О составе комиссии по вопросам кредитования субъектов малого предпринимательства Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 05.01.2005 № 1 шешімімен. Облыстық мәслихаттың 1 шақырылған 21 сессиясының 8 желтоқсан 1998 жылғы «1998-2000 жылдарға арналған Ақмола облысындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекіту туралы», 24 қараша 1999 жылғы 2 шақырылған 1 сессиясының № 6-1/11 «2000 жылғы облыстық бюджет туралы» шешімдерін және Қазақстан Республикасының 19 маусым 1997 жылғы № 131-1 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңын жүзеге асыру мақсаттарында:
Тармақ 1
1. Тапсырылған бизнес-жобаларды қарап қортындылар жасау үшін төмендегі құрамда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын: Әділбеков Дәурен Зекенұлы - облыс әкімінің орынбасары, төрағасы. Савицкий Дмитрий Емельянович - облыстық қаржы басқармасының бастығы, төрағасының орынбасары. Әміржанов Асқар Сұлтанбекұлы - кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі басқармасының бастығы, хатшысы. Жақыпов Талғат Алпысбайұлы - облмәслихаттың депутаты, «Голден-Грейн» ЖШС-нің директоры (келісімі бойынша). Мырзалин Жолдасхан Қазыбекұлы - облыс әкімі аппаратының экономиканы реформалау және қаржы бөлімінің менгеруші. Оспанов Бақыт Нұрқұлұлы - «ТұранӘлемБанк» ААҚ Көкшетаудағы филиалының директоры. Тәңірқұлов Сәкен Қасенұлы - Ақмола облысы кәсіпкерлер Ассоцияциясының төрағасы (келісімі бойынша).
Тармақ 2
2. Облысстық бюджеттің шағын кәсіпкерлікті несиелендіруге арналған қаржысын қолдану шарттары мен тәртібі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мөселелері жөнінде комиссия мүшелері бөлінген бюджеттік қаржының уақытында және толық қолданалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 2.08.99 ж. № 243 «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының құрамы туралы» шешімінің күші жойылсын.
Басқа 5
Облыс әкімінің 6 маусым 2000 ж. № 507 шешіміне қосымша 2000 жылы Ақмола облысының шағын кәсіпкерлеріне несие беру үшін облыстық бюджеттің қаржысын қолдану шарттары мен тәртібі.
Тарау 1. 1. Жалпы шарттары.
1. Жалпы шарттары.
Тармақ 1
1. Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін 2000 жылғы облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңға сәйкес шағын кәсіпкерлікті несиелендіруге ғана арналады. Облыстық бюджеттің қаржысы ең алдымен басым бағыттарды несиелендіруге бөлінеді.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несиеу беруді жүзеге асыру үшін облыстық қаржы басқармасы, облыстық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқарма, «ТұранӘлемБанк» ААҚ-ның Көкшетаудағы филиалы араларында Ақмола облысындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру (қайтарылу негізінде) туралы Келісім-шарт жасалады.
Тармақ 3
3. Облыстық бюджеттің қаржысы 18 айдан кейін, қосымша қаржыландыру соммасына байланысты 6 пайыздан 11 пайызға дейінгі мөлшерде, банк шартымен, несие алушының өзіне ғана беріледі. Бір несие алушыға облыстық бюджеттен берілетін несие 1,0 млн. теңгеден аспауға тиісті. «ТұранӘлемБанк» ААҚ-ның филиалы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын өз қаржысы есебінен, берілетін сомманың 10 пайызынан 50 пайызы денгейінде қосымша қаржыландыруды жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Несие қайтару тәртібін банк белгілейді.
Тармақ 5
5. Жоғарыда айтылған Келісім-шартты жүзеге асыру үшін банк басшылығы шағын кәсіпкерлікті несиелендіру туралы Ереже бекітеді.
Тарау 2. 2. Жобаларды қабылдау, қарау және бекіту тәртібі.
2. Жобаларды қабылдау, қарау және бекіту тәртібі.
Тармақ 1
1. Несие алғысы келетіндер аудандар мен қалалардың шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссиясына өтініштері мен бизнес-жоспарларын тапсырады.
Тармақ 2
2. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру туралы шешім қабылданған жағдайда, комиссия өз шешіміне кепілдікті қамтамасыз ететін, құқықтық қатынастарын растайтын құжаттарын қосып кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасына тапсырады.
Тармақ 3
3. Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту басқармасы алған құжаттар пакетін кепілдікке қойылатын мүліктерін қарап бағалау үшін банктін несиелік бөліміне тапсырады.
Тармақ 4. Несие алушының – шағын кәсіпкерлік субъектісінің (ШКС) облыстық бюджеттен несие алуы кезіндегі құжаттары мен ақшалай қаржылары қозғалысының КЕСТЕСІ
4. Банк оң шешімін шығарса, құжаттар пакеті шағын кәсіпкерлік қолдау үшін облыстық бюджеттің қаржысын пайдалану жөнінде басқармасына қайтарылады. Комиссия құжаттар пакетін бекіту кезінде: - комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмесі облыстық қаржы басқармасына жіберіледі. Ол бюджеттік қаржыны кейін банкке аудару үшін, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқармасына бюджеттік қаржыны аударуға негіз болады; - комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмесі салынған құжаттар пакеті банкке де жіберіледі. Ол кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі басқармасынан аударылған қаржыны 5 күнің ішінде несие алушыға беруге негіз болады. (Несие алушының - шағын кәсіпкерлік субъектісінің құжаттарымен ақшалай қаржыларының қозғалыс кестесі қосымша қосылады). Несие алушының – шағын кәсіпкерлік субъектісінің (ШКС) облыстық бюджеттен несие алуы кезіндегі құжаттары мен ақшалай қаржылары қозғалысының КЕСТЕСІ