Об оказании социальной помощи Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 16 шілдедегі № 31 "Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарын айқындау туралы" шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Келесі санаттағы азаматтарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
Тармақша 3
3) Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
Тармақша 4
4) жалғызбасты мүгедектерге;
Тармақша 5
5) кәмелет жасқа толмаған тұл жетімдерге;
Тармақша 6
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
Тармақша 7
7) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы зейнеткерлерге;
Тармақша 8
8) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз азаматтарға;
Тармақша 9
9) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын аз қамтылған отбасыларындағы "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінде тұрған жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оларды жерлейтін тұлғаларға.
Тармақ 2
2. Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (О. Қайрекешева) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Арстановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Махамбет аудандық "Жайық Шұғыласы"
газетінің бас редакторы, аудандық
мәслихат депутаты Ерғалиев Н.Т.
2012 жылғы22 қазан
Басқа 15
Аудандық әкімдігінің
2012 жылғы 22 қазан
№ 388 қаулысына қосымша
Ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия құрамы
Арстанов Серік
Қайырболатұлы
- Махамбет ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Қайрекешева Орынша
Мақсотқызы
- "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасының орынбасары;
Қартжанова Алмажай
Байқуатқызы
- "Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Ерғалиев Нұрым
Тельманұлы
- Махамбет аудандық "Жайық Шұғыласы" газетінің бас
редакторы, аудандық мәслихат депутаты (келісім
бойынша);
Қабдолова Ажар
Серіккалиқызы
- "Махамбет аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы;
Құлмағамбетов Ерсайын Нұрымұлы
- "Махамбет аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы;