О присвоении наименования улице без названия в селе Шымыр Карабулакского поселкового округа Ескельдинского района Қолданыста
Басқа 0
Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Шымыр ауылындағы атаусыз көшеге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармағына сәйкес және Ескелді аудандық қоғамдық ономастика комиссия келісімі сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қарабұлақ кенттік округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарабұлақ кенттік округіне қарасты Шымыр ауылының солтүстік-батыс жағында орналасқан атаусыз көшеге "Кемеращы" аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Қарабұлақ кенттік округі әкімінің орынбасары Аян Бауыржанұлы Рысбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.