттен алынса, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап адамның қай мемлекетке ұстап берілетінін айқындап, өз шешімі туралы сол мемлекетті, сондай-ақ басқа Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты хабардар етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Адамның қай мемлекетке ұстап берілуге тиіс екендігін айқындау кезінде Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап мыналарды:
Тармақша а
а) іздеудегі адамның азаматтығы мен тұрғылықты жерін;
Тармақша b
b) сұрау салулар халықаралық шартқа сәйкес жасалған-жасалмағанын;
Тармақша с
с) қылмыс жасалған уақыт пен жерді;
Тармақша d
d) сұрау салушы мемлекеттердің мүдделерін;
Тармақша е
е) жасалған қылмыстардың ауырлығын;
Тармақша f
f) құрбан болған адамның азаматтығын;
Тармақша g
g) сұрау салушы мемлекеттер арасындағы одан әрі ұстап беру мүмкіндігін;
Тармақша h
h) сұрау салуларды ұсыну күнін қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, барлық факторларды ескеруге тиіс.
Бап 13. 13-бап. Адамды беру
13-бап. Адамды беру
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы сұрау салуға қатысты шешім қабылданысымен, ол жөнінде Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлауға міндетті. Бұл ретте, Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы сұрау салуды қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тартудың себептері туралы хабардар етілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап іздеудегі адамды Сұраусалынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында екі Уағдаласушы Тарапқа да қолайлы жерде Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдарына беруге тиіс.
Тармақ 3
3. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап адамды Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап белгілейтін уақыт кезеңі ішінде Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағынан әкетуге тиіс және егер адам осы уақыт кезеңінде әкетілмесе, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап адамды қамаудан босатуы және осы қылмыс бойынша ұстап беруден бас тартуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Егер ерекше мән-жайлар Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа ұстап берілген адамды әкетуге кедергі келтірсе, ол жөнінде екінші Уағдаласушы Тарап хабардар етіледі және мұндай жағдайда осы баптың 3-тармағының талаптары қолданылмайды. Уағдаласушы Тараптар осы бапқа сәйкес адамды берудің жаңа датасы туралы өзара уағдаласуға тиіс.
Бап 14. 14-бап. Меншікті беру
14-бап. Меншікті беру
Тармақ 1
1. Ұстап беру туралы сұрау салу қанағаттандырылған жағдайда Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасына сәйкес және үшінші тұлғалардың құқықтары ескеріле отырып, Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында табылған, ұстап берілген адам қылмыстың салдарынан иеленген немесе заттай айғақтар ретінде талап етілуі мүмкін барлық меншік Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сұрау салуы бойынша берілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Жоғарыда айтылған меншік, егер ұстап беру іздеудегі адамның өліміне, жоғалып кетуіне немесе қашып кетуіне байланысты қанағаттандырыла алмаса да, Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың сұрау салуы бойынша соған берілуге тиіс.
Тармақ 3
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген меншікті Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қылмыстық істі тергеу үшін талап етсе, ол оны беруді қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін уақытша кейінге қалдыра алады.
Тармақ 4
4. Егер Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңнамасы немесе үшінші тараптардың құқықтары осыны талап етсе, кез келген берілген меншік Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа оның сұрау салуы бойынша тегін қайтарылуға тиіс.
Бап 15. 15-бап. Арнайы қағида
15-бап. Арнайы қағида
Тармақ 1
1. Осы Шартқа сәйкес ұстап берілген адам мыналарды:
Тармақша а
а) сол бойынша ұстап беру қанағаттандырылған немесе солар бойынша ұстап беру қанағаттандырылған нақ сол фактілерге негізделген басқаша аталатын қылмыс бойынша қылмысты;
Тармақша b
b) адам ұстап берілгеннен кейін жасалған қылмысты, немесе
Тармақша с
с) сол бойынша Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап берілген адамды ұстауға, айыптауға немесе соттауға келісім берген қылмысты қоспағанда, Сұрау салушы Уағдаласушы Тарапта ұсталмайды, айыпталмайды немесе сотталмайды.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағын іске асыру мақсатында:
Тармақша а
а) Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап осы Шарттың 7-бабында көрсетілген құжаттар мен дәлелдемелердің берілуін талап ете алады;
Тармақша b
b) осы Шарттың мақсатында Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қажет болған кезде дәлелдемелердің осы Шарттың 7-бабында көзделген тәртіппен ұсынылуын сұрата алады;
Тармақша с
с) ұстап берілген адамның қылмыс жасағанын құқықтық растау Сұраусалынатын Уағдаласушы Тарапқа ұсынылуға тиіс; және
Тармақша d
d) Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап ұстап берілген адамды Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап сұрау салуды қарастырып жатқан кезде қисынды уақыт кезеңіне дейін ұстауы мүмкін.
Тармақ 3
3. Осы Шартқа сәйкес ұстап берілген адам Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың келісімінсіз, оны ұстап бергенге дейін жасаған қылмыс үшін үшінші мемлекетке ұстап берілмейді.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1 және 2-тармақтары, егер:
Тармақша а
а) адам ұстап берілгеннен кейін Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетіп қалса және оған өз еркімен қайтып оралса; немесе
Тармақша b
b) адам Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан еркін кетіп қалуына мүмкіндігі болған күннен бастап 45 күн ішінде одан кетпесе, ұстап берілген адамды ұстауға, айыптауға және соттауға немесе бұл адамды үшінші мемлекетке ұстап беруге кедергі келтірмейді.
Бап 16. 16-бап. Нәтижелер туралы хабарламалар
16-бап. Нәтижелер туралы хабарламалар
Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап ұстап берілген адамға қатысты қылмыстық істі тергеудің немесе үкімді орындаудың нәтижелері туралы не адамды үшінші мемлекетке беру туралы Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа уақтылы хабардар етуге міндетті.
Бап 17. 17-бап. Транзит
17-бап. Транзит
Тармақ 1
1. Заңнамамен рұқсат етілген дәрежеде, үшінші мемлекет бір Уағдаласушы Тарапқа ұстап берген адамды екінші Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы тасымалдауға дипломатиялық арналар арқылы не Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары арқылы тікелей берілген жазбаша сұрау салу бойынша рұқсат етілуге тиіс.
Сұрау салуда азаматтығы туралы деректерді қоса алғанда, транзиттік тасымалдауға жататын адамның деректері, сондай-ақ істің мән-жайының қысқаша сипаттамасы қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары транзиттік тасымалдаудың бағытын және басқа да шарттарын келіседі.
Тармақ 3
3. Егер транзит транзиттеу мемлекетінің аумағына уақытша қонбай әуе көлігімен жүзеге асырылса, оған рұқсат талап етілмейді. Егер Уағдаласушы Тараптардың бірінің аумағында жоспарланбаған қону орын алса, ол осы баптың 1-тармағында көзделген транзиттеу туралы сұрау салуды жіберуді талап ете алады. Өтініш жоспарланбаған қонудан кейін тоқсан алты сағат ішінде келіп түскен жағдайда, транзиттеу мемлекеті тасымалданатын адамды ұстайды және тасымалдау қайта жаңғыртылғанға дейін оны қамауда ұстайды.
Бап 18. 18-бап. Шығыстар
18-бап. Шығыстар
Тармақ 1
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы сұрау салуға байланысты туындаған, өзінің заңдық құзырындағы кез келген рәсімдер бойынша шығыстарды көтереді.
Тармақ 2
2. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап ұстап берілуі талап етілген адамды ұстаумен және тұтқындаумен немесе меншікті тәркілеумен және берумен байланысты өз аумағында келтірілген шығыстарды көтереді.
Тармақ 3
3. Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап транзиттеу бойынша шығыстарды қоса алғанда, адамды Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағынан тасымалдау шығыстарын көтереді.
Бап 19. 19-бап. Консультациялар
19-бап. Консультациялар
Тармақ 1
1. Кез келген Уағдаласушы Тараптың сұрау салуы бойынша Тараптар осы Шартты түсіндіруге қатысты консультациялар жүргізе алады.
Тармақ 2
2. Екі Уағдаласушы Тараптың құзыретті органдары нақты сұрау салуларды шешуге, сондай-ақ осы Шартты ілгерілету мен жетілдіруге байланысты бір-бірімен тікелей кеңесе алады.
Тармақ 3
3. Осы Шарттың ережелерін іске асыру барысында туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктерді Уағдаласушы Тараптар консультациялар мен келіссөздер өткізу арқылы шешеді.
Бап 20. 20-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
20-бап. Өзгерістер мен толықтырулар
Осы Шартқа Уағдаласушы Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жекелеген хаттамалармен ресімделеді. Өзгерістер мен толықтырулар осы Шарттың 21-бабының 1-тармағына сәйкес күшіне енеді.
Бап 21. 21-бап. Шарттың күшіне енуі және қолданылуын тоқтату
21-бап. Шарттың күшіне енуі және қолданылуын тоқтату
Тармақ 1
1. Осы Шарт ратификациялауға жатады және Уағдаласушы Тараптар оны ратификациялау туралы соңғы жазбаша хабарламасын алған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 2
2. Осы Шарт ол күшіне енген күнге дейін де, одан кейін де жасалған қылмыстарға қатысты қолданылады.
Тармақ 3
3. Кез келген Уағдаласушы Тарап осы Шарттың қолданылуын дипломатиялық арналар арқылы екінші Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарлама жіберу жолымен кез келген уақытта тоқтата алады. Шарт осындай хабарлама алынған күннен бастап 6 ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН, Уағдаласушы Тараптардың өкілетті өкілдері осы Шартқа қол қойды.
2012 жылғы 29 сәуірде Тегеран қаласында әрқайсысы қазақ, парсы және ағылшын тілдерінде, екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Осы Шарттың мәтінін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасы үшін Иран Ислам Республикасы үшін
Бас Прокурор Әділет министрі
Асхат Дауылбаев Сейдмуртаза БАҚТИЯРИ
2012 жылғы 29 сәуірде Тегеран қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы ұстап беру туралы Шарттың бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық
департаментінің
Басқарма бастығы
Д.Есентаев