О Программе создания городской информационно-поисковой системы "Местонахождение документов по личному составу учреждений, предприятий и организаций г. Алматы" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы қаласындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жеке құрам жөніндегі құжаттарының сақталу орындары" атты қалалық ақпараттық-іздеу жүйесін құру бағдарламасы туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен. 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі туралы" Жарлығын , Қазақстан Республикасындағы "Еңбек туралы" Заңның 8-бабын, азаматтардың өткенге шолу жасайтын ақпаратқа құқын қамтамасыз ету және Алматы қаласы әкімінің 1998 жылғы 2 маусымдағы N 599 шешімін жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімі шешті:
Тармақ 1
1. "Алматы қаласындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың жеке құрам жөніндегі құжаттарының сақталу орындары" атты қалалық ақпараттық іздеу жүйесін құру бағдарламасын бекіту. (N 1 қосымша)
Тармақ 2
2. Меншік түрлеріне қарамастан Алматы қаласындағы мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың мұрағаттарына, бағдарламаға қажетті ақпараттарды жинау мақсатында, 2000 жылдың мамыр айы мен 2001 жылдың маусым айы аралығында байқау өткізілсін (N 2 қосымша). Байқауды өткізу жұмысы Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Алматы қаласындағы Статистика басқармасы (Пак А.Д.) Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұрағатқа аудандардағы шаруашылық субъектілерінің тізімін берсін.
Тармақ 4
4. Аудандардың әкімдеріне: - Мұрағаттар байқауын өткізуде белсенділік көрсетілсін. - Ведомстволарға қарасты құрылымдарда уақытында байқау өткізу қамтамасыз етілсін. Меншік түрлеріне қарамастан мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдардың басшыларына: - Қалалық мұрағат қызметкерлеріне қажетті ақпараттарды беру және мұрағаттарға еркін кіруге мүмкіндік туғызылсын.
Тармақ 5
5. Қалалық қаржы басқармасына (Тәжібаев К.К.) 2000 жылғы бағдарламаны құруды қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында қалалық мұрағатқа, қалалық бюджетте бос қалған қаржы есебінен 216,0 мың теңге бөлінсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімдердің орындалуына бақылау жасау аппарат басшысы М.Т. Баяндаровқа жүктелсін.
Басқа 7
Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 454 шешіміне N 1 қосымша "Алматы қаласындағы мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың жеке құрамы бойынша құжаттардың орналасуы" БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарламаның мақсаты мен міндеті Азаматтардың өтініштерін орындау Алматы қаласының мемлекеттік архиві мен аудандық архивтердің негізгі міндеті болып табылады. Қолданыстағы заңға сәйкес, архив өтініштерді уақытылы және сапалы орындап немесе өтініш иесіне тиісті ақпарат алатын мекен-жайды атайды. Соңғы жылдары бұрынғы жұмыс істеген мекемелер, кәсіпорындар және ұйымдар қайта құрылып немесе тараған болатын. Осыған байланысты құжаттарды сақтауға қазіргі уақытта ешкім жауап бермейді. Ведомстволық архивтердегі мұндай жағдай азаматтардың ақпарат алуындағы құқығына нұқсан келтіреді. "Жеке құрам бойынша" ақпараттық іздестіру жүйесі мыналарға жол ашады: - азаматтардың еңбек қызметі туралы және еңбек жалақысының мөлшерінің көлемі зейнетақы қорына аударымдар жайлы ақпарат алу құқығына; - Азаматтардың өтінішін орындауды жеңілдетуге; - ведомстволық сақтаудағы жеке құрамның құжатының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; - қала архивтерін компьютерлендіруге жәрдемдеседі. Жүйені пайдалану: Ақпараттық-іздестіру жүйесі жалпы қалалық болады. Құжаттардың орналасуы туралы мәліметтермен мемлекеттік архивтердің, әлеуметтік қамсыздандыру қызметінің, прокуратурасының, соттың, ІІМ-нің қаланың барлық кадр қызметінің қызметкерлері пайдалана алады. Бағдарламаны орындаушылар: Алматы қаласының орталық мемлекеттік архиві, Әуезов, Жетісу, Бостандық, Медеу аудандарының архивтері. Бағдарламаны орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:
Тармақ 1
1. Ақпаратты жинау. Ақпаратты жинау үшін, Алматы қаласындағы мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың архивтерін де түгендеу өткізілу көзделуде. Түгендеу Ережеге сәйкес өткізіледі (N 2 қосымша). Түгендеу мерзімі: 2000 мамыр - 2000 маусым. Түгендеуді өткізу кестесі --------------------------------------------------------- NN ! Қала аудандары ! Мерзімі ! Жауаптылар --------------------------------------------------------- 1. Әуезов ауданы мамыр Әуезов аудандық архиві қыркүйек Қалалық архив 2000 жыл 2. Бостандық ауданы шілде- Бостандық аудандық желтоқсан архиві 2000 жыл Қалалық архив 3. Жетісу ауданы мамыр- Жетісу аудандық қыркүйек архиві 2000 жыл Қалалық архив 4. Медеу ауданы шілде- Медеу аудандық архиві желтоқсан 2000 жыл Қалалық архив 5. Алмалы ауданы қаңтар- Бостандық, Әуезов маусым аудандық архивтері 2001 жыл Қалалық архив 6. Түрксіб ауданы қаңтар- Жетісу, Медеу аудандық маусым архивтері 2001 жыл Қалалық архив ---------------------------------------------------------
Тармақ 2
2. Бағдарламаны даярлау. "Алматы қаласындағы мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың жеке құрамы бойынша құжаттардың орналасуы" Орындау мерзімі - шілде, желтоқсан 2000 жыл.
Тармақ 3
3. Бас компьютерлерді алғызу, бағдарламаны орналастыру, мәліметтерді енгізу. Орындау мерзімі 2002 жыл.
Тармақ 4
4. Төрт аудандық архивтерге компьютерлер алғызу, оларды орнату, қосу. Орындау мерзімі 2003-2006 жылдар.
Тармақ 5
5. Мекемелердің, кәсіпорындардың таралуы, қайта ұйымдасуына байланысты жеке құрамның құжаты жайлы қосымша мәліметтер жинау. Өзгерістерді енгізу. Орындау мерзімі - 2002 жыл және бұдан әрі тұрақты. Алматы қаласындағы мекемелердің, ұйымдардың және кәсіпорындардың жеке құрамы бойынша құжаттардың орналасу қалалық ақпараттық-іздестіру жүйесін құру шығынының ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ --------------------------------------------------------- NN ! Шығындар түрі ! Саны ! Бағасы ! Сомасы р/с! ! ! ! --------------------------------------------------------- 1 ! 2 ! 3 ! 4 ! 5 --------------------------------------------------------- 2000 жыл 1. Карточкаларды әзірлеу 20,0 дана 4-00 т 80,0 т. 2. Жол шығыны 8 адам.х. 1,700 т. 136,00 Жиынтығы: 216,0т.т. 2001 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 3. Жол шығыны 8 адам 6 айға 1,700 т. 81,600 4. Компьютер 1 140.0 т. бағдарламасы Жиынтығы: 221,6т.т. 2002 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 5. Компьютерді алғызу 1 200,0 т. 6. Қондыру бағдарламасы, 20,0 т. қызмет көрсету 7. Жол шығыны 1 адам 1,700 т. 20,4 т. 12 айға. Жиынтығы: 240,4т.т. 2003 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 8. Әуезов аудандық архивіне компьютер алғызу 1 150.0 т. 150,0 т. 9. бағдарламасы, 20,0 т. қызмет көрсету 10.Бағдарламаны қосу, бағдарламаны қондыру, модемдік байланыс 30,0 т. 11.жол шығыны 1 адам 1,700 т. 20,400 т. 12 айға айына Жиынтығы: 220,4т.т. 2004 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 12.Жетісу аудандық архивіне компьютер алғызу 1 150.0 т. 150,0 т. 13.бағдарламасы, қызмет көрсету 20,0 т. 14.Бағдарламаны қосу, бағдарламаны қондыру, модемдік байланыс 30,0 т. 15.жол шығыны 1 адам 1,700 т. 20,400 т. 12 айға айына Жиынтығы: 220,4т.т. 2005 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 16.Бостандық аудандық архивіне компьютер алғызу 1 150.0 т. 150,0 т. 17.бағдарламасы, қызмет көрсету 20,0 т. 18.Бағдарламаны қосу, бағдарламаны қондыру, модемдік байланыс 30,0 т. 19.жол шығыны 1 адам 1,700 т. 20,400 т. 12 айға айына Жиынтығы: 220,4т.т. 2006 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 20.Медеу аудандық архивіне компьютер алғызу 150.0 т. 150,0 т. 21.бағдарламасы, қызмет көрсету 20,0 т. 22.Бағдарламаны қосу, бағдарламаны қондыру, модемдік байланыс 30,0 т. 23.жол шығыны 1 адам 1,700 т. 20,400 т. 12 айға айына Жиынтығы: 220,4т.т. 2007 жыл (Қаржыландыру көзі-қызмет көрсету есебінен) 24.Бағдарламаны қолдау және қызмет көрсету, өзгерістер енгізу 50,0 т. ---------------------------------------------------------
Басқа 13
Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 454 шешіміне N 2 қосымша "Мұрағаттардың байқауы және Алматы қаласындағы мекемелердiң, ұйымдардың және кәсiпорындардың ведомстволық мұрағаттарындағы адамдар құрамы жөнiндегi құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету туралы" Ереже Адамдар құрамы жөнiндегi құжаттар-бұйрықтар, жалақы төлеу жөнiндегi жеке есептер, жеке iстер, жеке карточкалар, яғни қызметкерлердiң еңбек стажы туралы құжаттар. Олардағы ақпараттар еңбек кiтапшаларындағы жазбаларды қалпына келтiру, зейнетақыларды және басқа да мемлекеттiк жәрдемақыларды есептеп жазу, Алматы қаласындағы жұмыс iстегенiн, тұрғанын дәлелдеу үшiн қажет. Осы құжаттардың сақталуы - Алматы қаласы тұрғындарының конституциялық құқықтарының кепiлi болып танылады. Байқаудың мақсаттары Ведомстволық мұрағаттарындағы адамдар құрамы жөнiндегi құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету байқауы мына мақсаттарда өткiзiледi:
Тармақ 1
1. Қала мекемелерi, кәсiпорындары және ұйымдарындағы адамдар құрамы туралы құжаттардың орналасқан жерi жөнiндегi деректердi жинау және олардың негiзiнде ақпараттық-iздестiру жүйесiн құру.
Тармақ 2
2. Алматы қаласындағы мекемелер, ұйымдар және кәсiпорындардағы адамдар құрамы туралы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау.
Тармақ 3
3. Таратылған мекемелер, кәсiпорындар және ұйымдардағы адамдар құрамы туралы иесiз құжаттарды анықтау. Байқауға қатысушылар ҰҚК, IIМ, СIМ мекемелерiнен, мемлекеттiк мұрағаттардан басқа меншiк түрлерiне және бағыныстылығына қарамастан Алматы қаласындағы мекемелер, ведомстволық мұрағаттардан басқа меншiк түрлерiне және бағыныстылығына қарамастан Алматы қаласындағы мекемелер, кәсiпорындар және ұйымдардың барлық ведомстволық мұрағаттары байқаудың қатысушылары болып табылады. Байқауды өткiзудiң тәртiбi және мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Байқау Алматы қалалық ОММ және олардың аудандық мұрағаттары арқылы өткiзiледi.
Тармақ 2
2. Байқау бекiтiлген кестеге сәйкес, қаланың аудандары бойынша бiр жарым жыл iшiнде өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Әрбiр аудан бойынша байқауды өткiзудiң жоспары Алматы қалалық ОММ немесе аудандық мұрағат арқылы әзiрленедi және аудан әкiмiнiң тиiстi шешiмiмен бекiтiледi.
Тармақ 4
4. Алматы қаласындағы меншiк түрлерiне және бағыныстылығына қарамастан мекемелер, кәсiпорындар және ұйымдардың бiрiншi басшылары байқауды өткiзуге жәрдемдеседi, қалалық мұрағат қызметкерлерiне қажеттi ақпаратты бередi және олардың мұрағаттарға кiруiне мүмкiндiк бередi.
Тармақ 5
5. Ведомстволық мұрағатты зерттеу мемлекеттiк мұрағаттың қызметкерлерi арқылы, тексерiлiп отырған мекеме, ұйым, кәсiпорынның iс қағаздарының жүргiзiлуi мұрағаты үшiн жауап беретiн адаммен бiрлесе отырып, жүргiзiледi. Сақтаудың шарттары, бұйрықтардың жұмысын ұйымдастыру туралы басқа да құжаттардың, НСА-ның болуы ескерiледi.
Тармақ 6
6. Зерттеудiң нәтижелерi мекеме, ұйым, кәсiпорын бiрiншi басшысының қолы қойылатын арнаулы карточкада тiркеледi (N 3 қосымшаны қараңыз).
Тармақ 7
7. Әрбiр аудан бойынша байқаудың барысында әзiрленген карточка тексеру үшiн және "Алматы қаласындағы мекемелер, ұйымдар және кәсiпорындардың адамдар құрамы туралы құжаттардың орналасқан жерi" ақпараттық iздестiру жүйесiне енгiзу үшiн Алматы қалалық ОММ-на тапсырылады.
Тармақ 8
8. Алматы қалалық ОММ жарты-жылдықта бiр рет байқаудың өткiзiлуі барысы туралы Алматы қаласының әкiмiне есеп бередi.
Тармақ 9
9. Қажет болған жағдайда байқауды өткiзуге ҚР ОММ-ның және Алматы облыстық ОММ-ның қызметкерлерi олардың келiсiмi бойынша жәрдем көрсете алады. Байқауға қатысушылардың жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Меншiк түрлерiне қарамастан мекемелер, кәсiпорындар және ұйымдардың бiрiншi басшыларына адамдар құрамы туралы құжаттардың сақталуы үшiн жауапкершiлiк жүктеледi және олар құжаттардың басқа мекен-жайға көшiрiлгенi жөнiнде Алматы қалалық ОММ-на хабарлауға мiндеттенедi. (Алматы қалалық ОММ-ның тел: 28-33-11)
Тармақ 2
2. Иесiз құжаттар анықталған жағдайда олардың сақталуын қамтамасыз ету жауапкершiлiгi байқау кезiнде әлгi құжаттар анықталған мекеменiң, кәсiпорынның, ұйымның бiрiншi басшысына жүктеледi. Байқаудың қорытындылары
Тармақ 1
1. Байқаудың қорытындылары байқау қала бойынша аяқталған соң шығарылады.
Тармақ 2
2. Алматы қалалық ОММ әрбiр аудан бойынша қорытынды анықтамалар дайындайды. Бұйрықпен комиссия құрылады. Комиссия бiр таңдаулы ауданды, және әрбiр ауданнан 3 үздiк ұйымды анықтайды.
Тармақ 3
3. Байқаудың қорытындысы бойынша Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмi қабылданады. Қорытынды баспасөзде жарияланады.
Басқа 31. Қосымша мәлiметтер
Алматы қаласы әкімінің 2000 жылғы 12 мамырдағы N 454 шешіміне N 3 қосымша Қосымша мәлiметтер Басқа орындардағы құжаттардың орналасқан жері туралы мәліметтер Мұрағатқа тапсырылған құжат туралы мәліметтер Бұрынғы ұйым туралы мәліметтер Тарату кезінде мекеме құрамына енген мұрагер ұйымының құрамы туралы мәліметтер Ведомстволық бағыныстағы және басқа да құрылымдардың адамдар құрамы туралы мәлiметтердiң бар екенi жөнiндегi деректер _________________________________________________ _________________________________________________ қор ұстаушының аталуы _________________________________________________ Мекен-жайы және телефоны Адамдар құрамы жөнiндегi құжаттардағы мәлiметтермен таныстым. Құжаттар басқа мекен-жайға орналастырылған жағдайда Алматы қалалық ОММ-на мына телефондар бойынша хабарлауға мiндеттенемiз: 28-33-11, 21-49-60 _____________ Басшының қолы